Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз!» Мақсаты



бет3/4
Дата06.07.2018
өлшемі0,52 Mb.
#48032
1   2   3   4

Тәрбиеші: Балалар, әжелер! Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.
Арсен:

Төле би айтқан екен
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді
Өзің білмесең білгендерден үйрен
Үйренгеннен ештеңең кетпейді
Димаш:

Әйтеке би айтқан екен:
Ашу бар жерге ақыл тұрмайды
Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң арқырар
Ақыл деген дария
Мөлдір су боп сарқырар


Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі етіп, мұра етіп алып жүрейік
Ойын: «Арқан тарту»

Асанали:

Күн менен түн теңеледі
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Жанель:

Армысың ағайын
Бармысың ағайын
Ұлыс бақты болсын
Таир:

Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз

 Ал енді Күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.


Ойын: « Күш сынасу, жілік сындыру.Қыздар қалта тарату»




Әже:Міне Наурыз көже де дайын болды.Әже балаларға Наурыз көже ұсынады.
Тәрбиеші:Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей Қыдыр атадан бата күтеміз.

Ән:«Дастархан»
Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет