Тақырыбы: «Гериатриялық пациенттердің өзін-өзі сезіну динамикасын бақылау» АҚпарат блогы шағын дәріс: Жоспар


Жас ұлғаюға байланысты теріде болатын өзгерістер



бет6/51
Дата25.01.2022
өлшемі73,42 Kb.
#114354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
8 інші
Абдешова А библ шолу, 3.09 5т, 000714f5-e5323946
Жас ұлғаюға байланысты теріде болатын өзгерістер

Табиғи қартаю:



  • Мүйіз түзуші жасушалардың арасындағы байланыстың төмендеуі;

  • Эпидермис қалыңдығының шамалы азаюы немесе терінің қалыпты суретінің қалыңдауы;

  • Эккринді тері бездерінің санының азаюы;

  • Түкті фоликулалар санының азаюы;

  • Шаштың ағаруы;

  • Тырнақтың жұқаруы және майысуы;

  • Терідегі коллагендер құрамының азаюы (жыл сайын 1 % ке);

  • Терідегі эластикалық талшықтар санының азаюы;

  • Терідегі негізгі заттар санының азаюы;

  • Тері асты май көлемінің азаюы немесе көбеюі (дене бөлігіне байланысты);

Экзогенді қартаю (УКС дің әсерінен):

  • Керотиноциттердің пісіп жетілуі үрдісінің бұзылуы (ксероз);

  • Сепкілдер;

  • Сәуле лентигосы;

  • Тамшы тәрізді гипомеланоз;

  • Әжімдер;

  • Эластоз (терінің сарғаюы);

  • Телеангиэктазиялар;

  • Кәрілік пурпура;

  • Комедонның тамырлы дақтары;

Экзогенді қартаюға сыртқы факторлардың әсерінен болатын өзгерістер жатады. Ең маңызды факторға УКС-нің жиналуы түрінде байқалатын және күн сәулесінің әсерінен пайда болатын дерматогелиоз жатады. Терінің қар-таюына байланысты болатын көптеген өзгерістер (әжімдер, қатты сары тері, жұқа тері, гипопигментация және гиперпигментация, кәрілік лентиго [бауыр дақтары], телеангиэктазиялар, және сенильді [сәулелік] пурпура), күн сәуле-сінің әсерінен және солярии тәрізді ультра күлгіннің басқа түрінен дамитын екінші ретті өзгерістер болып табылады. Терінің қартаюын тездететін сыртқа факторларға темекі шегу және қоршаған ортаның әсері де жатуы мүмкін.

Егде жастағы адамдардың терісін микроскоппен қарағанда дерма мен эпидермистің шекарасының тегістелгені (қалыпты қатпар түрінің жойлуы) меланоциттер санының және Лангерганс жасушаларының азаюы байқалады. Дермада фибробластар, майлы жасушалар және қан тамырлар саны азаяды, шаштардың депигментациясы, атрофия көрінеді, тері бездерінің және коллаген, эластин , сонымен қатар негізгі заттардың саны қысқарады.

Бұл өзгерістер кәрілік пурпура ретінде қарастырылып (сәулелік пурпура, Бейтмен пурпурасы), жиі кездеседі. Көптеген зерттеулердің бірінің көрсет-кіштері бойынша 64 жастан асқан адамдар тобында бұндай өзгерістер пациенттердің 97% да табылған. Бұл өзгеріс көлемі 1-5 см болатын жан-жағы анық шектелген пурпулармен сипатталады. Бұл кезде тері атрофиясы және терінің иілгіштік қасиеті төмендейді. Пациенттер бұл зақымдалуды шамалы жарақат алғаннан кейін пайда болғанын айтады. Осы өзгерістер фиброблас-тардың айналасындағы қан тамырлардың ультра күлгін сәулесімен зақымда-луынан қалыпты қызметті

Эпидемиологиялық зерттеулер бойынша егде жастағы адамдарда ксероздың кездесу жиілігі 6%. Бұл аурудың ақыр соңы экономикаға әсерін тигізеді: веноздық жеткіліксіздіктен пайда болған ойылудың жалпы емі жылына 65 млн доллар құрайды.

Емі ең алдымен веноздық қысымды азайтуға бағытталу керек. Бұған қол жеткізу үшін аяқты денеден жоғары деңгейде ұстап, белсенді түрде физикалық жаттығулар жасап, арнайы тамырларды қысып тұратын шөлки киеді немесе хирургиялық килігулер жүргізіледі. Хирургиялық жолмен емдеу тәсілін таңдау зақымдалған аймақтың орналасуына байланысты, бұл тәсілде аяқтың тері асты көктамырлары алынып тасталады. Дерматитті (іркілген дерматит), белсенділігі шамалы және төмен кортикостреоидтармен емдейді. Егер екіншілік инфекция болса антибиотик тағайындайды. Осы әдістермен емделінетін венозды жаралардың бетін өңдеу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет