Тақырыбы: Құқық әлемінде. Мақсаты



Дата27.08.2017
өлшемі57,94 Kb.
#29868
түріСабақ
Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының

Ғабиден Мұстафин атындағы№ 5 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімдері : Абешова А. М.

Теміртау қаласы 2014



Тақырыбы: Құқық әлемінде.

Мақсаты:

  • оқушының құқықтары туралы білімдерін толықтыру;

  • заң алдындағы жауапкершілікті арттыру;

  • ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу;

  • оқушылардың өз құқықтарын қорғай білуге үйрету.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, Туу туралы куәлік, интерактивті тақта, слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

- Балалар, бүгінгі күн қандай тамаша! Күн шығып, шуағын төккенде қуанасыңдар ма? Ендеше күнге сәлем берейік.

- Сәлем бердік, шуақты күн! (Қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарының ұшымен тұрып созылу)

-Сәлем бердік, ашық аспан! (қолдарын жаяды)

- Сәлем бердік, Жер Ана (тіземен отыру)

- Сәлем бердік, баршаңызға (иіліп сәлем беру)

Міне, күн де оянып , сендерге жылуын таратты.

-Олай болса, «Құқық әлемінде» атты сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі сайысқа 3 сынып оқушылары қатысып отыр.

Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

І бөлім – «Кім жылдам?»

ІІ бөлім –« Тест тапсырмалары»

ІІІ бөлім – «Жалғасын тап!»

ІV бөлім – «Ертегілер елінде»

V бөлім –«Үй тапсырмасы»




  • Енді сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар.

Қане, балалар, сайысты бастауға дайынбыз ба?



І бөлім: «Кім жылдам?» ( қойылған сұрақтарға оқушы жауап береді)
1) Біздің мемлекет – ҚР.
2) Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.
3) Мемлекеттік рәміздеріміз – гимн, ту, елтаңба.
4) Елордамыз – Астана.
5) ҚР кім басқарады? – Президент.

6) Құқық деген не?

-Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.

7)Құқық немен қорғалады?

-Заңмен қорғалады.

8) Мектепке 1-сыныпқа қай жастан келеді? (6-7 жастан)

9) Оқушылар неше тоқсан оқиды? (4) 10)«Конституция» деген сөз нені білдіреді? (Мемлекетіміздің Ата заңы) 11)Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді? (30 тамыз)

12) Адам дүниеге келгенде алғашқы құжаты қалай аталады? (Туу туралы куәлігі)

13)Күнделікті алған бағаңды мұғалім қайда қояды? (Күнделікке)

14) қай жасқа дейін азамат бала болып саналады?

(Бала құқықтары туралы заңда 18 жасқа дейінгі азаматтарды бала деп есептейді. (кәмелетке толмаған))

15) Біздің елімізде қандай құжатта адамдар құқығы туралы айтылған? (Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында).


ІІ бөлім «Тест» жұмысы (әр топқа таратып беру, жауабын белгілеу.
ІІІ бөлім «Жалғасын тап!» (мақал-мәтелдің жартысын тауып айту)

  1. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)

  2. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

  3. Ұрлық түбі ... (қорлық)

  4. Өтірікшінің құрығы ... (бір-ақ тұтам)

  5. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)

  6. Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)

  7. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)

  8. Еңбегі аздың ...(өнбегі аз.)

  9. Емнің алды ...(еңбек.)

  10. Жақсы жұмыс ...(жанға тыныс.)


ІV бөлім « Ертегілер елінде»

Енді, сендерге белгілі ертегілерді мысалға келтіре отырып, қандай құқықтардың бұзылғанын қарастыруға тырысамыз.



  1. «Бауырсақ» ертегісі /өмір сүруге құқылы, бірақ оны түлкі жеп қояды/.

  2. «Жын» ертегісі /жеке бас бостандығына/.

  3. «Тазша бала» ертегісі /сөз бостандығына/.

  4. «Ұр, тоқпақ» ертегісі /дүниемүлкіне/.

  5. «Кір, қоймас» ертегісі /денсаулыққа/.

Жарайсыңдар, тамаша!


V бөлім «Үй тапсырмасы» (дайындап келген көріністерін көрсету, қандай құқық екенін ажырату)

1-көрініс. Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады. -Ойыншығың әдемі екен кім алып берді? -Ата-анам. -Ата-анаң тағы не үйретті? -Үлкендерді сыйлауды. -Біз үлкенбіз бе? -Иә. -Онда аяқ-қолыңды көтеріп тұр. Сәби аяқ-қолын көтеріп тұрады. Оқушылар мазақ етіп кетіп қалады.

Сұрақ: -Қандай жағымсыз әдет көрдіңдер? Бұл заң бұзушылыққа жата ма? -Сәбиді ата-анасы дұрыс тәрбиелеген бе? (Оқушы пікірлерін тыңдау)

Түйінді ой: Сәбиді ата-анасы дұрыс тәрбиелепті. БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯның 18-бабында «балаларды тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті» делінген. Ал, 2-бабында «ешкімді азаптауға,оған зорлық- зомбылық жасауға, адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген.

2-көрініс. Үш оқушы келе жатыр. Олардың біреуі: -Бүгін демалыс қой, қалай демаламыз? Ішім пысты. Бірдеңе жасайықшы. Екіншісі: - Биік жанатын алау жасайықшы. Үшіншісі: -Таптым,таптым бәрің ауыздарынды ашып қаласыңдар, мына үлкен ағашқа от тигізсек үлкен алау болады. От тигізейік, - деп жүгіре жөнеледі. Қалған екі оқушы «мұндай қызығынның керегі жоқ» деп оны әрең тоқтатады.

Сұрақ: - Қандай жағымсыз әдеттер байқадыңдар? - Жақсы қасиеттер байқалды ма? -Бұл заң бұзушылыққа жатама? ( Оқушы пікірлерін тыңдау)

Түйінді ой: Балалар 31-бапты білгенімен, 38-бапты білмейді екен. 1. БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯның 31-бабында «Әркімнің тынығу құқұғы бар» делінген. 2. Ата Заңның 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға міндетті» делінген.
3-көрініс: Баласы көршісінің тауық қорасынан жұмыртқа ұрлап әкелді де, шешесіне жұмыртқа қуырып беруін сұрады. Анасы жұмыртқаны қуырып береді...

Сұрақ. Баланың ұры болып өсуіне кінәлі кім? Өзі ме, әлде анасы ма? (Оқушы пікірін тыңдау.)

Түйінді ой:Заң бұзған бала өзінің ар-намысын, тұлғалығын оятатын

және оны дамытатын лайықты ілтипат алуға құқылы. Мүмкіндігінше сот әрекеті мен түрмеден бойды аулақ ұстаған жөн.




  • Ендігі кезекті Әділ қазылар алқасына береміз. Жеңімпаз топты марапаттау. Осымен сайысымыз аяқталды.

  • Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқығы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз.

  • Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет