Тақырыбы: Оқыту құралдары, олардың оқу тәрбие жұмысында алатын орны Мектептік білім беру жүйесіндегі компьютерлік телекоммуникациялар



бет3/6
Дата08.02.2022
өлшемі51,3 Kb.
#121231
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қаз ИТ Дс 7
көне түркі жазулары, Та ырыбы «Windows операциялы ж йесі. Негізгі объектілер. Сілте, Та ырыбы «Windows операциялы ж йесі. Негізгі объектілер. Сілте, BZhB algebra 7 (1), receipt kk
Қашықтықтан оқыту формасы бұл телекоммуникациялық жүйелер мен заманауи ақпараттық білім беру технологияларының көмегімен білім беру мекемелеріне бармай ақ оқытудың түрі. Қашықтықтан оқыту дегеніміз сырттай білім алу, өз өзін оқыту, жұмыс сапасын жақсарту және мамандарды қайта даярлау, «ашық» түрде оқыту жүйесі.
Қашықтықтан оқыту оқытудың дәстүрлі принциптерімен салыстырғанда мүлдем басқа әдістерге сүйенетін дидактикалық әдістердің жиынтығы. Алайда оқытушының білім алушыдан қашықтықта болуы қашықтықтан оқыту жүйесінің ең дамыған түрінде де үлкен мәселелерді туындатады. Сондықтан да барлық кезде оқытудың дәстүрлі түрі қашықтықтан оқыту жүйесінен бір саты жоғары тұрады.
Алайда білім берудің кейбір салаларында заманауи телекоммуникациялық технологиялар оқушыларға оқыту ақпараттарын және білім алу ресурстарын кеңінен пайдалануға мүмкіндік беріп, дәстүрлі түрмен салыстырғанда көптеген пайдалы жақтарға ие болады.
Қашықтықтан оқыту жүйесі жоғарғы оқыту орындарында, білім беру сапасын жақсарту және мамандарды қайта даярлау үшін қолданылады. Оның арқасында адам өз жұмысынан қол үзбей ақ өз білім алу жүйесін ыңғайлы етіп, барлық ақпаратты өз еркімен қолдана алады.
Қашықтықтан оқыту жүйесі әсіресе мүгедек оқушыларға үлкен мүмкіншіліктер береді. Заманауи ақпараттық білім беру технологиялары көзі нашар көретін, құлағы нашар еститін және қимылдау органдары дұрыс жұмыс істемейтін оқушыларды оқытуға жол ашады.
Ол жоғарғы оқу орнына дайындықты жүзеге асырады. Ол адамға өз мекен жайын ауыстырмастан өзіне ыңғайлы уақытта білім алуына жағдай жасайды, сонымен қатар ауылдық оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындалуына әсерін тигізеді.
Соңғы жылдары қашықтықтан оқыту жүйесінің төрт түрі кеңінен қолданыс табуда. Олар төмендегілерге негізделген:
А) интерактивті теледидар;
Б) компьютерлік телекоммуникациялық жүйелер арқылы тексттік файлдармен алмасу;
В) интерактивті теледидар мен компьютерлік телекоммуникациялық жүйелердің біріккен түрі;
Г) мультимедиялық ақпаратты және компьютерлік видеоконференцияларды қолданатын интерактивті түрдегі компьютерлік телекоммуникациялар жүйесі.
Қашықтықтан оқыту жүйесі видеодиск, компакт дискке жазылған курсты автономды түрде қолдана алуға жол ашады, яғни олардың арқасында білім алушы мен оқытушы арасында қарым қатынас пайда болады. Қазіргі таңда қашықтықтан оқыту жүйесі әлемдік қолданыста танымал алты үлгіге негізделе жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет