Тақырыбы: «Педагогиканы оқыту әдістемесі» Педагогиканың мiндеттерi


   Сынып  жетекшiсi және оның қызмет мазмұны



бет10/13
Дата28.01.2022
өлшемі48,7 Kb.
#115388
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Бастауыш педагогика
БАЯН КІТАП ПСИХОЛОГИЯ
2.   Сынып  жетекшiсi және оның қызмет мазмұны.

Осы бастапқы мiндеттердi ескере отырып, сынып жетекшiсiнiң негiзгi қызметтерi айқындалады:

Сынып жетекшiсiнiң ең басты мiндетi қызметтерi қандай?

1.      - диагностикалық

2.      - коммуникативтiк

3.      - тәрбиелiк

4.      - жобалаушылық

5.      - ұйымдастырушылық-әрекеттiк

6.      - дамытушылық

7.      - әдiстемелiк

8.      - ынталандырушылық

9.      - бағалаушылық

10.    - қорғаушылық-қамқоршылық

11.    - түзетушiлiк

Сынып жетекшiсiнiң негiзгi мiндеттi қызметтерi оның жұмысының бағыттарын анықтауға көмектеседi.

Сынып жекетшiсiнiң жұмыс бағыттары:

1.      Оқушының жеке дамуын бақылау, оның еркiн дамып, қабiлеттерiнiң ашылуына оптималды жағдай жасау.

2.  Оқушының ынтасын, қабiлетiн, зерттеу, (кәсiби) бағдар беру.

3. Оқушыларды қоғамдық-құнды қатынастарға жетелейтiн әрекеттiң барлық түрлерiн (жеке дара, топтық, ұжымдық) ұйымдастыру.

4.      Оқушылырдың еркiндiктерi мен құқықтарын сақтауға мүмкiндiк жасау.

5.      Әр оқушыны әлеуметтендiруге мүмкiндiк беретiн сынып ұжымын тәрбиелiк орта ретiнде. қалыптастыру.

6.      Барлық тәрбиелiк күштердiң өзара ынтымақтастығы мен байланыстарын ұйымдастыру.

7.      Сыныпта оқу - тәрбие процесiн ұйымдастыру.

8.      Сынып оқушыларын сыныптың және жалпы мектеп ұжымының тәрбиелiк iс шараларына тарту және басқа ұжымдармен байланыс орнату.

9.      Оқушыларды, олардың тұрмыс жағдайларын зерттеу.

10.  Оқушылардың дамуындағы  және мiнез құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педогогикалық тұрғыдан түзету, күрделi жағдайларда басшыларды құлақтандыру.

11.  Өмiрде кездесетiн проблемаларды шешуде оқушыларға көмек көрсету.

12.  Оқушылардың әлеуметтiк және заңды құқықтарын қорғау.

13.  Тәрбие жұмысының нәтижелiгiн көрсететiн iс-қағаздар жүргiзу (оқушылардың жеке құжаттары, сынып журналы, оқушылардың күнделiгi).

14.  Мектептiң тәрбие жұмысына ұстаздарды, ата-аналарды, ғылым, өнер саласындағы мамандарды тарту.

15.  Үнемi тәрбие теориясына, практикасына, педогогика және психология  мәселелерiне байланысты өзiнiң мамандығын жетiлдiру.

16.  Өз iскерлiгi мен жауапкершiлiгiн дәлелдей отырып, балалар мен жылы қарым-қатынас орната алуы керек;

17.  Тәрбиелiк мақсаттарды көре бiлуi және оны қоя бiлуi;



Сынып жетекшiсiнiң iс-әрекетiне нұсқау

1.      Сынып жетекшiсi сыныпта оқу-тәрбие үрдiсiн басқарады.

2.      Өз сынып оқушыларының тұлғалық, психологиялық ерекшелiгiн зерттеп, психо-педагогикалық жас ерекшелiгiн бiлуi керек.

3.      Әр оқушының потенциялдық қабiлетiн ашып, интелектiсiнiң дұрыс дамып-жетiлуiне жағдай жасау.

4.      Сыныптың белсендi мүшелерiн өз бетiмен жұмыс жасауға қалыптастырады.

5.      Сыныптың оқушыларының тәртiбiн, мiнез құлқын, оқу үлгерiмiн, сабаққа қатысуын қатаң бақылайды.

6.      Сырқаттанған, көп сабақты босатқан оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастырады.

7.      Мектептiң құжаттарын уақытында дұрыс дайындап, керектi мәлiметтердi оқу iсiнiң меңгерушiсiне өткiзедi.

8.      Ата-аналармен ынтымақтастықта байланыс жасап, баласының бiлiм деңгейi, емтиханын, т.б. мәлiметтердi уақытында хабарлайды.

9.      Демалыс кезiнде оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырады.

10.  Сыныптың кезекшiлiгiн, мектептiң ауласының, сынып бөлмесiнiң тазалық жұмыстарының атқарылуын басқарады.

11.  Пән мұғалiмдерiмен тығыз байланыс орнатып, сыныптың психологиялық жағдайына талдау жасайды.

12.  Өз сыныбына психо-педогогикалық консилиум өткiзедi.

13.  Сыныптың оқушылары мен мектептiң iс-әрекетiне қатысады.

14.  Заңды түрде сыныптың жетекшiсi баланың өмiрi мен денсаулығына, бiлiмiне жауап бередi.

Сынып жетекшiсiнiң циклограммасы

1. Күнде:

         сабаққа келмеген және кешiккен оқушылардың себебiн анықтап, олармен жұмыс жасайды;

         оқушылар тамақтануын ұйымдастырады;

         сынып бөлмесiндегi, мектептегi кезекшiлiктi ұйымдастырды;

         оқушымен жекелеме жұмыс жасайды;

         оқушының сыртқы бейнесiн қадағалайды.

2. Аптасына:

- оқушының күнделiгiн тексередi;

         тәлiм тәрбие сабағын өткiзедi;

         ата-аналармен жұмыс жасайды;

         пән мұғалiмдерiмен жұмыс жасайды;

         мектеп дәрiгерiмен кеңеседi;

         сыныбының сабағына қатысады;

         анықталған оқушылардың бiлiм деңгейiн талдап, ата-аналарына хабарлайды.

3. Айына:

         оқу жарнасының жиналуын қадағалайды;

         пән мұғалiмдерiнiң жиынын өткiзедi;

         жекелеме картасына талдау жасайды;

         оқушыларға күнделiк жүргiзедi;

         педагогикалық-психологиялық картасын толтырады;

         мектептiң кезекшiлiгiн ұйымдастырады.

1.      Тоқсанда:

         сынып құжатарын толтырады;

         әкiмшiлiк мәлiметтер тапсырады;

         ата-аналар жиналысын өткiзедi;

2.      Жылына бiр рет:

         ашық тәлiм-тәрбие сабағын өткiзедi;

         оқушының жеке iс-қағаздарын толтырады;

         сыныптың тәлiм-тәрбие жоспарын жасайды, осы жоспар бойынша жұмыстарға талдау жасайды.



 Сынып жетекшiсiне қандай қасиеттер мен қабiлеттер тән болуы керек?

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет