Тәрбие сағаты 4А сынып Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан Мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі50,57 Kb.
#39372
Тәрбие сағаты 4А сынып

Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан

Мақсаты: Ел тәуелсіздігін танытқан мемлекет нышандарын, туған елге
деген сүйіспеншілігін, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге

білімді адам керектігін түсіндіру.



Қолданылатын көрнекі-құралдар: рәміздер, буклет, қанатты сөздер жазылған

плакаттар, суреттер, кітап көрмесі


Барысы:
Мұғалім: О, туған жер, кең пейіл құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш ағынмен,
Сағынышты қанат қып, саған қарай,
Балапандай талпынып ұшамын мен.

Сен тас та, қастерлі аспан да алау,


Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.
Менің мына өмірге құштарлығым,
Сені жақсы көруден басталған-ау.

Кешірме сен жаныңды жараласам,


Бар сырымды бүкпесіз саған ашам,
Мен ел кезіп кетермін отансыздай
Үмітіңді ақтауға жарамасам.
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын.
Қазақстан туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын Заңың құтты болсын қымбаттым
Туған күнің құтты болсын, Алыбым! – дегендей республика күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты әдеби музыкалық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Кіріспе сөз:
1991 жылдың желтоқсанында екі тарихи оқиға болып өтті. Біріншіден, аса қуатты мызғымас держава болып есептелетін КСРО мемлекеті бір-ақ сәтте таратылды. Екіншіден, одақтық бір мемлекеттің орнына 15 дербес республика пайда болды. Ескі мемлекеттік құрылыс бұзылып, жаңа типті мемлекет пен жаңа құқықтық жүйе қалыптаса бастады. Тәуелсіздік тәртіпсіз түрде емес, конституциялық актілер негізінде құқықтық жолмен орныға бастады. Осындай алғашқы акті 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация» болып табылады. Ал, 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР-ның конституциялық Заңы жарияланды. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз дербес мемлекет екендігін дүниежүзіне әйгілеген аса қасиетті құжат. Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай, өз бетінше өмір сүріп келеді.
1-оқушы: Көк аспанда тулардың
Желбірейтін күні – бұл
Құндақтағы сәбидің,
Қазақ болған күні – бұл

Жұпар шашқан гүлімнің,


Жаңа ашылған күні – бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні – бұл!

Алты алаштың баласы,


Қауымдасқан күні – бұл,
Бір-бірімен жарасып,
Бауырласқан күні – бұл!

Дүбірлетсін өңірді,


Дүбірлетсін дүлділі
Қазақ деген елімнің,
Құтты болсын бұл күні!
Мұғалім: 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны, музыкалық редакциясы заңдарына қол қойылды.
Әнұран орындалады
2-оқушы: Өзіңдікі – туың да,
От пен ауа суың да,
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
- Енді Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына назар аударайық. Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран, қыран тыныштықтың белгісі, береке, өмірдің бейнесі. Ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
3-оқушы: Елтаңбамен танылар жұртқа мәлім,
Қос шырақтай самғаған қазақ елім
Бірлігіңді көрсетіп шаңырағың,
Көркейе бер Қазақстан – байтақ елім!
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір көк түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарауықтар шаншылған. Оны аңыз-әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Жоғары, дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақстан деген жазуы бар. Авторы – Жандарбек Мәлімбекұлы, Шота Уалиханов.
Ән: Елтаңбасы елімнің
Мұғалім: Әр адам үшін өмірде қымбат екі нәрсе бар. Оның бірі – Ана да, екіншісі – Отан. Өйткені бұлар жайлы сөз қозғағанда елжіремейтін, еміренбейтін жүрек болмайды. Нәресте кезінен өмірдің ақырына дейін адамдар ардақты, абзал аналарын қадірлеп өтеді. Ал Отан деген қадірі мол, қасиетті сезім. Сондықтан біз Ана мен Отанды қосып «Отан Ана» дейміз.
4-оқушы: Әуелгі Отан ана, алды оттың басы,
Ауыл алды аунаған шөптің басы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
5-оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған атамекен,
Биік тау орман тоғай көлімізді.
6-оқушы: Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы,
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Ән: Отан
Мұғалім: Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға бағытталған жолдауында «Ел ертеңін ойлау қажет, халықты салауатты өмірге бағыттауымыз керек» деп тегін айтпаған. Өзінің болашағын ойлаған мемлекет бірінші кезекте балалардың қамын ойлайды. Білімді болып өсуіне жағдай жасайды. Білімді адамдар қор болмайды. 2030 – Барыс жылында қазіргі жас бүлдіршіндеріміз мынадай ел азаматтары болары сөзсәз.
Ғалым: Қазақ мемлекті әлемдегі дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алды. Жаңа технологиямен жарақталған кәсіпорырындар көбейді. «Өнер жастан шығады»,-дейді халық. Білімділік, даналық, тапқырлық адам бойында бірден пайда болмайды. Ол үшін көп оқу керек.
Мұғалім: 21 ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес. «Елдің өзегі - білік, кілті – тіл, қадір қасиеті – кісілік» деген екен дана бабамыз Ж. Баласағұн. Осы тұжырымдар жастар санасына сапалы біліммен, саналы тәрбие негізінде қалыптасады. Қазір біз компьютердің ең озық үлгілерін қолдана алатын дәрежеге жеттік. «Білімдіге дүние жарық» деген осы.
Менеджер: Егеменді Қазақстанның тәуелсіздігі нығайып өсіп өркендеді. «Білім адам баласының ортақ қазынасы» дегендей мен компьютерді толық меңгердім. Ағылшын тілінде жетік сөйлеймін.
Экономист: Біздің негізгі мақсатымыз Қазақстанның экономикасын дамытуға үлес қосу. Саяси экономикалық қатынастарды дамыту. Орта Азия Барысына айналған Қазақстанды мақтанышпен айта аламыз.
Дәрігер : Өмір талабына сай еліміз білім нәрімен қаруланған. Салауатты өмір сүру үшін денсаулық өте қажет. Өмір мен ғылымда, спортта, басқа да салада әлемді таң қалдырған биік деңгейге жеттік.
7-оқушы: Дәл бүгін қуанышты қала далам,
Жасадың сол арманға жаңа қадам.
Жеткенше ұлы мақсат шетіне біз,
Басты ғой қызыл шоқты қара табан.
8-оқушы: Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді айта бергім.
Ән: Елім менің
9-оқушы: Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,
Бар ізгілік тек білімнен алынар.
Білімменен аспанға жол салынар,-
дегендей білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік
Олай болса 21 ғасырға ақ тілек тілейік!
Басшыларымыз алысты көрсін,
Жекешелеріміз табысты болсын.
Қыздарымыз саналы сұлу,
Ұлдарымыз намысты болсын.
Қалада мейлі қырда болсын.
Келген кеткен ырза болсын!
Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын,
Баға сөмкемізге сыймайтын болсын.
Халқымыз ғасыр табалдырығын,
Қазақша сөйлеп аттайтын болсын
Әумин!
Ән: Менің Қазақстаным (хор)
Мұғалім: Осымен біздің әдеби – музыкалық кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет