Таќырыбы: гемодинамиканыњ физикалыќ негіздері



бет3/5
Дата10.04.2022
өлшемі0,55 Mb.
#138660
1   2   3   4   5
Байланысты:
10. Гидродинамикалық заңдылықтар негізінде гемодинамиканың физикалық тұжырымдамалары. Биореология. Вискозиметр көмегімен сұйықтардың тұтқырлығын анықтау
Сырты7
1-ші фазақолқа қақпашаларының ашылып, жабылғанға дейінгі кезеңінде жүректен қанның қолқа қан тамырына ағу фазасы.

Жүректен шыққан қанның ірі қан тамырларына түсуі олардың қабырғасын созылғыштық қасиетіне қарай кеңейтеді және қанның бір бөлігі ірі тамырларда резервтіленеді, қалған бөлігі ұсақ қан тамырларына өтеді.

Осы фаза уақытында ірі қан тамырлар қабырғасы серпімділігінің нәтижесінде бастапқы күйіне қайта оралып, қанды микротүтіктерге ығыстырып шығарады. Осы уақытта сол жүрекшеден сол қарыншаға қан құйылады.
Систола кезінде (жүректің жиырылуы) қан сол қарыншадан қолқа тамырға және одан әрі ірі артерияларға шығарылады. Қарынша диастоласы кезінде (жүректің босаңсуы) аортаның қақпашалары жабылып, жүректен ірі қан тамырларына қарай қанның ағысы тоқталады.
Жүрек бұлшық еттері жиырылған кезде пульстік толқын деп аталатын толқын өтеді. Жүректің бір соғу фазасында қолқа және артерия тамырлар бойымен жоғары қысымда таралатын қан толқындары пульстік толқын деп аталады. Пульстік толқынның таралу жылдамдығы қанның және тамырдың қасиетіне тәуелді.

Физиологияда қан тамырларымен қанның қозғалысын физикадағы гидродинамиканың белгілі заңдарымен түсіндіреді. Бұл заңдар бойынша кез келген түтік арқылы ағып өтетін сұйықтың мөлшері Q қысымдар айырмасына тура пропорционал, гидродинамикалық кедергіге кері пропорционал. Сұйықтың ламинарлы ағысы кезінде үздіксіздік теңдеуі орындалады: сұйық ағып өтетін бөліктің көлденең қимасының ауданының сұйықтың жылдамдығына көбейтіндісі тұрақты шама.

1-сурет
= const.
Қан тамыралары арқылы қан ағысының физикалық заңдылықтарын қарастырғанда, қан тамырлар жүйесінің кез-келген жеріндегі қанның көлемдік жылдамдығы тұрақты шама:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет