Тақырыбы: Қой- түліктің құттысы



Дата15.09.2017
өлшемі16,01 Kb.
#33602
  • Тақырыбы:
  • Қой- түліктің құттысы
  • Мақсаты:

Міндеті:

  • Қойдың маңызын анықтау;
  • Қой жасын атауымен айтылуын анықтау;
  • Қой түлігінің құттылығын дәлелдеу;
  • Қой түлігінің ерекшелігін есте қаларлықтай етіп айқындау;
  • Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлін анықтау.

Өзектілігі:

  • Түліктердің ішіндегі қой малының ерекшелігін есте қалатындай етіп анықтау.
  •  Зерттеу нәтижесі:
  • Қойдың құттылығы,киелілігі анықталады.
  • Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі.

Қазақ малының алды - қой

  • Ғылыми топтастырылуы бойынша:
  • Дүниесі: Жануарлар
  • Жамағаты (туысы): Хордалылар
  • Табы (класы): Сүтқоректілер
  • Сабы (типі): жұптұяқтылар
  • Тұқымдасы: қуысмүйізділер
  • Түрі: еділбай, меринос, қылшық жүнді, қаракөл.

Қой түлігінің құрылысы

  • 1 – тұмсық; 2 – ауыз; 3 – танау; 4 – ерін; 5 – мұрын; 6 – мұрын ортасы; 7 – маңдай; 8 – көз; 9 -  құлақ; 10 – мойын; 11 – иық астындағы қатпары; 12 – шоқтық; 13 – иық; 14 – кеуде; 15 – кеуде алды; 16 – алдыңғы аяқ; 17 – арқа; 18 – бел; 19 – аш бүйір; 20 – қабырға; 21 – алдыңғы шат; 22 – қарын; 23 – артқы шат; 24 – сауыр; 25 – сан; 26 – айыл; 27 – құйрық негізі; 28 – шалбарша; 29 – артқы аяқ.

Қой түлігінің негізгі атаулары

  • Қойдың жасына, еркек – ұрғашысына қарай атаулары:
  • Атауы -түсінік
  • 1. ұрғашы қой (төлдейтін қой),
  • 2. Саулық қой (сауылатын, көбіне бес жастан асқан қой),
  • 3. дөнен қой (төрт жастағы қой),
  • 4. құнан қой (үш жастағы),
  • 5. ісек қой (екі жастағы еркек қой),
  • 6. тұсақ (екінші көктемге шыққан, былтырғы қозы),
  • 7. кебе,кебе қозы, көпей, көрпеш,көрпелдес,көбе,көбеген (ерте туған қозы)
  • 8. Қозы түрлері: бағлан, марқа қозы, сырбаз қозы – «жетілген», «піскен» деген мағынада аталатын қозы түрлері де бар.
  • 9. Еркек қой азбан, қошқар деп атайды.

Қойдың төлі - қозы

  • Қазақ ұлды оннан
  • асысымен –
  • “қозы жасы” дейді.
  • Он бес,жиырма бестің арасы –
  • “қой жасы” делінеді.

Қазақша ет – ұлттық тағам.    Қой- еті жіліктегенде 13 мүшеге бөлінеді.

  • Түлік мүшелерінің атаулары:
  • 1. жамбас - 2
  • 2. ортан жілік - 2
  • 3. асықты жілік – 2
  • 4. беломыртқа – 1
  • 5. сүбе – 2 (сүбемен бірге бүйректен жоғарғы
  • 5 қабырға кетеді)
  • 6. қабырға – 2
  • 7. төс – 1
  • 8. омыртқа - 1
  • 9. жауырын - 2
  • 10. тоқпан жілік – 2
  • 11. кәрі жілік - 2
  • 12. бұғана - 2
  • 13. мойын -1

Бас тарту – сыйлы, алыстан келген қонақтарға қой сойып , етпен бірге бас ұсынады

  • Босағада отырған балаға,төрдегі қарияның ұсынған құлағы
  • “төр мен босаға арасындағы көпір іспеттес” болған:
  • "Сен де, балам,қартайып бас ұстайтын дәрежеге жет"-деген ниет болған

Мойын омыртқаның (қой түлігінің) –үйдің төріне ырымдап ілінуі.(ырым)

  • Дүниеге бала келгенде шілдехана беріледі.Шілдеханаға сойылған қойдың мойын омыртқасын алдымен босанған әйел жейді,қалған әйел адамдар ауыз тиеді. Мойын омыртқаға тіс тимеуі, оның бөлінбеуі, етінің қолмен үзіп желінуі қажет. Етінен тазартылған соң мойын омыртқаны үйдің төріне іліп қояды. Қазақта жас баланың мойынының қатуы осы омыртқаға байланысты деген ырым бар.

Қой етінен жасалған-ұлттық тағамдар

  • Жаубүйрек  - ұлттық тағамның бір түрі.
  • «Әсіп» - қойдың бүйенін айналдырып,жақсылап жуып тазалайды.
  • Бұжы

«Қой терісі» -бай-қуатты болсын деген ырым ретіндегі бұйымы.

  • Қазақ халқы бұрындары жаңа түскен келіннің  беташар кезінде,түскен келіннің мінезі терідей жұмсақ болсын, әрі аяғына құт біткен малды болсын деп қой терісінің үстіне тұрғызған.Сөйтіп, келіннің халық алдында бетін ашқан.

«Тоғызқұмалақ» ойыны-тамыры тереңге бойлаған дәстүрлі төл мұрасы.

  • «Құмалақ» атауының өзін алсақ, оның басқа емес малдың, анығырақ айтқанда қой-ешкінің тезегінің жалпы атауы екендігі баршаға түсінікті.
  • Бұл ойын -ұлтымыздың өшпес мәдениет үлгісі мен өнер айшығының бірі. Сонымен бірге өресі биік бұқаралық спорт өнері.
  • Жас ұрпақты зияткерлікке, ойлау қабілеттерін арттыруға, жан-жақты ой-өрісін жетілдіруге ерекше маңызға ие болып отырғаны айдан анық.

«Қой асығының асылдылығы»

  • Асық – кәдімгі санағыштың рөлін қоса атқарады.
  • «Асық ойнау» – балалардың дүниетанымын кеңейтетін ойын.
  • Асық ойынының түрлеріне: «Ханталапай», «Асық ату»,
  • «Төрт асық», “Атпақыл”,
  • «Қақпақыл» ойындары жатады.

«Қой қарыны» -таптырмас тоңазытқыш тәрізді

  • Қой қарынының кілегей қабығы құрамында ферменттер мен тұз қышқылы сөлі түзетін арнаулы клетчаткалар басқа малдарға қарағанда артығырақ болған.Сондықтан ертеде қарынға май сақтап шыдатқан. Және ол майдың дәмі тіл үйірген, көпке дейін бұзылмай сақталынған.

Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі

  • “Мал өсірсең,қой өсір,өнімі оның көл-көсір” деген сөздерде терең ұғым бар.
  • «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақжаулық, үшінші байлық – он саулық»
  • Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі - қойшы (шопан).
  • Оның пірі - «Шопан ата» (кейде «Қошқар ата») деп аталады. Сондықтан Шопан атадан тілеу тілегенде «малды берсең, қойды бер» деп өтінген.

Қой шаруашылығы әрбір аймақтық табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 4 бағытта жүргізілуде

  • Арқар, меринос қолтұқымы таулы аймақтың табиғатына төзімді. Қазіргі кезде Алматы,Павлодар, 
  • Шығыс Қазақстан аймақтарында өсіріледі.
  • Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы - Қазақстанда ертеден келе жатқан қолтұқым. Ол шөл-шөлейтті аймақта өсіруге ыңғайлы, еділбай қойынан кішілеу. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.
  • Қаракөл қойы - әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі қой тұқымы. Қаракөл қойы құрғақ далалы, шөл-шөлейтті аймақта өсіруге бейімделген. Қатаң ауа райына шыдамды, тұлғасы берік, терісі жұқа, бірақ тығыз. Қаракөл қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өсіріледі.
  • Еділбай қойы еліміздің батыс аймағында ертеден өсіріліп келеді. Еті дәмді, жүні мол, шөл-шөлейтті жерлерге бейім, ірі тұлғалы. Қазіргі кезде еділбай қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды өңірінде өсірілуде.

Ою – өрнектердің түрлері:

  • Мүйіз
  • Қосмүйіз
  • Қошқармүйіз

“Қойдың саны мыңға жетсе, керегенің басынан бас кетпейді”,деп текке айтпаған.

  • «Кисең - киім,жесең - тамақ, бақсаң – табыс» әкелетін қой малынсыз қазақтың өмірін көз алдыңа елестету қиын. Момындығының өзі ешкімге жамандық ойламайтын бауырмал да бейбітшілік сүйгіш қазақтың мінезімен астасып жатқандай. Киелі қасиеті де кем болмаса керек. Ибраһим пайғамбар жалғыз ұлын құрбандыққа шалайын деп жатқанда, көктен көк қошқардың түсуі тегін емес. Тіпті қыстық отынның басым бөлігі қойдың қиынан дайындалады (яғни көшпелі шаруашылықта қалдық болмаған,бұдан,әрине,біздің ата-бабамыздың даналығы,тапқырлығы,шаруаға ептілігі көрініс береді)
  • Киелілігінен де болар, қой аса берекетті түлік. Әйтпесе, дана бабаларымыз «Әйелсіз ерге үй бітпейді, қойсыз елге күй бітпейді» демес еді ғой. Соған қарағанда, қой малы ғасырлар бойы қазақтың тұрмыс деңгейін көрсетететін өлшем болған. Экономика дамып, өркениет қанша алға озса да, біз осыны ұмытпағанымыз дұрыс!
  •  
  • Назарларыңызға
  • рахмет !!!

Каталог: uploads -> doc -> 0744
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0744 -> Сабақ тың тақырыбы: Ең бағалы нәрсе-уақыт. Мақсаты: Оқушыларды өз уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет