Тақырыбы: Жүкті әйелдер мен нәрестелі аналардың тамақтануы Орындаған: Рамазанова Р



Дата30.10.2019
өлшемі7,44 Mb.
#50851
Байланысты:
БӨЖ 5. Жүкті әйелдер мен нәрестелі аналардың тамақтануы

Тақырыбы: Жүкті әйелдер мен нәрестелі аналардың тамақтануы

Орындаған: Рамазанова Р.

Топ: БТ 17-12

Тексерген: Утегалиева Р. С

Жоспар

1. Жүктіліктің алғашқы кезеңіндегі дұрыс тамақтану

2. Жүктіліктің екінші кезеңіндегі дұрыс тамақтану

3. Емізулі әйелдің тамақтану рационы

Болашақ ананың басты мәзірі – тамақтың сан алуандығында. Нәресте күтіп жүрген аналар ет, балық, көкеніс пен жеміс-жидек сондай-ақ сүт тағамдарын, нан және жарма өнімдерін белсенді тұтынғаны жөн.

  • Болашақ ананың басты мәзірі – тамақтың сан алуандығында. Нәресте күтіп жүрген аналар ет, балық, көкеніс пен жеміс-жидек сондай-ақ сүт тағамдарын, нан және жарма өнімдерін белсенді тұтынғаны жөн.
  • Медицина тілімен айтқанда жүкті әйелдің тамақтану кестесін үш кезеңге бөлуге болады.
  • Жүктіліктің алғашқы кезеңінде іштегі шарананың барлық ағзалары, оның жүйелері, талшықтары қалыптасады. Болашақ ананың ағзасына толыққанды ақуыздар мен дәрумендер керек. Мәселен, майы аз ет (қоян, тауық, күркетауық), балық және теңіз өнімдері, қышқыл сүт өнімдері. Жүктілік кезеіңінде күріш жеу міндетті. Маусымдық жеміс-жидектер, болмаса мұздатылған түрінде жесеңіз де дәрумені сақталады.

Жүктіліктің бірінші кезеңінде көпшілік болашақ аналар жұмыс кестесінің ыңғайына қарай уақтылы тамақтануға көп көңіл бөле алмауы мүмкін. Қандай жағдай болмасын дұрыс тамақтануға уақыт тауып, толыққанды дәруменге бай азық-түлік тұтынуға тырысу. Бұл өзі үшін де, іштегі бала үшін де өте маңызды. Әсіресе таңғы астың атқарар рөлі басым.

  • Жүктіліктің бірінші кезеңінде көпшілік болашақ аналар жұмыс кестесінің ыңғайына қарай уақтылы тамақтануға көп көңіл бөле алмауы мүмкін. Қандай жағдай болмасын дұрыс тамақтануға уақыт тауып, толыққанды дәруменге бай азық-түлік тұтынуға тырысу. Бұл өзі үшін де, іштегі бала үшін де өте маңызды. Әсіресе таңғы астың атқарар рөлі басым.

Жүктіліктің бірінші триместрінде ағза өзгеше күйге, жаңа күйге бейімделе бастайды. Дәл осы кезеңде ақ халатты мамандар мүмкіндігінше калориясы аз диетаға көшуге кеңес береді. Барынша жеміс-жидек, жаңа сығылған шырын, кептірілген жеміс-жидектен қайнатылған сусын әсіресе итмұрыннан қайнатылған компотты көбірек ішу керектігі айтылады. Бейімделу кезеңінде көпшілік келіншектерді токсикоз мазалауы мүмкін. Токсикозбен күресу үшін сұйықтықты көбірек ішіп, мүмкіндігінше аз-аздан жиі-жиі тамақтанған абзал.

  • Жүктіліктің бірінші триместрінде ағза өзгеше күйге, жаңа күйге бейімделе бастайды. Дәл осы кезеңде ақ халатты мамандар мүмкіндігінше калориясы аз диетаға көшуге кеңес береді. Барынша жеміс-жидек, жаңа сығылған шырын, кептірілген жеміс-жидектен қайнатылған сусын әсіресе итмұрыннан қайнатылған компотты көбірек ішу керектігі айтылады. Бейімделу кезеңінде көпшілік келіншектерді токсикоз мазалауы мүмкін. Токсикозбен күресу үшін сұйықтықты көбірек ішіп, мүмкіндігінше аз-аздан жиі-жиі тамақтанған абзал.

Алғашқы триместерде азық-түліктің сапасына қатты көңіл бөлу керек. Біртіндеп соус, құрамында химикаты бар жартылай фабрикат өнімдерінен, косервіленген өнімдерден бас тарту қажет . Мүмкіндігінше фолий қышқылына бай тағамдарды тұтынуға әркет жасаңыз. Фолий қышқылы – зат алмасуды жақсы реттейді. Оның жетіспеушілігі баланың дұрыс дамуына кедергі келтіретінін естен шығармау керек. Әдетте фолий қышқылы аскөк, ақжелкен, жаңғақ, орамжапырақ, брокколи, бұршақ өнімдері мен жұмыртқада бар.

  • Алғашқы триместерде азық-түліктің сапасына қатты көңіл бөлу керек. Біртіндеп соус, құрамында химикаты бар жартылай фабрикат өнімдерінен, косервіленген өнімдерден бас тарту қажет . Мүмкіндігінше фолий қышқылына бай тағамдарды тұтынуға әркет жасаңыз. Фолий қышқылы – зат алмасуды жақсы реттейді. Оның жетіспеушілігі баланың дұрыс дамуына кедергі келтіретінін естен шығармау керек. Әдетте фолий қышқылы аскөк, ақжелкен, жаңғақ, орамжапырақ, брокколи, бұршақ өнімдері мен жұмыртқада бар.

Диетолог мамандардың пікірінше, бірінші кезеңде жүкті әйелдер тұтынатын тағамның рационы 300 калориядан аспаса кем болмауы тиіс. Ал, екінші ртиместрде 340 ккал, үшінші триместрде 452 ккал-дан түсірмеген жөн. Дәл осы қалыпта тамақтансаңыз 80% ағзаға қажетті минерал мен дәрумен ағзаңызға сіңіретініңізге сенімді болсаңыз болады. Бұл әрине әйелдердің салмақ көрсеткішіне де әсер етпей қоймайды, десе де бірінші кезекте іштегі баланың денсаулығын ойлаған әлдеқайда тиімді. Есесіне балпанақтай бала туып, 9 ай бойы күткен үмітіңіз ақталады. Мамандардың пікірінше, жүкті әйелдер 16-20 кг салмақ қосуы тиіс.

  • Диетолог мамандардың пікірінше, бірінші кезеңде жүкті әйелдер тұтынатын тағамның рационы 300 калориядан аспаса кем болмауы тиіс. Ал, екінші ртиместрде 340 ккал, үшінші триместрде 452 ккал-дан түсірмеген жөн. Дәл осы қалыпта тамақтансаңыз 80% ағзаға қажетті минерал мен дәрумен ағзаңызға сіңіретініңізге сенімді болсаңыз болады. Бұл әрине әйелдердің салмақ көрсеткішіне де әсер етпей қоймайды, десе де бірінші кезекте іштегі баланың денсаулығын ойлаған әлдеқайда тиімді. Есесіне балпанақтай бала туып, 9 ай бойы күткен үмітіңіз ақталады. Мамандардың пікірінше, жүкті әйелдер 16-20 кг салмақ қосуы тиіс.

Жүктіліктің екінші кезеңі

  • Жүктіліктің екінші кезеңінде іштегі баланың бойы мен салмағы белсенді түрде өсе бастайды. Осыған сәйкес ананың жатыры да мейілінше үлкейіп, өсе түседі. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, тұтынатын тағамның рационын да ұлғайтқан абзал. Мүмкіндігінше жиі-жиі алайда сапалы тағам жеген дұрыс. Осы кезеңде микроэлементтерге деген сұраныс артады: темір, магний, цинк, селен, кальций, калииге бай тағамдар тұтыну керек. Іштегі бала аналық ресурстарды пайдалана отырып, микроэлементтердің «қорын» қалыптастырады. Бұл дегеніңіз – анасы тарапынан екеуіне де жеткілікті дәрумен тұтыну керектігін аңғартады
  • .

Көп жағдайда жүкті әйелдердің екінші кезеңінде гемоглобиндері түсіп кетеді. Бұл – қалыпты жағдай. Десе де қалыпты екен деп босаңсудан аулақ болыңыз, гемоглобиннің аздығы балаңыздың денсаулығына зиян. Гемоглобинді ет, тауық еті мен балық өнімдерін сондай-ақ көкеніс пен балғын аскөк, қарақұмық, цитрус жемістерін, анар, итмұрын тұнбасын тұтыну арқылы көбейтуге болады.

  • Көп жағдайда жүкті әйелдердің екінші кезеңінде гемоглобиндері түсіп кетеді. Бұл – қалыпты жағдай. Десе де қалыпты екен деп босаңсудан аулақ болыңыз, гемоглобиннің аздығы балаңыздың денсаулығына зиян. Гемоглобинді ет, тауық еті мен балық өнімдерін сондай-ақ көкеніс пен балғын аскөк, қарақұмық, цитрус жемістерін, анар, итмұрын тұнбасын тұтыну арқылы көбейтуге болады.
  • Осы кезеңде рационнан кептірілген шұжық және қуырылған тағамдарды әрі тұзы ащы тағамдардан бас тартқан жөн. Ешқашан тұтынатын судың көлемін азайтпау керек. Таза су – жүкті әйел үшін аса қажет өнім. Күніне 2-2,5 литр су ішкен абзал. Егер суды көп ішсем ісініп кетемін деген ойдан ада болу қажет. Ісікке апаратын сіз тұтынған су емес, тұз болуы мүмкін. Ол – консервіленген өнімдердің құрамындағы тұз, майонез, ірімшік (сыр), шұжық болуы мүмкін. Ал, ағзаға тұздың жетіспеушілігі аса қауіпті емес. Қайта тұздың көп мөлшері зат алмасуды бұзады.
  • Жүктіліктің екінші кезеңінде тағамның калориясын ұлғайту керек. Ет және балық өнімдерін мүмкіндігінше таңертеңнен түске дейін тұтынуға тырысу, ең дұрысы – түскі аста. Ал, кешкі асқа сүзбелі құймақ, бұқтырылған көкеніс, электропешке пісірілген сүзбелі көкеніс тұтыну керек. Таза ауаға көбірек серуендеп, физикалық белсенділікті арттыру қажет.
  • Екінші триместрдің соңғы кезеңінде диетологтар жүкті әйелдерге еттен мүлде бас тартуға кеңес береді. Бұл – талшықтардың серпімділігін арттырып, жеңіл босануға көмектеседі.
  • Мүмкіндігінше тағамның бәрін бірден тұтынбауға тырысу. Мәселен, сорпа және екінші ыстық тағам оған қоысмша десертке арналған тәттіні бірден тұтынбау. Бұл – асқазанды толтырып, балаға жайсыздық тудыруы мүмкін. Ауыр қорытылып, ағзаға баяу таралуына кедергі келтіруі ғажап емес. Мүмкінідігінше жиі-жиі аз-аздан жеңіз. Тамақтанғаннан кейін кемінде 10 минут тынығу керек. Серуендер алдында тамақтануға бейімделу.
  • Тамақты дұрыс пісіру – ағзаңыз үшін аса қажет минералдар мен дәрумендерді сақтауға көмектеседі. Тағамды бірнеше рет қайта ысыту зиян екенін естен шығармау. Мүмкіндігінше тағамды буға пісіруге, пешке пісіруге немесе бұқтыруға тырысу қажет.

Артық салмақ – баланың шамадан тыс үлкен салмақпен тууына жағдай жасайды. Бұл біріншіден босануды қиындатса, екіншіден бала іште жатқаннан бастап-ақ май басуға бейім болып туылуы мүмкін деген қауіп бар.

  • Артық салмақ – баланың шамадан тыс үлкен салмақпен тууына жағдай жасайды. Бұл біріншіден босануды қиындатса, екіншіден бала іште жатқаннан бастап-ақ май басуға бейім болып туылуы мүмкін деген қауіп бар.

Емізу кезінде әйел рационында майсыз етті, жұмыртқаны, балықты, сүт өнімдерін, әр түрлі ботқаларды, күрішті, қарақұмықты, картопты, гүлді қырыққабатты, нанды, ірімшікті, аскөктерді, жеміс-жидектерді, мюслиді, шырындарды пайдалану қажет. Осы ретте сүт және сүт өнімдерін жылулық өңдеуден өткізу қажет. Майы алынбаған сиыр сүтін ашымалы сүт өнімдерімен кезектестіріп пайдаланған жөн. Емізетін ана рационында тағамдық талшықтардың жеткілікті дәрежеде болуы өте маңызды. Олар емізетін анада іштің қатуы сияқты босанудан кейінгі мәселелерді болдырмауға мүмкіндік бере отырып, ішектің толқи жиырылуына жағдай жасайды.

  • Емізу кезінде әйел рационында майсыз етті, жұмыртқаны, балықты, сүт өнімдерін, әр түрлі ботқаларды, күрішті, қарақұмықты, картопты, гүлді қырыққабатты, нанды, ірімшікті, аскөктерді, жеміс-жидектерді, мюслиді, шырындарды пайдалану қажет. Осы ретте сүт және сүт өнімдерін жылулық өңдеуден өткізу қажет. Майы алынбаған сиыр сүтін ашымалы сүт өнімдерімен кезектестіріп пайдаланған жөн. Емізетін ана рационында тағамдық талшықтардың жеткілікті дәрежеде болуы өте маңызды. Олар емізетін анада іштің қатуы сияқты босанудан кейінгі мәселелерді болдырмауға мүмкіндік бере отырып, ішектің толқи жиырылуына жағдай жасайды.
  • Бірқатар тағамдар бала ішегінің түйілуіне, ішінің желденуіне және дәретінің бұзылуына алып келуі мүмкін. Оларға дәстүрлі түрде қырыққабатты, бұршақ тұқымдастарды, қою шәйді, какаоны, сүтті, кілегейді, қара нанды, қиярды, жүзімді, газдалған сусындарды жатқызады. Шын мәнінде, ана рационы мен сүт құрамы арасында тікелей байланыс жоқ. Сүт, асқазан құрамындағылардан емес, қан және лимфа құрамаларынан жинақталады. Ал нәрестеде ішектің түйілуі – жиі болатын құбылыс және одан зардап шекпейтіндер өте сирек кездеседі.

Сұйықтықты көп ішу керек. Әсіресе бұл сүттің көбейгенін қалайтын аналарға қатысты. Шәйларды, морсты, компоттарды немесе қарапайым ауыз суын пайдалану. Жаңа сусындарды бала ағзасының реакциясын бақылай отырып, біртіндеп ендіру. Егер өзгерістер байқалмаса, онда күн сайын оның мөлшерін арттыруға және өз рационыңызға бекітуге болады. Бір күнде 8-10 стақан су ішу ұсынылады, қаласаңыз бұл мөлшерді арттыруға да болады. Сонымен қатар, ол босанудан кейінгі алғашқы айларда әйелдердің басым көпшілігі зардап шегетін іш қатуының алдын-алуға мүмкіндік бере отырып, ішектің жұмысына жағымды әсер береді.

  • Сұйықтықты көп ішу керек. Әсіресе бұл сүттің көбейгенін қалайтын аналарға қатысты. Шәйларды, морсты, компоттарды немесе қарапайым ауыз суын пайдалану. Жаңа сусындарды бала ағзасының реакциясын бақылай отырып, біртіндеп ендіру. Егер өзгерістер байқалмаса, онда күн сайын оның мөлшерін арттыруға және өз рационыңызға бекітуге болады. Бір күнде 8-10 стақан су ішу ұсынылады, қаласаңыз бұл мөлшерді арттыруға да болады. Сонымен қатар, ол босанудан кейінгі алғашқы айларда әйелдердің басым көпшілігі зардап шегетін іш қатуының алдын-алуға мүмкіндік бере отырып, ішектің жұмысына жағымды әсер береді.

Емізетін ананың рационынан алынып тасталуы тиіс болатын бірқатар тағамдар бар. Оларға консервіленген, майлы, қақталған және қуырылған өнімдер, сондай-ақ жартылай дайын өнімдер жатады. Дегенмен, бұл ереже тек емізу кезінде емес, содан кейін де өзекті болады. Сонымен қатар, кейбір өнімдер әлеуетті түрде аллергиялық болып табылады, сондықтан оларды сақтықпен пайдаланған жөн. Оларға жататындар: қойылтылған сүт, шоколад, бал, балқытылған ірімшік, газдалған сусындар, қызыл жидектер, цитрустылар, ащы дәмдеуіштер және т.б.

  • Емізетін ананың рационынан алынып тасталуы тиіс болатын бірқатар тағамдар бар. Оларға консервіленген, майлы, қақталған және қуырылған өнімдер, сондай-ақ жартылай дайын өнімдер жатады. Дегенмен, бұл ереже тек емізу кезінде емес, содан кейін де өзекті болады. Сонымен қатар, кейбір өнімдер әлеуетті түрде аллергиялық болып табылады, сондықтан оларды сақтықпен пайдаланған жөн. Оларға жататындар: қойылтылған сүт, шоколад, бал, балқытылған ірімшік, газдалған сусындар, қызыл жидектер, цитрустылар, ащы дәмдеуіштер және т.б.
  • Сонымен қатар алкогольды сусындарды пайдалануды шектеу қажет. Аз ғана мөлшерде олар сүттің шығуын азайтып, сүттің бөліну рефлексіне нұқсан келтіруі мүмкін. Тұрақты пайдалану барысында алкоголь баланың салмақ қосуына, сондай-ақ оның ұйқысы мен моторлы дамуына жағымсыз әсер етеді. Алкогольды сусындардан толық бас тартқан дұрыс.

Шөпті шәйлерге сақтықпен қарау керек. Құрамында долана (ол жүрек қызметін ынталандырады және қан қысымын төмендетеді), түйе бұршақ (қанның ұйығыштығын нашарлатады), адамтамыр (ұйқысыздық, көкіректің ауыруын тудырады), түймедақ, жалбыз, сәлбен, құлмақ түйіні (сүттің пайда болуын азайтады) бар шәйлерді ішпеуге тырысу қажет.

  • Шөпті шәйлерге сақтықпен қарау керек. Құрамында долана (ол жүрек қызметін ынталандырады және қан қысымын төмендетеді), түйе бұршақ (қанның ұйығыштығын нашарлатады), адамтамыр (ұйқысыздық, көкіректің ауыруын тудырады), түймедақ, жалбыз, сәлбен, құлмақ түйіні (сүттің пайда болуын азайтады) бар шәйлерді ішпеуге тырысу қажет.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет