Тақырыбы: «Менің өмірлік ұстанымым не?» Мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі176,33 Kb.
#24924
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»РМҚК

БЕКІТЕМІН

Директордың әлеуметтік

және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________Б.Ж.Бахтиярова

«____»__________2016жыл
Тақырыбы:  «Менің өмірлік ұстанымым не?» тренинг

Дайындаған: Байбатшаева Г.С.


Семей


2016-2017 оқу жылы

Жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясы отырысында

қарастырылды

Төрайымы __________К.Б.Қуанышева

Хаттама №

« » желтоқсан 2016ж



Тақырыбы: «Менің өмірлік ұстанымым не?»

Мақсаты: Студенттердің өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.

Тренинг жоспары:

І.Тренинг «Бәріміз бір кісідей»

Топқа бөлу

ІІ. «Өмір» жаттығуы 

ІІІ. .«Екі бақа» туралы аңыз 

ІҮ. Шығармашылық жұмыс 

«Өмірге бірге дауыс берейік!» тақырыбында жоба

Ү. «Би терапиясы» жаттығуы 

ҮІ. «Менің өмірлік жолым» жаттығуы

ҮІІ. «Метафора арқылы сөйлеу» жаттығуы

ҮІІІ. Бақытты адамның көйлегі»/ертегі терапиясы/

ІХ. Қорытынды



1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.

Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын



І. Тренинг «Бәріміз бір кісідей»

ІІ. «Өмір» жаттығуы 
Шарты: тақтадағы «Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, әр әріпті жеке-жеке талдау. Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім

Өмір- ө...  Өмір- г..

Өмір- с.. Өмір- ж...

Өмір-н... Өмір- у...

Өмір – ә... Өмір- д...

Өмір-м...  


Өмір-і... 

Өмір- б..



Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға өмір туралы келесідей тілектер жазылған парақтар үлестіріледі:

өміріңіз шаттыққа толы болсын!



- өміріңіз тек жақсылықтардан құралсын!

- өмірде жетістіктерге жете беріңіз!

Оқушылар тілектерді оқып, «өміріңіз шаттыққа толы болсын!» тілегі түскен оқушылар 1-топ болып құрылып, орындарына отырады, келесі «өміріңіз тек жақсылықтардан құралсын!» тілегі түскен оқушылар 2-топ болып құрылып, орындарына отырады, келесі «өмірде жетістіктерге жете беріңіз!» тілегі түскен оқушылар 3-топ болып құрылады.

Негізгі кезең 
ІІІ.«Екі бақа» туралы аңыз 
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қарсыласпай өліп қалады. Ал екіншісі, шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, арпалысқанның бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бір кезде аяғындағы қаймақ қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді. Балаларға осындай аңызды оқып, талданады. Сонда қиындықтан құтылу үшін, қандай болмасын қимыл, қозғалыс керек екен.

ІҮ. Шығармашылық жұмыс 
«Өмірге бірге дауыс берейік!» тақырыбында жоба

Мазмұны: Оқушылар өздеріне берілген құрал-жабдықтар арқылы тақырып аясында (сурет, өлең, нақыл сөз қолдану арқылы) жоба жасайды, сол арқылы барлық адамды өмірді жақсы көре білуге, «өмір» деген ұғымға дауыс беруге үндеу тастаулары қажет.

Дайындау уақыты: 5 мин;

Қорғау уақыты: 3 мин

Қажетті құрал-жабдықтар: плакат, түрлі-түсті маркерлер



Ү. «Би терапиясы» жаттығуы 
Нұсқау: Алдын ала дайындалған ақ плакатка адамның табанының суреттері салынады. Ортаға қатысушылар шығып, музыкаға ілесе отырып, өз табан іздерінен шықпай билеуі керек. 
Қандай сезімде болдыңыздар?Музыка мен би біздің сезімімізге әсер ете алады ма? 
ҮІ. «Менің өмірлік жолым» жаттығуы
ҮІІ. «Метафора арқылы сөйлеу» жаттығуы.Өмірде кейбір жағдайларды суреттеу, ертегі, аңыз, мысал, өлең арқылы түсінуге болады. Ендігі тапсырма метафора арқылы сөйлейтіндеріңді білдіреді. 
Сіздерге 9 сөз беріледі. Сіздер әңгіме, ертегі, не өлеңде осы сөздерді пайдаланып,өмірмен байланыстырып сөйлем құрастыруларыңыз керек: директор, жарайсыздар, кемпірқосақ, апта, психология, мектеп, ойын,

ал кімге жеңіл, ура. 


ҮІІІ. Ертеде бір патша өзі патшалық құрған елді көркейту үшін күні-түні жанын аямай жұмыс істепті.  Ол жақсы өмір сүріп, бақытқа жету үшін не істеу керектігін ойлап, таңға дейін көз ілмейді екен. Бір күні уәзірлерін айналасына жинап, мұңын шағып ақыл сұрапты .

Уа, уәзірлерім мұнда келіңдер! Мен көп ойланып толғанып жүрмін,  менің мұңым  бар ,бақытқа жету үшін не керек? Соны маған айтыңдаршы.  Сонда уәзірлердің ішіндегі біреуі патшаға бұрылып былай депті:   Уа тақсыр! Сіздің бақытқа жету үшін бақытты адамның көйлегін кию керек.Патша осы сөзді естіп, уәзірлеріне бұйырадыЕндеше маған сол бақытты адамның көйлегін тез арада әкеліңдер!   Уәзірі жолға шығып тау, қырларды асып, бір қалаға келеді.Есік-есікті кезіп,бақытты адамды іздейді.Кімді тапса да, оның әйтеуір бір дерті,не қасіреті болады. Ешқайсысын бақытты адам  деп айтуға келмепті. Мен бұл үлкен қаладан  бақытты адамды таба алмайтын сияқтымын,одан да барып ауылдан іздейін.Сөйтіп уәзірі талай тауларды асып, бір ауылға келеді.Кімді кездестірсе де, бай болсын,кедей болсын барлық адамдардан сұрап бақытты адамды іздейді Таба алмай, басы салбырап, келе жатқанда  бір отар мал бағып жүрген қойшыны көреді.Қарсы жақтан қолында жейтін тамағы бар қойшының әйелі келеді.  Қойшының   әйелі күйеуіне тамағын беріп, әңгімелесіп отырады. Уәзірлер осыны көріп жаңағы қойшыға келіп сұрайды.     Сізді бақытты адам деуге бола ма?            Ия,мен бақыттымын. Өзімнің отбасым бар.Ешқандай қайғы- қасіретімжоқ.Мен ең бақытты адаммын.   Онда маған  көйлегіңді берші.   Менің ондай көйлегім жоқ. Мен кедеймін. Өзімнің жақсы отбасым ғана бар. Сондықтан мен бақытты адаммын.Маған басқа ешнәрсе керек емес.  Бақытты адамның көйлегін қалай іздегендерін,көйлекті адамдардың төрт құбыласы тең болса да, әйтеуір оларда бір бақытсыздық бар екендігін айтады. Ал соңында бір бақытты адамды тапқандарын, бірақ оның көйлегінің болмасада ,бақытты жан екенін айтады.                                                                  Бақытты адамның көйлегін таптыңдар ма?   Мен ауылдан бір адамды таптым. Бірақ оның әдемі көйлегі жоқ. Сонда да ол бақытты екен.  Ал,әдемі көйлегі бар,төрт  құбыласы түгел адамдар бақытсыз екен.   Патша күні бойы ойланып, келер күннен бақыт күтіп,тәтті ойға шомып отыра береді. Мінекей « Бақыт»    деген әрбір отбасының амандығы , баласының күліп-ойнағаны нағыз бақыт екен.

-Бақытты болу үшін не істеу керек?

- Патша бақытты болу үшін  не істеу керектігін білді ме?

Бақыт дегеніміз –  ой-арманның орындалуы,қуанышты сәттің көп болуы,біздің әсем тұрағымыз,деніміздің саулығы,бейбіт өміріміз, жанұяның татулығы ,береке,бірлігі.Ең бастысы балалық шағымыз екен.     

Педагог-Психолог Байбатшаева Г.С.

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002 г.

2.     Торн К., Макей Д. Тренинг. Настольная книга тренера.- Питер, 2001 г.

3.     Изен Н.В., Пахомов Ю.В.   Психотренинг игры и упражнения. — П., 2000 г.

4.     Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. – А.-2002 ж

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»РМҚК

БЕКІТЕМІН

Директордың әлеуметтік

және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________Б.Ж.Бахтиярова

«____»__________2017жыл


Тақырыбы:  Өлкетану мұражайына тақырыптық саяхат жасау

Дайындаған: Байбатшаева Г.С.


Семей


2016-2017 оқу жылы

Жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясы отырысында

қарастырылды

Төрайымы __________К.Б.Қуанышева

Хаттама №

« » сәуір 2017ж



Сабақ тақырыбы: :  Өлкетану мұражайына тақырыптық саяхат жасау

Сабақ мақсаттары:

Қалалық мұражайлар туралы түсінік беру, экскурсиялар жасау.

Салауатты өмір салтына , қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Туристік экскурсиялар, экспидициялар арқылы оқушының

мамандығына және туған өлкеге деген патриоттық сезімдерін дамыту.



Тәрбиелік: 

Сабақтың техникалық және материалдық жабдықталуы:

  • Слайдтар

  • Топшамалар

  • Суреттер

I. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасу

2. Жоқ оқушыларды белгілеу

3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Кіріспе нұсқау

Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа бейімдеу (өткен сабақты қайталау, слайд)



  1. Үсіктен сақтану жолдары қандай?

  2. Топты сақтандырушылар қандай ережені міндетті түрде орындау керек?

  3. Шаңғы жорығы кезіндегі көбіне кездесетін қауіп-қатер?

  4. Салқын тию кезінде гі алғашқы медициналық көмек?

  5. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде психологтар қандай кеңес береді?

  6. Инструкторға қойылатын талаптар қандай?

  7. Жорық барысында жыра-сайлардан қауіпсіз өту үшін міндетті түрде қандай әдіс-тәсілдерді меңгеруі қажет?

  8. Шаңғы арқылы төмен түсудің қандай тәсілдерін білесін?

Мұражаймузей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б.мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.



Тарихы мен дамуы

Мұражай алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Мұражайдың қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Еуропада тарихи мұражайлар 16 – 18 ғасырларда пайда болды. Мұражайдың қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті.



Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұра

жайы

Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейі ең көне және тарихи маңыздылығы зор музейлердің бірі. Музей 1832 жылы мектеп мұғалімі М.К.Курининнің ұйымдастырылумен ашылған. Атақты орыс ғалымдары Г.С.Крелин, Н.С.Северцев, Л.С.Берг музейді ұйымдастыруға ат салысқан. Бұл ғимарат 1879 жылы орыс(қырғыз) қазақ мектебі үшін шығыстық сәулет өнері бойынша салынған. Орал облыстық атқару комитетінің шешімімен 1980 жылы облыстық тарихи өлкетану музейіне берілді. Бүгінгі таңда осы музейдің құрамында бірнеше дүниелер бар.

Қазақ халқының қол өнер туындылары тұрмыстық туындылары тұрмыстық заттар, батырлардың ер тұрмандары мен сауыт саймандары, хандардың билік белгісі асатаяқ, ханша Фатиманың камзолының көшірмесі, кіші жүз хандарының портреттері бар.

Музейде археология, орта ғасырлық Алтын Орда кезеңінің және Жайық қалашығының пайда болу тарихы, Кеңес кезеңінің тарихы, Батыс Қазақстан облыстық білім мен ғылым өнерімен мәдениет салаларының даму тарихы, қазақ халқының этнографиясы, Қазақстан Республиаксының тәуелсіздігіне арналған залдар бар. Жас ұрпақтарды тәрбиелеу мен білім беру ісіне өз үлесін үнемі қосып отырады. Социологиялық зерттеулердің ұлттық мұраларға жастардың қызығушылығын арттыра түскендігін ескере отырып, музейдің ғылым қызметкерлері мектеп, лицей, гимназия мен колледждердің оқушыларына арнап музейлік педагогикалық бағдарламалар жасайды. Бағдарламалар музейдің түрлі жұмыстарын біріктіреді. Бұл экскурсиялар, лекциялар, музейлік сағаттар, әңгіме кештері өткізіліп тұрады.



Жаңа сабақтың кіріспе нұсқауы бойынша білімдерін бекіту

1. "Мұражай" сөзі қай тілден аударылады, қандай мағына береді?

2. Мұражайдың атқаратын ролі?

3. Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайы қашан, кімнің бастамасымен ашылды?

4. Мұражай экспонаттары?

5. Мұражай залдары?

Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

Егер сұрақтарыңызға толық жауап алған болсаңыздар сабағымыздың келесі бөлімі тәжірибелік бөлімді бастайық!



ІІІ. Ағымдағы нұсқау. Оқушылар шебердің практикалық көрсеткендерін қауіпсіздік ережелеріне сүйене отырып орындайды.

  • Оқушыларды топтарға бөлу

  • Қауіпсіздік ережелеріне тоқталу

  • Тапсырмалар бөлу

  • Өз беттерімен жұмыстану

  • Әрбір оқушыны жекелей қадағалау

Жұмыс орнын қарап өткенде:

  1. Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру

  2. Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау

  3. Технологиялық процестің орындалуын бақылау

  4. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау

  5. Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау

ІV. Қорытынды нұсқау.

  1. Жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын атап өту

  2. Қателіктерді сипаттап олардың орын алу себебіне тоқталып өту

  3. Оқушылардың бағаларын хабарлау

  4. Жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды жинастыру

Педагог-Психолог Байбатшаева Г.С.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Музеи занимают особое место в культурной жизни страны. Поздравление Президента РК Н.А. Назарбаева работников музеев Казахстана с Международным днем музеев//Казахстанская правда.-1998.-19 мая.-С. 1. 2.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия.-6 том. Алматы: қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы,2004 жыл-696 б 3.Кайназарова А.Е. Музейное дело в Казахстане (1831-1925 гг.): Автореф. канд. дис. истор. наук.-А., 1995.-25 с.;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»РМҚК

БЕКІТЕМІН

Директордың әлеуметтік

және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________Б.Ж.Бахтиярова

«____»__________2017жыл


Тақырыбы:  «Мақсат – жетістік желкені» тренинг

Дайындаған: Байбатшаева Г.С.

Семей

2016-2017 оқу жылы



Жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясы отырысында

қарастырылды

Төрайымы __________К.Б.Қуанышева

Хаттама №

« » мамыр 2017ж

Тақырып: Мақсат – жетістік желкені 
Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: дұрыс ой, еңбекқорлық, 
жауапкершілік. 
Мақсаты: оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап, мақсат қоя білу туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. 
Міндеттері: 
- Оқушыларды дұрыс ойлауға үйрету арқылы өз мұратына жету жолдары туралы түсінік беру; 
Сабақ барысы: 
Ұйымдастыру кезеңi. (сәлемдесу,түгендеу, ережесімен таныстыру, құрал-жабдықты талап ету). 
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену». 

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер жасайды және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, сөздер ғана айтады. Нұрды ақырындап құлақтарыңызға жетті, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқындалып шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде сәл отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Себебі нұрға толы бүкіл әлем сіздердің жүрекгеріңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 
- Қандай сезімде болдыңыздар? Үнтаспа. «Волшебная композиция – Хрустальная грусть» 
Мәтінмен жұмыс

«Үш ағайынды жігіт «Адам өмірінің өткені , қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады.

     Біріншісі:

-         Өткен өмірім менің қазіргімнің  бастауы болды.Бұрын үйренгендерім қазіргі өміріме азық болып отыр. Мен өз өзіме сенімдімін , себебі алға қойған  мақсаттарыма жету үшін  мен қажымай – талмай  күресе білдім. Өз өміріме  серік еткен жолдастарыма  да өзіме  ұнайды , - дейді.

Сонда екіншісі:

-          Егер сенің айтқаның дұрыс болса , адам «түйе көргенінен жазбас» дегендей , бір орнында  дамымай тұрып қалар еді. Маған бұрынғы үйренгенім, қазіргі білетінім  маңызды емес, болашағым маңызды. Сондықтан да мен өз болашағыма  қажетті  нәрселетге үйренемін . Маған «екі жыл бұрын мен кім едім?» деген сауалдан «Екі жылдан кейін менің өмірім қандай болады?» деген сауал  маңыздырақ .

Менің қазіргі қарақтерім бұрын қандай болғаныма емес , болашақта қандай болатындығыма бағытталып отыр. Маған  жаңа таныстар өте ұнайды , олардан білмегенімді үйренемін, ал ескі таныстарымның білетінін  өзім де білемін ,- деп дауласа жөнелді.

-         Өткен мен болашақ тек сендердің ойларында  ғана болатындығын ұмытып кеттіңдер ме? – деп сөзге  араласты үшіншісі. – Өткенің  енді қайтып келмейді , ал болашағың жеткізбейді. Сондықтанда өткеніңді  қанша аңсасаң да , болашағыңды  қанша қиялдасаңда, олар қолға  түспейді.Тек қазіргі өміріңде  ғана  алдыңа  мақсат  қойып , ол өміріңді  өзгертуге  болады. Өйткені өткен бақытты ойлау – жаныңды  жабырқатады, болашақ бақыт туралы  ой жаныңды  жегідей  жейді, иек қазіргі өмірде  ғана  өз ойыңды жүзеге асыра аласың.  



  • Өзің қайсысының пікірімен қосыласың?

  • Қалай ойлайсыңдар адам өмірінің өткені қазіргісі , әлде болашағы маңыздыма?

  • Мақсатқойудың адам өміріндегі маңызы қандай?

Жағдаятты талдау

Төмендегі  хаттың  шешімін тауып , оған жауап жазыңдар.

«салем, Ақжарқын!

Міне, «Болашақ»бағдарламасымен Лондонға келгеніме бір жыл болып қалды. Бастапқы таныстыру курсынан да сәтті өттім. Маған Англия өте ұнайды, адамдар да! Осында қалу ойым бар.

     Бірақ өзімді сенімді , өте жақсы сезінемін деп айта алмаймын. Неге екенін өзімде  түсіне  алмай жүрмін. Ойланған сайын  терең тұңғиыққа батып бара жатқандаймын.

Сен «Бәрі де адамның өз қолында»дейсің . «Бұл жерде немен айналысамын , қалай өмір сүремін?» деген  ой басымнан шықпайды. Алдыма белгілі бір мақсат қоюға  да , бір нәрсе жайында армандауға  да қорқамын.

Жанымды жегідей жеген осы бір ойыммен  бөліскім келеді.

Сәлеммен, Алдияр.

P.S. жауабыңды асыға күтем.»

Дәйексөз

«Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген  сылбыр адам әлде қайда артық»



Педагог-Психолог Байбатшаева Г.С.

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002 г.

2.     Торн К., Макей Д. Тренинг. Настольная книга тренера.- Питер, 2001 г.

3.     Изен Н.В., Пахомов Ю.В.   Психотренинг игры и упражнения. — П., 2000 г.



4.     Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. – А.-2002 ж
Каталог: uploads -> doc -> 1170
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1170 -> Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет