Тақырыбы: Инновациялық даму негізінде өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру (нақты өңір мысалында) Кіріспе Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеру мақсатында «асфальт-бетон зауытын»



бет5/6
Дата22.05.2022
өлшемі0,59 Mb.
#144662
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Проект Инновациялық даму негізінде өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
4 Дәріс, 1 ЕГЖ
Аймақтардың жалпы көрсеткіштері
Алынған мәліметтерге сүйене отырып, аймақтардың басым бөлігінің бәсекелестік деңгейі төмен екендігін және өндіру деңгейлерінің көрсеткіші бойынша жоғары нәтиже көрсетпегендігін атап айта аламыз. Инновациялық даму деңгейі бойынша көшбасшы - Алматы қаласы, орта деңгейде – Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облысы, ал қалған облыстардың жағдайы максималды көрсеткіштің (1,0) тек 0,2 ғана көрсетіп отыр.
Рейтинг бойынша жоғарғы көрсеткішке Алматы, Астана, Атырау облысы ие, бірақ Атырау облысы халықтың тұрмыс жағдайы бойынша соңғы орындардың бірінде. Кәсіпкерліктің орта деңгейі бойынша Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары.
Инновациялық индекстің даму көрсеткіші барлық аймақтарда (Алматы қаласын ескеремегенде) өте төмен, себебі инновациялық және ғылыми –техникалық әлеуетке көптеген аймақтарда көңілдің бөлінбеуінде деп айтылады. Мұндай жағдай тек аймақтық деңгейде ғана емес, Қазақстан ғылымының дамуы индустриалды дамыған елдермен салыстырмалы түрде принциптік сипатқа ие. Дамыған елдерде жыл сайынғы қаржылындыру фундаменталды және қолданбалы зерттеулерге, жеделдетілген жаңа жоболарды жеке сектормен байланыстыру және игеруге, барынша ғылыми корпоративтік сектордың қалыптасуына және дамуына көмек беру, ғылыми-техникалық әлеуетті өзекті экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге ұлғайтумен ерекшеленеді. ЕО өз мүшелеріне ЖІӨ-нің 2,5%-ын ғылымға бөлуді ұсынады. Қазақстанда соңғы бес жылда ғылымды қаржыландыру ЖІӨ-нің 0,2% алған, ал ол көрсеткіш жеткіліксіз.
Қазақстанда инновациялық экономиканы дамыту жиырма жылдан астам уақыт айтылып келеді.2008-2009 жылдардағы бүкіл әлемдік қаржылық дағдарыстан кейін, Президент негізгі міндетті үдемелі индустриялды инновациялық даму бағдарламасына берді.Бағдарлама қабылданғанына көп
уақыт болмаса да, белгілі уақытқа аймақтар бойынша рейтинг жасауға болады.
Рейтингті жасау методикасы қарапайым болып келеді, ол үшін 2010 жылдың әр аймақ бойынша инновациялық өнім көлемі мен 2009 жылғы көлемін салыстырамыз. Бұл біздің ойымызша, әр аймақтың инновациялық белсенділігін және сол сфераға қатысты тартылған инвестициялардың тиімділігін анықтайды.

Кесте-2 Аймақтардаңы инновациялық өнімнің өсу деңгейі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет