Тақырыбы: Кемеңгер көшбасшысымен татулық кемесінде. Мақсаты



Дата14.11.2016
өлшемі124,73 Kb.
#1707
Тақырыбы: Кемеңгер көшбасшысымен татулық кемесінде.

Мақсаты: 1.Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;

2. Жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін таныту.

Түрі: танымдық

Әдісі: СТО технологиясының элементтері, сұрақ- жауап, эссе, кластер

Көрнекілігі: кітап көрмесі, слайд көрсету

Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.

Негізгі бөлімі: Ой шақыру. Топтастыру арқылы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кім екендігі, қандай адам екендігі, бойынан қандай қасиеттерді көруге болатындығыт.б. туралы оқушылардың теңеу сөздерді пайдаланып айтқан ойларын тыңдау.

Нұрсұлтан Назарбаевмемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә. Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарының, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.

Н.Ә. Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат.

Н.Ә. Назарбаев- қалың елінің жанашыры, мұрасы, тағдырласы

Н.Ә.Назарбаев- қорыққанға қорған, тарыққанға пана, зырыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті.

Н.Ә.Назарбаев – әлем мойындаған, жа­һан­ға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі за­манның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Ке­меңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.
1.Слайдтар арқылы Н.Назарбаевтың өмір жолымен,мансаптарымен,кітаптарымен, реформаларымен т.б. таныстыру.(Оқушылар шығармашылығы)
....Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты – толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмасаймын, қандай да тәуекелге барамын...» Нұрсұлтан Назарбаев.

Балалық шағы

Нұрсұлтан Назарбаев –1940 жылы 6 шілдеде Алматыоблысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

Қызмет жолы

  • 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін,

  • 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын,

  • 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистікпартиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

  • Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

  • 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

  • 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан РеспубликасыПрезиденті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

  • 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан РеспубликасыПрезиденті болып қайта сайланды.

  • 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.


Ғылыми еңбектері

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:


  • Қазақстандық жол- Тәуелсіздік алғаннан бергі тарихымыз, талай қиын- қыстаудан өткен тарих жолы туралы айтылады.

  • Ғасырлар тоғысында(А., 1996), - ХХІ ғасырға өтер шақтағы ой толғау.

  • Бейбітшілік кіндігі (А., 2002), - Семей полигонының жабылуы, ядролық қарудан бас тарту-тәуелсіз Қазақстан халқының еркі, ядролық қарусыз болашаққа жол ашу туралы жазылған.

  • Тарих толқынында- өткенімізді білмей келешек жоқ, тарихымыз туралы ой толғау.

  • Сындарлы он жыл (А., 2002), - Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналған 10 жыл ішіндегі жеткен жетістіктер туралы.

  • Президент және Парламент -1996 жылдың 30 қаңтарынан бастап, 1 желтоқсан 1999 жыл аралығындағы Елбасының әр түрлі отырыстарда сөйлеген сөздері.

  • «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

  • Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),

  • «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),

  • «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),

  • «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),

  • «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),

  • «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),

  • «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

  • «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),

  • «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002).

Дәйек сөздері

  • Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”

  • Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”

  • Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”

  • Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”

  • Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”

Нұрсұлтан Назарбаев атында:

Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университет пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.

Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар:

  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіҚазақстан менеджмент институты

  • Экономика және болжау институты

  • Қожа Ахмет Йассауиатындағы Қазақ-түрік университеті

  • Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті

  • Ұлттық Мемлекеттік заң университеті

  • Назарбаев Университетi

  • Назарбаев ЗияткерлікМектебі

  • Бірқатар лицейлер мен колледждер

  • Президенттік «Болашақ»бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүниежүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

  • Аса таланты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

Реформалары

  • Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты.

  • Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды.




  • Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы.Дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды.

  • Дүниежүзілік сарапшылар арасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды.

  • Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б.

  • Назарбаев ТМД, ОАО, Кеденодағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы.Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады.

  • Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.

Басқа лауазымдары мен мансаптары

  • Экономика ғылымдарының докторы (1993)

  • ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқуорындарының академигі

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

  • Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы

  • Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

  • Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

  • Дүниежүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы

  • Орталық Азия мемлекеттеріДостық қорының құрметті төрағасы

  • ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы

  • Бірнеше жыл Халықаралық Аралдықұтқару қорын басқарды.

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры.

  • Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі.

  • М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

  • Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

  • Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.

Отбасылық жағдайы

Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады

Президенттің үш қызы бар:

  • Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан РеспубликасыПарламенті Мәжілісінің депутаты.

  • Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты

1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.

Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

    • Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.


ІІ. Тапсырмалар орындау



  • Менің Президентім” тақырыбында эссе жазу

  • «Көшбасшы» сөзіне кластер құр

К - кемеңгер

Ө - өжет

Ш - шынайы

Б - білікті

А - адал

С - сабырлы

Ш - шешім қабылдағыш

Ы - ынталы

1. Елбасы

2. Білімді, ұлтжанды

3. Елін сүйеді, басқарады, шешім қабылдайды

4. Елбасы- біздің тыныштығымызды сақтайды

5. Көшбасшы

Қорытынды:

      • Тренинг «Бәйтеректің қасында», «Жүректен жұрекке».



      • Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет-елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілін , тарихын, мәдениетін,құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады.

Елбасының саясаты алтын ар­қауы, басты өзегі – ел бірлігін сақтау.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет