Тақырыбы: «Елдің экономикалық – географиялық жағдайы»



Дата14.05.2020
өлшемі9,35 Kb.
#68076
Байланысты:
Ботагөз 14.05


8 сынып оқушысы: Нұритдин Ботагөз
Тақырыбы: «Елдің экономикалық – географиялық жағдайы»
Мерзімі: 14.05.2020 жыл.

№1 тапсырма.

«Елдің экономикалық – географиялық жағдайы» атты тақырыпта шағын әңгімелеу.
Мысалы, оқушы әлемдегі бір елді таңдау арқылы, сол елдің экономикалық –
географиялық жағдайын жазады.

АҚШ геоэкономикалық жағдайы

Халқы және елдері.

Қазіргі кезде Солтүстік Америка халқының саны 450млн-ға жетті. Материктің байырғы халқы монғол нәсіліне жататын үндістер мен эскимостар құрайды. Бұл халықтар Азиядан Солтүстік Америкаға шамамен осыдан 25-40 мыңдай жыл бұрын материкті Еуразиямен жалғастырып тұрған Беринг құрлығы арқылы қоныс аударған.

“Америка үндістері ” деген атаудың өзі Х.Колумбтың тарихи қатесімен байланысты пайда болды. Материктің солтүстігін мекендеген үндіс тайпалары(алгонкин, ирокез, атабаска, делавэр және т.б) еуропалықтар келместен бұрын аң және балық аулаумен , жабайы жемістерді терумен айналысып, күнелткен.Ал Оңтүстік Мексикада мекендеген үндістердің ацтек, майя тайпалары маис (жүгері), картоп, қызанақ өсірумен айналысқан. Оларда қолөнер мен егіншілік өте жақсы дамыған. Еуропалықтар келгенге дейін бұл тайпалар Юкатан түбегі мен қазіргі Мексика жерінде жоғары дәрежеде дамыған мемлекеттер құрған.
Географиялық жағдайы

АҚШ – Батыс шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада: Солтүстікте Канадамен, Оңтүстікте Мексикамен шектеседі. Батысында Тынық мұқитымен, Шығысында Атлант мұхитымен шайылады.Оның 50 штатпен ел астанасы Вашингтон қаласы орналасқан федералдық Колумбия округінен федерациялық республика. 48 штат шоғырлана орналасқан. Ал Аляска мен Гавай негізгі аумақтан бөлек орналасқан.

Мемлекеттік құрылымы

Мемлекеттік құрылымы - АҚШ федерациялық конституциялық ел. Мемлекет басшысы Президент. Президент бас әскери қолбасшысы. Ол заң жобасын жою құқығына ие болады. АҚШ үкіметі 3 – тармаққа бөлінеді:

1. Заң шығарушы

2. Атқарушы



3. Сот

АҚШ - та 2 бас партия бар:



1. Демократиялық партия - 1824 жылы құрылған.

2. Республикалық партия - 1854 жылы құрылған

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет