Тақырыбы: Мен бірінші сыныпта оқимын Мектебі: Б. Момышұлы мг№6



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі45 Kb.
#120467
түріСабақ
1   2
Барлық оқушылар: оқушылар сандарды атайды. Мұғалімнің көмегімен өзінің нешінші сыныпта екенін айта алады, жіктік жалғауының I жағын қолдана алады.




Оқушылардың басым бөлігі: берілген сандар бойынша нешінші сабақ екенін айтады. Сөйлеу барысында танысу үлгілерін еркін қолдана алады, жіктік жалғауының қолданысын ажырата алады.




Кейбір оқушылар:
Сен нешінші сыныпта оқисың? сұрағына жауап беріп, өз сыныбын айтады. Берілген сөйлеу үлгілерін түрлендіріп қолдана алады. сынып туралы толық ақпарат бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы
(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке және сөйлесу үлгісіне аударады. Тыңдау арқылы оқушылар Сен нешінші сыныпта оқисың? деген сұрақ және жауап беру үлгісімен (Мен бірінші сыныпта оқимын.) танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде өзінің жасы нешеде екенін айтуға жаттығады.
(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар толықтырып айтуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша сандарды айтады. Мысалы: бір-бірінші, екі-екінші. Яғни, біріншіден, оқушылар сандарды атайды, екіншіден, берілген сандар бойынша нешінші сынып екенін айтады, үшіншіден, Сен нешінші сыныпта оқисың?сұрағына толық жауап беріп, өз сыныбынайтады.
(МК, Ұ) Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударады. Яғни сандарды айтып үйретеді.
Мысалы: бір-бірінші, екі-екінші
(МК, Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушыларды жаңа сұрақ үлгісімен таныстырады: -Сенің атың кім?
-Менің атым-Жұлдыз
-Сен неше жастасың?
Мен алты жастамын
-Сен нешінші сыныпта оқисың?
-Мен бірінші сыныпыта оқимын.







(Ж) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойын­ша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды, жұмбақты шешеді. Жауабына қарай түстерді қайталайды.
Бір үйде бар көп бала:
Біреуі-көк бала,
Біреуі-қызыл бала,
Біреуі-қара бала,
Біреуі-сары бала. (Қалам)

Оқулық.
Аудиодиск: 2.4.1.; 2.4.4.
Сандар жазылған карточкалар.
№1 жұмыс дәптері
Қосымша тапсырма: 2.6.

Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?
2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?




Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:
2:


1 2 3 4

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет