Тақырыбы: «Қош келдің, әз Наурыз!» Мақсаты



Дата20.06.2018
өлшемі26,5 Kb.
#43900
Тақырыбы: «Қош келдің, әз Наурыз!»

Мақсаты: Шығыс халықтарында жыл басы Наурыз айынан саналатындығын балалар санасына жеткізу. Наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелетіндігін,одан кейінгі күндері күннің ұзарып,түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесінің қалай аталып өтілетінін таныстыру. Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп,оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр-көктем.

Жарығымен, шуағымен Күн-Ана

Алып келдің жер бетіне нұр-көктем!

Осыншама жақсылық,

Алып келдің, Наурызым!

Төрлет бізге нұр болып,

Шуақ шашып нұр жүзің!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер-дүние жасарып,жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге,адамдардың да өмірі жанданады,жайнай түседі. Олай болса,бүкіл тіршілік атаулыны жаңартады.



Балалар әуенмен ортаға шығады.

Ән: «Көктем келді».

Ибрагим: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Босқа қарап тұрмаңыздар.



Әсемай: Наурыз тойы басталды.

Қызықтан тыс қалмаңыздар.



Айсұлтан: Наурыз келсе құт келгені, халайық!

Дана: Шашу шашып, ел болып қарсы алайық!

Заңғар: Наурыз тойы-мерекелі,

Жаңа жыл-берекелі болсын!



Азиза: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Жүргізуші:Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп жатыр міне,маңайды.

Мал біткеннің бал татыған уызы.

Қуат болып қанымызға тарайды,

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері.

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді,

«Аман ба» деп «мал жаның?»

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.



(Осы кезде залда Ата-аналар бір-бірімен құшақтасып көріседі).

Осы сәтте залға Ертөстік батыр кіреді.

Ертөстік: Амансың ба, халқым менің! Ауылдарыңызда той болып жатыр екен,тойларыңыз құтты болсын. Ал,мен болсам Кенжекей аруды іздеп жолға шығып едім,көрмедіңіздер ме? Ендеше мен әрі қарай іздей берейін,соңымнан еретін көмекшілер сіздердің араларыңыздан шығар ма екен?

Балалар: Көмекке барамыз-деп бес бала шығады.

Ертөстік: Ал онда аттарыңызға отырыңыздар,жолға шығамыз.

(Ертөстік балалармен келе жатырса алдарынан жер тыңдап жүрген Саққұлаққа кездеседі).



Ертөстік: Ей,сен не қылып жүрген адамсың?

Саққұлақ: Мен Кенжекей сұлуды іздеп келе жатырған Ертөстікке жолдас болайын деп күтіп жүрген Саққұлақпын,құлағыммен тыңдап жер бетінде не болып жатырғанын біліп отырамын.

Ертөстік: Ендеше,сен іздеген Ертөстік мен боламын,ер соңымнан.

Саққұлақ: Естіп тұрмын,естіп тұрмын жақын жерде ауыл бар.Ауылда той болып жатырау деймін,сол жерге барайық.

Әжей: Келіңіздер қонақтар,тойға түсіңіздер,Наурыз тойын тойлап жатырмыз.

Жүргізуші: Көңілді өскен балалар,

Шырқатып әнге саламыз.

Тойымызға сән беріп,

Биде билей аламыз.



Би: «Батырлар».

Ертөстік: Тойларыңыз тойға ұлассын. Біздер Кежекей сұлуды іздеп жүрген жандармыз. Бұл ауылда жоқ екен әрі қарай іздеуімізді жалғастырайық. Ертөстік жолдастарымен әрі қарай жүріп кетеді. Жүріп келе жатырып жолда жүгіріп жүрген Желаяқты кездестіреді.

Желаяқ: Кенжекей сұлуды іздеп келе жатқан Ертөстікке жолдас болайын деп күтіп жүрмін.

Ертөстік: Ендеше,Ертөстік батыр мен боламын. Желаяқ,сен келесі ауылда не болып жатырғанын біліп кел. (жүгіріп келеп)

Желаяқ: Жүріңдер,жүріңдер үлкен той болып жатыр. Барайық сол тойда Кежекей сұлуды кездестірерміз.

Әжей: Армысыздар ағайын!

Тұсау кесер тойын жұп жазбай,

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық,

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп,

Тойға шашу шашайық.

«Тұсау кесу» салт-дәстүрін көрсетеді.

Жүргізуші: Біз байқамай отырған бір әнші бар,

Кішкентай Мадинаны шақырайық ортаға.

Жүректі тербеп алар әнді шырқар.

Ән: «Қасиетті домбырам».

Ертөстік: Кенжекей сұлу бұл тойда да жоқ болды.Әрі қарай сұлуымызды іздеп жүре берейік. (тауды,тауға соғып Таусоғар жүреді)

Таусоғар: Тауды,тауға соғып, Кежекей сұлуды іздеп келе жатырған Ертөстік батырдың жолын ашып,оған жолдас болуға келе жатырмын.

Ертөстік: Ау, Таусоғар батырым,бірге жүріп келесі той болып жатырған ауылға барайық,мүмкін Кенжекей сұлуды сол тойдан кездестірерміз.

(Осы кеде Желаяқ жүгіріп,қазір мен барып біліп келемін – деп жүгіріп кетеді).



Желаяқ: Мұнда,мұнда!Той болып жатыр ауылда, Кенжекей сұлу осында.

Әжей: Ертөстік келді,Ертөстік келді, Кенжекей сұлу қарсы ал батырыңды.

(Бір бала жүгіріп шығып «Ертөстік батыр мен Кенжекей сұлудың» үйлену тойына келіңдер.



Жүргізуші: Ұлы өнерді халқымыздан үйренем,

Жүректерді күмбірлеткен күйменен.

Қыздарымыз қызғалдақтай қырмызы.

Мың бұрала қазақ биін билеген.



Би: «Шашу».

Ойын: «Көкпар тарту».

Бағдаулет: Шапағатын аямай бұл шақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Ау,ағайын,келіңдер,бүгін бізде,

Наурыз көже құрт қатып,бұршақ қосқан.



Әжей: Наурыз көженің жасалу жолымен таныстырады.

Сағадат: Ой,халайық,халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.



Жүргізуші:Атыңнан айналайын қазақ әні,

Көрінер көмейінен таза жаны.

Көтерген көңілімді көкке тіреп,

Халық әні халқымның алақаны.



Ән: «Көктем келді».

Жүргізуші: Дастарханы халқымның тола берсін,

Бақыт құсы қолына қона берсін

Ұлы тойдың төресі – Наурыз тойы,

Жылдан-жылға құт тойы бола берсін! – деп,бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты ойын сауық кешіміз аяқталды.

31 «Күншуақ» МДҰ

Тақырыбы: «Қош келдің, әз Наурыз!»

(Наурыз мерекесіне арналған ойын-сауық)

5 «Нұршуақ» ортаңғы тобы.



Тәрбиешілер: Базаргалиева А.К.

Аяуова А.А.

Музыкант:Абубакирова А.Т.

Наурыз- 2018 жыл
Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет