Тақырыбы: «Іздегенде табылатын қасыңнан »



бет7/7
Дата21.12.2021
өлшемі27,44 Kb.
#104672
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
іздегенде табылатын қасыңнан ашық тәрбие сағаты
критериалды бағалау, іздегенде табылатын қасыңнан ашық тәрбие сағаты, Логика 1, -56900751, Сиб 39-5 доклад, иммун ежед тесты, тесты иммун сабақ
IХ. Жүректен жүрекке:

Оқушылар шеңбер бойымен бір-біріне кезекпен достық тілектерін білдіреді.

-Досыңа адал бол!

-Татулық тілеймін!

-Досыңа кек сақтама!

-Кешірімді бол!

-Достық тілеймін!

Х. Қорытынды: «Досымның жүрегі» ойыны.

Жүрекшені жақын отырған көршісіне жақсы қасиетін айтып жүрегіне жапсыру арқылы сабақты қорытындылау.

Достық деген таусылмайтын қазына,

Көктемде де солып қалар гүл емес.

Қарамайды ол сыйдың көп пен азына

Нағыз достар тіпті сый да тілемес.

Қосымша:

Мақалды жалғастыр.

1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».

2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».

3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...».

4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы».

5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».

6. «Досы көппен ...,

Досы жоқпен ...».

7. «Досы ..., өзі де жақсы».

8. «.. басқа қарайды,

... аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...».

10. «Досың мың болса да - ...,

... біреу болса да - көп».

Жауаптары:

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады».

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».

6. «Досы көппен сыйлас,

Досы жоқпен сырлас».

7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық».

10. «Досың мың болса да - аз,

Дұшпаның біреу болса да - көп».



- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатында біз «Достық» аялдамасына тоқтай келе, бұл аялдамада «Достық – татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйрендік Олай болса, ашық тәрбие сағатымызды тәмамдадық, достарымыз көп болсын, тату-тәтті болайық!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет