Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздердің сандық сипаттамасы



бет8/8
Дата20.09.2023
өлшемі485,45 Kb.
#181659
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
zhas-alym-1-wecompress.com
мақала Ертегі терапия
Қорытынды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.


Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды -деп атап көрсеткен.
Ендеше, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.
Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.
Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз.
Ақын Ырысбай Тоқтанұлының «Ассалаумағалейкум, Қазақстан!» өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Қазақстан!
Көк түрік!
Көктің ұлы!
Пана тұтам ғаламдық шоқтығыңды.
Ғасырлық қасіретім тарқар еді,
Бір иіскетсең, Шіркін-ай!
Көк туымды.
Әкелші, бір иіскейін
Көк туымды!

Мақтансаң мақтан елім деп,


Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Гимн –
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі –
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді - демекші тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп құрметтеу бәріміздің міндетті парымыз болып санаймыз. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.

17

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет