Тақырыбы: Электрлік машиналардын өлшемдері Пәні: Электрлік машиналар және трансформатор Дайындаған оқытушы: ахбаев д



бет2/2
Дата22.08.2017
өлшемі1,02 Mb.
#24686
түріСабақ
1   2

Жаңа сабақ

Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады.



Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.
1- жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.

Бір секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірдей мөлшердегі еркін заряд тасушылар өтсе, өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, өткізгіштердегі ток күшінің шамасы I бірдей болады. Алайда өткізгіштің ұштарындағы U1 және U2 кернеулері әр түрлі. Тізбектің әрбір бөлігіне Ом заңын қолданамыз. Демек, U = IR .

U1 = IR1; U2 = IR2 ; U = U1 + U2 екенін ескере отырып:

U = IR1 + IR2 = I * ( R1+ R2) аламыз.

Егер R арқылы өткізгіштердің жалпы кедергісін белгілесек, онда

R = R1 + R2.

Тізбектей жалғанған бірнеше өткізгіштен тұратын тізбектің кедергісі жеке өткізгіштер кедергілерінің қосындысына тең.

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: I = I1 = I2 = … = In;

U = U1 + U2 + … + Un;

R = R1 + R2 + … + Rn .



2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.

Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.

Тізбекті параллель жалғағанда, екі параллель арнаға тармақталған су ағыны тәрізді, ток өткізгіштер бойымен тармақталады.

I1 және I2 тармақталған ток күштерінің қосындысы тармақталмаған бөлігіндегі I токтың шамасына тең, яғни I = I1 + I2.

Ом заңының негізінде бірінші өткізгіштің ұшындағы кернеу:
U1 = I1 + R1, ал екінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: U2 = I2 + R2 болады.

U1 және U2 бір-біріне тең, себебі, олар А және В бір ғана нүктелердің (түйіндердің) арасындағы кернеу болып табылады, осыдан U1 = U2 = U екендігі шығады.

Жоғарыдағыны ескеріп және жалпы кедергіні R

арқылы белгілей отырып, I1 = U / R1 , I2 = U / R2

формулаларын аламыз.

Бұл формулалардың оң және сол жақ бөліктерін қосамыз, сонда

I1 + I2 = U / R1 + U / R2 немесе I = U / R1 + U / R2 .

Демек, U / R = U / R1 + U / R2 немесе 1 / R = 1 / R1 + 1 / R2 .

Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады. U = U1 = U2 = … = Un;

I = I1 = I2 + … + In ;

1 / R = 1 / R1 + 1 / R2 .

Денгейлік тапсырма

1. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1 = 36 Oм өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1 = 9 B . Кедергісі R2 = 64 Oм болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін анықтаңдар.



Берілгені:





Табу керек: R3 - ?

I1 = I2 = I3 = I

U1 = I*R, I = U1/R1 = U/36 = 0.26A

U2 = I*R2 = 0.25*64 = 1.6B

R3 = U3/I = 120/0.25 = 480(Oм)

Жауабы: 16 В, 480 Ом


2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі өткізгіш арқылы ток өтеді.

ток өткендегі өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.
Берілгені: R1 = 44 Ом U1 = U2 = U

I1 = 5 А U1 = I1*R1 = 5*44 = 220(B)

I2 = 0.8 А R2 = U/I2 = 220/0.8 = 275(Ом)

Табу керек: R2 = ? Жауабы: 275 Ом


3. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?

Берілгені: R1 = 20 Ом I1=I2=I R1=R2=R U=I1 (R1+R2)

R2 = 30 Ом I1=U/R1+R2=24/20+30=24/50=0.48A

R2 = 30 Ом

U = 24 B U=I*R U1=U2=U I1+I2=I 1/R=1/R1+1/R2 Табу керек Im - ? In - ? I1=U/R1=24/20=1.2A I2=U/R2=24/30=0.8A

I=I1+I=1.2+0.8=2A

Жауабы: 0,48 А; 2 А.


Балама тесті (иә, жоқ)

  1. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы кедергі деп атайды.

  2. Ток күшін өлшейтін құралды вольтметр деп атайды.

  3. Электр тогының қуаты деп уақыт бірлігіндегі жасалған жұмысты айтады.

  4. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы кернеу деп аталады.

Шамалар


Физикалық шамалар

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Ток күші

I

A

Кернеу

U

B

Кедергі

R

Ом

Меншікті кедергі

ρ

Ом/м

Формулалар

Шамалардың арасындағы байланыс


Формуласы


Өлшем бірлігі


Ом заңы


U = I*R

B

Өткізгіштің кедергісі және оның өлшем бірліктері


R = U/I

Ом

Электр қозғаушы күш


Е = I*R + r

B


Сабақты бекіту және қорыту:


  1. Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге?

Жауабы: аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.

2. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады. Осыны түсіндіріңдер.

Жауабы: Қант сындырғанда зарядталады.

3. Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары кернеуді қосқанда ұшып кетеді?

Жауабы: Электростатикалық өрістен құс қауырсындары өзара әсерлесіп аралары ашыла бастайды. Осы қолайсыз әсер құстың ұшуына себеп болады.

4. Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді?



Жауабы: Құстың денесі мен оның аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара параллель. Мұндай тізбектегі ток күші кедергіге кері пропорционал құс денесінің кедергісі АВ өткізгіш кедергісінен анағұрлым артық болатын, ондағы ток күші аз. Ол құсқа қауіпті.





Үй тапсырмасы:

§41.


20 жаттығу.

№4 - №6 есептер.
Каталог: uploads -> doc -> 1119
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1119 -> Сабақ Тақырыбы: «Кальций және қосылыстары»
1119 -> Тақырыбы: Паразит саңырауқұлақтар
1119 -> Сабақтың тақырыбы: Әлемнің Әуезовы II. Сабақтың білімдік аспектісі : Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет