Тақырыбы: ОҚУ Үшін бағалау мен оқуды бағалаудың ерекшеліктері мен айырмашылықтары қалыптастырушы бағалау және оның Әдістері



бет2/2
Дата06.10.2022
өлшемі2,53 Mb.
#152025
1   2
Байланысты:
6 тапсырма
5 тапсырма, 4 ТАПСЫРМА, 5 ТАПСЫРМА ҚМЖ
Оқыту үшін бағалау
ОҮБ – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі
5
4
3
Критериалды бағалау – бұл үдеріске қатысушылардың барлығына , нақты белгіленген оқушылардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес критерийлері бар оқушылардың жетістігін салыстыруға негізделген үдеріс.
Суммативті бағалау
Формативті бағалау
Белгілі бір мерзім ішіндегі нақты білім көрсеткішін көрсетеді (қортынды тест, емтихан, сынақ, бақылау кеспелері т.б.) Бағалау әдістерін мұғалім жоспарлайды.
Күнделікті тәжірибеде қолданылады. Міндетті түрде оқушымен кері байланыс орнатылу керек. Мұғалімге сыныптың түсіну, ілгерілеу деңгейін көрсетеді
Оқытуды жақсартудың 4 басты
Оқушылармен кері байланысты тиімді қамтамасыз ету
Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы
Оқушылардың өзін өзі бағалауы
Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту
Факторы
Оқытудың қиындықтарын анықтау;
• Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата- аналар үшін);
• Болжау және сұрыптау;
• Стандарттарды бақылау және орындау;
• Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау.
Қалыптастырушы бағалау- бұл баланың оқуын үздіксіз бақылау үдерісі. Қалыптастырушы бағалау бағасыз бағалау болып табылады, ол критерийлерге сәйкес бағалауға негізделеді және кері байланысты меңзейді.
Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты- оқу үдерісінің барысында мұғалім мен оқушы қызметін түзету. Қалыптастырушы бағалау оқу нәтижесін жақсартуға бағытталған.
Қалыптастырушы бағалау –сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады (ауызша сұрақ, жазба, практикалық жұмыстар т.б.)
Мұғалім үшін оқытудың келесі деңгейін жоспарлау үшін тексеру жұмыстарының нәтижесін қолданады; оқушыға білімін арттыру үшін пайдалы кеңестер береді; жұмыс нәтижесі бойынша әр оқушыға жеке- жеке мақсаттар қояды.
Оқушы үшін өз қатесі негізінде үйренуге көмектеседі; маңыздыны түсінуге көмектеседі; қолынан не келетінін түсінеді; білмейтін тұстарын анықтайды; нені істей алмайтынын түсінеді.
Қалыптастырушы бағалаудың осы стратегиялары мұғалімдерге де, оқушыларға да міндеттер мен әдістерге қатысты қабылданатын шешімдерді реттеуге болатын құрылым ұсынады. Әдістер өзгеріп отырады және стратгияларды орындауда қолдануға болатын көптеген тәсілдер баршылық, бірақ қағидаттар тұрақты әрі негізді болуы қажет. Әртүрлі мұғалімдер әртүрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде қолданатын әдістер алуан түрлі болып келеді, бірақ тиімді тәжірибе үшін соңғы критерийлер жүйесін құрастыратын стратегиялар мен қағидаттар үнемі бір.
Қалыптастырушы бағалаудың әдістәсілдері
Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді
«Қол сигналы», «Бағдаршам», «Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға», портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа түрлерін қолдануға болады.
Қалыптастырушы бағалаудың 18 және одан да көп әдістәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады. Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді.
Қалыптастырушы бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогрессін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалау әдістерін бірнеше түрге жіктеуге болады. Әдістердің бір түрі мұғалімнің сабақ түсіндіру және жаттығулар орындау барысында қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет