Тақырыбы: «Отбасы –тәрбие бастауы» ата-аналар жиналысы. Мақсаты



бет3/3
Дата11.01.2017
өлшемі286,87 Kb.
#6960
1   2   3

- Сіздер әр отбасыларыңыздың ұйытқысысыздар. Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? (екі топқа бірдей)
Өнегелі отбасы


Әр топ «өнегелі отбасы» қандай болуы керек екендігі туралы өз ойларын ортаға салып, оны бір мүшесі қорғайды.

- Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата –бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата –анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан қай ата-ана болсын баласының білімді, әдепті болуын армандайды. Ал бар тәрбиеміздің көзі- ата-бабамыздан қалған асыл да дана сөздер, яғни небір кереметтің барлығы осы айтылар мақал- мәтелдерде екені сөзсіз. Олай болса келесі кезекте мақал-мәтелдерге байланысты өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар. (Мақалды жалғастыру, мағынасын ашу.)



1- топқа:

  1. Өз үйім-................... (өлең төсегім)

  2. Атасыз үй- батасыз.

.................................. (Анасыз үй панасыз)

  1. Ананың ізін қыз басар,

....................................... (Атаның ізін ұл басар)

  1. Жақсы ата-орман,

.............................. (Жақсы бала- қорған)

  1. Атаңа не қылсаң,

............................. (Алдыңа сол келер)

  1. Әкең өлсе де, ....................... (әкеңді көрген өлмесін.)

  2. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

.......................................................... (Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.)

2- топқа:

  1. Ананың көңілі балада,

......................................(Баланың көңілі далады)

  1. Ата көрген оқ жонар,

.................................... (Ана көрген тон пішер)

  1. Әкенің қадірін .......................................... (балалы болғанда білесің)

  2. Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

...................................(Атадан жаман ұл туса,

...................................Елінің малын жейді)


  1. Әдепсіз бала, ауыздықсыз атпен тең

.............................................................. (Ақылды қария, жазып қойған хатпен тең)

  1. Қарға баласын «Аппағым» дер,

...................................................... (Кірпі баласын «Жұмсағым» дер)

  1. Өз балаңды өскенше бағасын,

..................................................... (Немереңді өлгенше бағасың)

«Соқыр ана» видеосы көрсетіледі. Фильм туралы ата-аналар мен балалардың пікірлері тыңдалады.

Оқушылардың әдеби- монтажы тыңдалады:

Оқушылар ән айтып, би билейді.

Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке- біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата- бәйтерек, бала -жапырақ», «Әкеден ақыл, анадан мейір», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз – бақыттымыз.



Балаларға тапсырма:

Кәне, балалар, жеке-жеке мына сандықтың ішінен асық алыңдар, қандай нөмірлі асық алсаңыздар, сол нөмірдегі сұрақ оқылады.



  1. Не тәтті? (Ананың сүті)

  2. Не жұмсақ? (Ананың қолы)

  3. Не қымбат? (Алтын ұяң Отан қымбат, Құт- береке атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат, Бәрінен де ар мен ұят қымбат. )

  4. Отбасын кімдер құрайды? (Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, қарындас, іні, сіңілі)

  5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген? (Ата -анаға)

  6. «Үлкенге құрмет» дегенді қалай түсінесің? (Үлкендердің заттарын көтеру, айтқандарын істеу)

  7. Отбасының ұйытқысы кім? (Ана)

  8. Отбасының басшысы кім? (Әке)

  9. Отбасының әдет-ғұрыптары туралы түсініктеме бер. (Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау.)

  10. Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? (ата-ана)

-Сіздердің алдарыңызда күннің шуағы, бұлт, гүл күлтелері мен жапырақтары жатыр. Соларға сіздер білім сапасын арттыру мен тәрбие алу үшін ата-анаға, мұғалімге, оқушыға қандай талаптар қоясыздар. Соны жазыңыздар? (Әр топ мүшесі өз талаптарын жазған соң, тақтада көктем бейнесі шығады)

«Кездескенше» ойыны

Ата-аналар, барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз. Менің қолымда кішкентай ғана «Сиқырлы күн» тұр. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір –біріңізге беріп, бүгінгі жиыннан алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіресіздер. Ата-аналар, бір-біріне тілек айтады.



Мұғалім: Мағжан Жұмабаев «Тәрбиедегі мақсат- баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтқан.

Келешекте жас ұрпақты бар мейірімі мен күш –жігерін сарп етіп болашақ еліміздің тұтқасы болуына мектеп, ата-ана, ұстаз болып ықпал ете берейік. Осы тәрбие сағаты менің оқушыларыма үлкен ой салып, саналы болуға тәрбие берді деп ойлаймын. Келген ата- аналарға үлкен рахмет айта отырып, тәрбиелеп отырған балаларыңыз саналы азамат болып, сіздердің де, біздің де мақтанышымыз болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.




Каталог: uploads -> doc -> 0a39
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a39 -> Дарынды оқушыларға арналған жұмыс жоспары Информатика пәнінің мұғалімі: Аитова Карима Махамедлативовна
0a39 -> Сабақ қаңдай болу керек және не үшін керек?
0a39 -> Сабақ қазақ тілі пәнінен класс: 5 /б/ Сабақтың тақырыбы: Мемлекетіміз туралы не білуіміз керек?
0a39 -> Сабақтың тақырыбы: §21. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі
0a39 -> Бекітемін: Ж. Нұрмаханова Күні: 20 қараша 2015
0a39 -> Мағжан Жұмабаев пен Сергей Есенин шығармаларындағы үндестік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет