Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» Мақсаты



Дата06.04.2020
өлшемі25,09 Kb.
#61711
Байланысты:
1 желтоксан сценарийі2019
Жеңіл өнеркәсіп, Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.

1 – жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! 

2 – жүргізуші: Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы. Қазақстан Парламентінің Сенаты. 1 желтоқсан күнін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні деп атауға шешім қабылдады. «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.

1 – жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды. Тұңғыш Президенттің жетістікттері халқы тарапынан үлкен құрмет пен сенім тудырады.

2.Жүргізуші:

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын.

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым сен қашанда тұғырдасың!

Егемен Қазақстанның туына қарап сап түзеңіздер!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілсін!

1 – жүргізуші:

 Естілгенде көк аспанның астында

Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран

Бар қазақтың үніндей боп шарықта

Бар қазақ боп мен өзіңе бас ұрам

Мектеп оқушылары ! Түзеліп, тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындауға дайын болыңыздар!



2 – жүргізуші: 

Ән мен күйді төгілтіп,


Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.

Хор: «Елім менің»

1 – жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтім, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін танытты десе де болады.

2-Жүргізуші: Бұлақсыз сусындаған сан мың бала,

Шырақсыз сәуленген ой мен сана.

Әдепті, абыройлы, жатық мінез

Әрі ұстаз, әрі басшы, әрі пана

Салтанатты жиынымыздың алғашқы сөзі мектеп директоры Жорабекова

Гулнар Молдақұлқызына беріледі.



1 – жүргізуші: 

Мың бұралған бишілерді

Қол соғып қарсы алайық!

«Томирис» бишілер тобының орындауында «Қамажай» биі.

2 – жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.

1-жүргізуші:

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,


Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
Келесі кезекте 10 «А» сынып оқушысы Қарынтаев Медеттің орындауында «Рухани жаңғыру» толғауын қабыл алыңыздар.

2 жүргізуші:

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім, Қазақстан-Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі дей келіп біздің алға қойған мақсатымыз өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Енді басты бақытымыз тәуелсіздікке арналған әдеби монтажға кезек берелік:

8 «А» сыныбының патриот оқушылары

1 – жүргізуші:

2 жүргізуші:

Бірақ ұшқыр қиялыммен жасымнан

Бар әлемнің биін билеп келемін,

Тынбай соққан даланың бір жүрегін,

Бетке алады тағдыры ортақ би елін,-демекші ендігі кезекті кішкентай мың бұралған бишілерге «Қазақ» биіне берсек.

1 – жүргізуші:

Құрманғазы, Тәттімбет

Домбырамен сайраған,

Жүректе от жансын деп,

Елге күйін арнаған.

Сіздерге 10-сынып оқушысы Қарынтаев Медет Балбырауын» күйін ұсынады.

2 жүргізуші:

 Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 


Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
№11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің оқушылары Егемен Қазақстан Туына қарап сап түзеңдер! Туды алып қайту рәсімі орындалсын!

1.Жүргізуші:

Еліміз бар, жеріміз бар,


Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты.
2- жүргізуші:

Ел тынысын тереңінен танып кең,


Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
1 жүргізуші:
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі
Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздіктің 28 жылдығы құтты болсын! «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!



1 жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2 жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

1 жүргізуші: Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2 жүргізуші: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

Г И М Н
2 жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!

Көк Ту - ән.
(Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.)
Мектеп оқушыларының монтажы

1 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз аудан әкім _____________________ беріледі.
2 жүргізуші: Келесі сөз кезегі аудандық «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының атынан беріледі.

Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне байланысты мерекелік салтанатты жиын жабық деп жарияланады.

Г И М Н
Көк Ту әні. Ту ұстаушылар шығып кетеді.
Марапаттау рәсімі
Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты ауданымыздың көркеюі мен экономикасының өсуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар марапатталады. Марапаттау үшін аудан әкімі __________________және аудандық мәслихаттың хатшысы_______________ортаға шақырамыз.

Концерттік бағдарлама
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!

Назарларыңызға аудан өнерпаздарының мерекелік концертін ұсынамыз.

Қадірлі көпшілік, Тұңғыш Президент күні мерекесінің салтанатын арттыру мақсатында облыс, республика жұртшылығына өнерімен танылған, талантты әнші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Анна Вундер өз қолдаушы өнерпаздарымен әсем әннен жинақталған концерттік бағдарламасын Сіздердің алқаңызға ұсынғалы келіп тұр, қабыл алыңыздар

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет