Тақырыбы: Жалпы тілдің пайда болуы



бет1/4
Дата16.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#153276
  1   2   3   4
Байланысты:
zhalpy-tіldің-payda-boluy

Е.А.Бөкетов атындағы 0Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Жалпы тілдің пайда болуы

Орындаған: Абдрахман А.Е

Тексерген: Жусупбекова З.Д

Жоспар:

Тілдің пайда болуы және дамуы.

  • Тілдің шығуы - адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты, алғашқы адамдамың сөйлеу мүшелерімен дыбыстарды бірінен соң бірін ажырата айтуы арқылықарым-қатынас қажеттілігінің етелуі. Тіл қоғамда пайда болды, оны дамытатын - қоғам, халық. Тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тіл болмайды. Тілдің шығуы практикалық қызмет үстіндегі кернекі ойлаумен тығыз байланысты, өмір сүру үшін күрес, еңбек процесінде, практикалық мәселені шешу үстінде пайда болды. Дыбыстап сөйлеудің шығуына дыбыс шығару қабілеті тікелей әсер етті. Тілдік қарым-қатынастың пайда болуы қоғамдық сананың қалыптасуымен орайлас. Адамды адам еткен - тіл. Тілдің шығуы - адамның әлеум. тіршілік иесіне айналуының алғы шарты. Дыбыстап сөйлеудің пайда болуы адамға тән екінші сигнал жүйесін қалыптастырды (сөз тітіркендіргіш қызметін атқарды, реакция туғызды). Сөздің пайда болуы адамдар арасындағы қатынасты жетілдіріп, қоршаған орта құпиясын ашатын ойлаудың жаңа сатысын туғызды. Тілдің шығуы мен жекелеген тілдердің пайда болуын шатастыруға болмайды. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі тілдің саны 5 мыңнан асады. Бірақ олардың бәрінің субстраты - біреу, ол - адамды қоршаған орта, міндеті де біреу, ол қарым-қатынас құралы қызметін атқару. Тілдің шығуы теориялық тұрғыдан алғанда, қазіргі адамның (homo sapiens) пайда болумен түспа-тұс келеді

Тілдің пайда болу теориялары
  • Қоғамдық
  • 1.Қоғамдық келісім
  • 2.Еңбек
  • Биологиялық
  • 1. Еліктеу
  • 2.Одағай
  • 3.Ымдау

  • Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұдан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге немесе хабарды алуға болады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге. болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін байқауға болады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің қоғамдық дифференциялары деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет