Тақырыбы: «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау» Мақсаты



бет2/5
Дата11.09.2020
өлшемі25,25 Kb.
#77819
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
sabaq-kz attachment mamandy-tadau-erted-oylau
sabaq-kz attachment mamandy-tadau-erted-oylau
Әдіс- тәсілдері:сұрақ – жауап, дискуссия, тренинг, топтық жұмыстар.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тақырыпқа сай әзірленген слайдтар, шарлар, үлестірмелі қағаздар.

Өткізіу формасы: сайыс

Қатысушылар: 11 «А» және 11 «Ә» сынып оқушылары.

Сабақ барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі кешімізге қош келіпсіздер!

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға.



Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.
Ал осы мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?
Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен. Соның ішінде шамамен 500 –і жыл сайын жоғалып кетеді және сондай шамада жаңалары пайда болады. Көптеген мамандықтардың өмір сүруінің орташа уақыты 8-10 жыл. Олардың кейбірі өзінің мазмұны бойынша күрделі өзгеріп те кетеді. Міне сондықтан заманауи мамандықтармен танысу бүгінгі уақытта өте қажет болып тұрған мәселелердің бірі. «Кім болып жұмыс істейсіз?»-осы бір сұрақты танысу барысында жиі естиміз. Тіпті балалар да «Сенің ата-анаң кім болып қызмет етеді?» деп қызыға сұрақ қояды, себебі кәсіп –кез келген адамның маңызды сипаттамаларының бірі . осы әлемде өзін табу лайықты өмір сүруге, адамдарға өзін қажетті деп сезінуге, жұмыстан қуаныш алуға,өз қабілетін барынша көрсете білуге мүмкіндік дегенді білдіредңі. Мамандық әлемінің зор көптүрлілігі өмір үшін барлық қажеттіні жалғыз адам атқара алмайтындығының салдары. Өз жұмысын орындау үшін адамға белгілі бір білім мен ептілік қажет. Осылайша мамандықтар пайда болған. Күн сайын миллиондаған адамдар жұмысқа асығып бара жатады. Олар немен айналысады? Өз жұмысын жақсы көреді ме? Жұмыс түрін қалайша таңдады екен,өздерінің кәсіби жолын қайталар ма еді немесе басқа іспен шұғылданар ма еді? Мамандықты таңдау ең маңызды өмірлік шешімдердің біріне жатады. Бүгінгі сайысымыздың сарапшыларыларымен таныстырып өтейік:

  1. Қожағұлова Гүлнәр – бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасар;

  2. Калиева Гулбану – тарих пәнінің мұғалімі;

  3. Ибайдуллаева Орынкүл – физика пәнінің мұғалімі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет