Тақырыбы: «Гериатриялық пациенттердің өзін-өзі сезіну динамикасын бақылау» АҚпарат блогы шағын дәріс: Жоспар


Тірек-қимыл жүйесіндегі өзгерістер



бет3/51
Дата25.01.2022
өлшемі73,42 Kb.
#114354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
8 інші
Абдешова А библ шолу, 3.09 5т, 000714f5-e5323946
Тірек-қимыл жүйесіндегі өзгерістер:

  • Бұлшықет талшықтары саны азаяды, оларда май және липофундин жиналады

  • Ақуыз тапшылығы және ұлпаларда минералды заттардың азаюы салдарынан остеопороз дамиды

  • Омыртқа жотасының көкірек бөлімінде кифоз және бел аймағында лордоз күшейеді

  • Буындарда, шеміршектерде,сіңірлерде кальциноз байқалады, буын қуысы кішірейеді,буынішілік сұйықтық азаяды

  • Омыртқааралық дисктерде остеохондроз дамиды


Терідегі өзгерістер:

  • Терінің қартаюы 20 жастан кейін басталады, 40 жастан соң күшейеді, 60-70 жаста айқын білінеді

  • Теріде әжімдер,қыртыстар байқалады

  • Шаш ағарады

  • Тері асты май қабаты жұқарады, пигмент дақтары пайда болады

  • Жұқарған тері астындағы қан тамырлары көрініп тұрады, май және тері бездерінің саны азаяды, тері құрғақ болады

  • Терінің қорғаныс қызметі төмендейді

жүзеге асыратын коллагеннің жойылуынан пайда болады деп саналады.

Егде жастағы адамдарды жиі кездесетін терінің қабыну аурулары қандай?



  • Ксероз (құрғақ тері)

  • Беткей микоздар

  • Контактты дерматиттер

  • Іркілген дерматит

  • Себореялы дерматит

  • Қызғылт безеулер

Ксероз (құрғақ тері, астеатоз) егде жастағы адамдарда кездесетін ең кең таралған дерматоз түрі ғана емес, сонымен қатар ол тері қышуының жиі кездесу себебі болып табылады. Егде жастағы адамдарда ксероз ауруының жоғарғы дәрежесі жұқа ақ қабыршықтармен сипатталатын, терінің кедір-бұдырлануын туғызатын жетілу үрдісінің бұзылуы және кератоноциттердің бірігуіне байланысты. Сонымен қатар эккринді бездер қызметінің төмендеуі және май бездері бөлетін липидтер санының азаюының маңызы да аз емес. Астеатозды («майсыз» деген мағынаны білдіреді) дұрыс термин деп санауға болмайды, себебі ол терінің құрғақтану себебін анықтамайды.

Ксероздың байқалуы қоршаған ортаның ылғалдылығы төмендегенде күшейеді, әсіресе құрғақ климатта және пеш жаққан үйде, сонымен қатар сабын сияқты тітіркендіргіштердің әсерінен. Ксероз ылғалдылық жоғарлаған-да (ылғалдандырғыш қолданғанда) және жұмсақ әсер ететін сабындарды ("Dove" немесе "Oil of Olay") қолданғанда басылады. Пациенттердің көп бөлігі құрамында тұз және сүт қышқылы бар жұмсартқыш заттармен емде-луге мұқтаж болады. Дегенмен олар өте қымбат және рецептпен беріледі. Жұмсартқыш заттардың әсері жуынғаннан кейін ылғалды теріге жаққанда жоғарлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет