Тақырыбы: Науқасты тамақтандыру



Дата12.10.2023
өлшемі8,6 Kb.
#185013
Байланысты:
Тақырыбы Науқасты тамақтандыру-melimde.com


Тақырыбы: Науқасты тамақтандыру

Тақырыбы: Науқасты тамақтандыру



Халі ауыр науқастарды тамақтандыру іс- әрекеттері
Мейірбике науқасты тамақтандыруға дейін, барлық емдеу жұмыстарын бітіріп, палаталарды желдетіп, төсекте жатқан науқастарды дәретке отырғызып тамақ қабылдауға дайындайды.
Дайындау қажет:
Жылы тамақты;
Табақты, ішінде суы бар ыдысты, орамалды, салфетканы, кереуеттің жанына қоятын столда таза қасықты, тамақты, су ішкізетін ыдысты (поильник).
Іс- әрекеттер:

  • Қолыңызды жуыңыз.

  • Пациентке қолын жууға көмектесіңіз.

  • Пациенттің жағдайының мүмкіншілігіне қарай, оны жоғары көтеріп жатқызыңыз.

  • Пациенттің кеудесіне салфетка жайыңыз.

  • Тамақтың ыстықтығын тексеріңіз.

  • Тамақтандыру кезінде сөйлеуге рұқсат етілмейді, шашалып тамақ тыныс жолдарына кетіп қалуы мүмкін.

  • Пациентті қасықпен асықпай тамақтандырыңыз.

  • Сусынды су ішкізетін ыдыспен (поильникпен) беріңіз.

  • Тамақтандырып болғаннан кейін пациенттің аузын шайдырып, сүртіңіз.

Аурухана мекемелері үшін 4 рет тамақтандыру, науқастардың кейбір топтарын /жүрек, ішкі жара ауруларын/ 5-6 рет тамақтандыру белгіленген. Науқастың тамақ қабылдау санына және сол мекеменің күн режиміне қарай тамақтану уақыты анықталады. Тамақты дер кезінде ішу науқастың тамақ қабылдау уақытына шартты рефлексін дағдыландырып, тәбеті мен ас қорытуын жақсартуға көмектеседі.


Науқасты жасанды тамақтандыру
Кей жағдайда ауыр науқастарды ауыз қуысы арқылы тамақтандыру мүмкін болмайды /ауыз қуысы аурулары, асқазан-ішек құрылысы, ес-түссіз жағдайларда т.б./. Мұндай жағдайларда жасанды жолмен тамақтандырады. Жасанды тамақтандыру ағзаға асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентералды /веналық немесе тері асты/ жолымен қоректік заттар енгізу болып табылады. Жасанды тамақтандыру кейде қалыпты тамақтануға қосымша болады.
Науқасты мұрын немесе ауыз жолы арқылы өткізілген зонд көмегімен тамақтандыру
Қажетті заттар: залалсыздандырылған жіңішке зонд (мұрын катетері), вазелин, воронка немесе Және шприцы, 600-800 мл сұйытылған тағам.
Іс -әрекеттер:

  • Залалсыздандырылған асқазан зондын алыңыз.

  • Зондты (мұрын жолы арқылы енгізгенде) вазелинмен майлаймыз.

  • Зондты төменгі мұрын, мұрын-жұтқыншақ қуысы арқылы енгізу керек

  • Сол қолдың саусағымен зондтың мұрын-көмей жолындағы жатысын саусақпен баса отырып, көмейге дұрыс келуін қадағалау керек.

  • Зондтың бос бөлігін воронкамен жалғастырамыз, ақырындап воронкаға дайын тамақты құямыз.Әзірлеген сұйық тамақты Жане шприцімен сорып алып, ауасын шығарып беруге де болады.

  • Қоректік заттарды енгізіп болған соң, ондағы тағамның қалдықтарын жуу үшін зондқа таза су құяды, кейін воронканы алып тастаймыз.

  • Зондтың ұшын науқастың бетіне лейкопластырмен оған кедергі жасамайтындай етіп бекіту керек.

  • Кейбір жағдайларда зондты науқастың жағдайына байланысты 2-3 тәулікте ауыстырып тұру керек.
    Есіңізде болсын! Зонд өңешке немесе асқазанға түссе пациенттің хал жағдайы өзгермейді. Ал егер зонд кеңірдекке түссе пациент көгеріп, жөтеліп қақалады. Бұл жағдайда зондты тез шығарып алып, пациентті дем алдырыңыз.


Науқасты асқазан тесігі (гастростома) арқылы тамақтандыру
Асқазан тесігін жасап, ол арқылы тамақтандыру өңештен тамақ өтпейтіндіктен, қарын қалтқысының тарылуынан болады. Жылытылған тағамды шағындап /150-200мл/ күніне 5-6 рет құяды. Құятын тамақты біртіндеп 250-500мл дейін көбейтеді, бірақ жіберуді күніне 3-4 ретке дейін азайтады. Воронка арқылы ұнтақталған қатты тағамдарды, сұйық тағамдарды беруге болады. Воронкаға көп тамақ құюға болмайды, себебі қарын немесе ішек бұлшық еті тарылып, тамақ тесік арқылы сыртқа шығуы мүмкін.
Қажетті заттар: Жуан асқазан зондын, залалсыздандырылған домалақ (түйме) зондты, воронканы, вазелин майын. 250-500мл 30-35°С дейін қыздырылған сұйық тамақтарды (дәрігердің тағайындағанына байланысты).
Іс- әрекеттер:

  • Қолыңызды тазалап жуыңыз.

  • Зондтың домалақ басына вазелин майын жағыңыз.

  • Асқазанның тесігіне орнатылған домалақ (түйме) зонд арқылы асқазанға зондты жіберіңіз.

  • Зондтың екінші жағына воронканы (оймышты) жалғастырыңыз.

  • Асқазанға әзірлеген сұйық тамақты (көлемі дәрігердің тағайындауы бойынша) зонд арқылы жіберіңіз.

  • Зондты асқазанда қалдыру керек болған жағдайда оны тамақтың қалдығынан тазарту үшін 20-40 мл қайнаған жылы сумен жуыңыз.

  • Қарын тесігінің (гастростоманы) айналасындағы теріні калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуып, Лассар пастасымен майлаңыз.

  • Асқазан және домалақ (түйме) зондты судың ағынымен жуып, қайнатып, ауызы жабық ыдыста сақтаңыз.


http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет