Тақырыбы: Құндылықтар, көзқарастар, ықпал ету тәсілдері. Сыныптағы психологиялық ахуал



бет5/11
Дата24.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#150583
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 тапсырма
kouching-sabay-turaly-refleksivt-esep, Саба Та ырыбы О ытуды бас ару ж не к шбасшылы (1), Лабораторный практикум по информатике. Часть 2
Кейінгі жұмыс: Өз блогтарында бір күндік сабақтарының қорытындысы туралы өз пікірлерін білдіру.
Қосымша оқу:



Үзіліс

2-сабақ
11.0012.30


10мин
25мин

20мин

15мин

15мин

10мин





Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу.Тренинг: «Есте сақтау» (22сурет бейнеленген слайд кқрсетіледі,сосын кім қанша суретті еске сақтағаны туралы жазады бір параққа,қорытынды:15-22 өте жақсы,10-14 жақсы,1-9 зейінді жаттықтыру қажет)
Өз сыныбындағы эмоциялық-психологиялық ахуал бойынша рефлексия.
Ресурс:
Оқу мәдениеті сіздің сыныптағы оқушыларға қалай әсер етеді? (Білім беру платформасын қара). 1- жаттығу.
А)ОҚУ МӘДЕНИЕТІ СІЗДІҢ СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРТІБІНЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?
Мына сұрақтар төңірегінде ойланыңыз:

  • Сыныпта тәртіп ережелері қаншалықты сақталады?

  • Қабылдауға болатын және қабылдауға болмайтын мінез-құлықтарға нені жатқызасыз?

  • Қандай ынталандыру шараларын қолданасыз?

  • Оқыту мақсаттарын қаншалықты нақты түсіндіресіз?

  • Жаттығулар мен тапсырмаларды түсіндіру жолдарыңыз қандай және оған оқушылардың топтары қаншалықты терең/кең деңгейде жауап береді?

  • Оқушылардың мәселелерін қаншалықты дәрежеде шеше аласыз?

  • Сіздің әртүрлі топтағы оқушыларға қолданатын тәсілдеріңіз бір-біріне қаншалықты ұқсас немесе олардың қандай айырмашылықтары бар?

Өз пікіріңізді әріптесіңізбен бөлісіңіз.

Ә)СІЗДІҢ СЫНЫПТАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАНДАЙ? ОЛ ОҚУШЫҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

біржақты

ұйымшылдық

біржақты

Негізсіз кінәлау

Күнделікті дәйекті кінәлау

Келісілгендік

Күнделікті дәйекті ауытқушылық

Негізсіз, ережелермен шектелген бұзушылық

1-кесте. Сыныптағы мұғалім мен оқушы мінез-құлқының түрлерін жіктеу

Мүмкін сіз сыныптағы психологиялық жағдайға қатысты «эмоциялық деңгей» идеясын зерттегіңіз келетін шығар. Сіздің сыныбыңызға байланысты «сенімді-достық», «формалды», «шиеленісті», «жаулық» терминдерін қарастырайық.


Сіздің сыныбыңызда эмоциялық деңгей тұрақты ма әлде ол сабақ барысында өзгеріп тұра ма?
Психологиялық жағдайлардың өзгеруіне не ықпал етеді?

  • Бұл өзгерістерді сіз қалай анықтадыңыз?

  • Эмоциялық ахуал барлық оқушылар үшін бірдей ме?

  • Психологиялық жағдайдың өзгеруіне оқушылар қалай қарайды?

Сіз өз әріптесіңізді сіздің сабақтарыңызды бақылап, сыныптың психологиялық жағдайын анықтауда өз ұсыныстарын беруін сұрай аласыз.
Психологиялық жағдайды әдейі өзгерткіңіз келген жағдайлар болды ма?
Сабақтағы жеке оқушылармен және топтармен жұмыста сіздің іс-әрекетіңіз қаншалықты жүйелі болып келеді?

• Оқушыға өзінің түсінбегендігін мойындауы маңызды екенін түсінуге қалай көмектесе аламыз? Ресурстар: 2-жаттығу. ОҚУШЫҒА ӨЗІНІҢ ТҮСІНБЕГЕНДІГІН МОЙЫНДАУЫ МАҢЫЗДЫ ЕКЕНІН ТҮСІНУГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕ АЛАМЫЗ? МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ КЕҢЕЙТУ МҮМКІНДІКТЕРІ.


Сіздің беріп тұрған материалыңыз оқушылардың түсінуіне, қабылдануына қиын болса, бұндай жағдайда не істейсіз? Бұл олардың өзін-өзі бағалауды дамытуда маңызды болып саналады. Сiз қолданатын сөздер оқушыларға қиындықтардың пайда болуы қалыпты құбылыс екендігін және де бұны мойындау оқытудың маңызды бөлігі болып табылатындығын көрсетеді.


Мұғалімдер оқушыларға олар қолдауды қажетсінетін салаларда олардың өздеріне деген сенімдерін дамытуға көмектесетін және өздерінің табысты болғандығын сезінген салаларда одан әрі ынталандыратын мәселелердің бар екендігі туралы тоқтамға келді. Бұл мынадай мәселелер:

  • Жаңа не үйрендіңдер?

  • Бәрінен де неге риза болдың?

  • Сізге ең оңайы не болды?

  • Сізге не ерекше қиын болды?

  • Өз проблемаңызды шешуге не көмектесті?

Осы сұрақтарға жауап алу үшін мұғалім оқушылармен барынша көп сөйлесуі қажет.

2а) Сабақта сөйлесуге қанша уақыт бөлінгенін зерттеу үшін, сабақтың бейнеклипін көру ұсынылады. Бұл орайда оқушылар мен мұғалім айтқан сөздердің ара-қатынасын ескеру қажет.



  • Жалпы сабақта әңгімеге қанша уақыт беріледі?

  • Әңгіме кезінде кімнің рөлі негізгі болып табылады?

  • Қай оқушы әңгімеге көп қатынасады? Белсенділігі төмен немесе мүлде әңгімеге қатыспаған кім?

  • Қай кезде мұғалім көп сөйлейді?

  • Қандай жағдайда әңгіме тек оқушылар арасында жүреді?

2б) Оқушылардың өзара қарым-қатынасы


Ересек оқушылардың өзара қарым-қатынастарының тәсілдерін терең зерттеу қажет. Бұл зерттеу түрлі қатынас түрлерінің толық тiзiмін жасауды талап етедi. «Білім алу», «ұйымдастырушылық», «әлеуметтік» және т.б. сөздерді пайдалана отырып, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жіктеуге болады. Сіздің байқауыңызша, өзіне-өзі сенімі төмен оқушыларға қатынастың нақты қай түрі көмектеседі? Бұл оларға қалай көмектеседі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет