Тақырыбы: Платонизм,неоплатонизм және аристотелизм концепциялары



бет1/2
Дата27.03.2024
өлшемі151,71 Kb.
#200314
  1   2
Байланысты:
Қарақат сөж


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті



СӨЖ

Тақырыбы: Платонизм,неоплатонизм және аристотелизм концепциялары.
Николос Кузанский, Николай Коперник ілімдері
Орындаған: Наушанбек Қарақат
Тексерген: Бияздыкова Кенжегул

Алматы 2024 жыл


Жоспары:

I.Кіріспе


II.Негізгі бөлім


2.1. Ежелгі Шығыс философиясы
2.2. Үнді философиясы
2.3. Қытай философиясы

III. Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер тізімі



Кіріспе
Философия-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор.
Философия — дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ.
2.1. Ежелгі Шығыс философиясы
Шығыс философиясының қалыптасуына негіз болған көптеген ерекшеліктер бар, олар: өндіргіш күштердегі секіріс; ақшалай-заттай қатынастардың пайда болуы; рулық-тайпалық құрылымның әлсіреуі; алғашқы мемлекеттердің пайда бола бастауы; дәстүрлі діннің оппозициясының өсуі; тиісті адамгершілік ережелер мен түсініктердің сынға алынуы; ғылыми және ғылыми емес білімдердің алғышарттарының пайда болуы т. б.
Ең көне философиялық ілімдер Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ежелгі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады. 
Ежелгі Қытайдың философиялық ойлаудың бастапқы негізі Дао термині түсіндіру төңірегінде болды. Бұл терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез келген болмыстың заңнын, ұйымдастыру сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың табиғи жолмен бірге, аспандағы «табиғаттан тыс» күштің әмірін, ғарыштың үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайындағы ілім алғашында бес элементпен тығыз байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол жайындағы түсініктер догматтық сипатқа ие болды. 
Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі, негізі. Осыдан кейін «дао – аспан мен жердің түп тамыры», «барлық заттардың анасы» деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін екі бастаманың: қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің, жұбайлардың (инь мен ян) әрекеттесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтарға бөлінуінің, олардың бірігуі мен терістеуінің шиелініскен түрін құрады. 
Ежелгіі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты туралы мәселе – адам табиғаты жағынан қандай – қайырымды ма әлде мейірімсіз бе? – деген мәселе аса маңызды орын алды. Олар қоғамдық тәрбие мен жеке тәрбие мәселелеріне де үлкен көңіл бөлді.
Қытай ойшылдарының алдында философияның негізгі мәселелері мен даму мәселелері кең көлемде және айқын формада қойылмады. Дегенмен, Конфуцийді, Лао- Цзыны идеалистер қатарына, ал Сюнь- Цзы, Хан Фэй, Ван-Чундыт.б. материализмге бейімдер қатарына жатқызуға болады. Лао-Цзы мен Хан Фейдің көзқарастарынан диалектиканың кейбір элементтері байқалады. 
Ежелгі Үнді философиясына тән негізгі сипат- адамгершілікке, риханикалыққа баса назар аудару. Қазіргі кезде «иоганы» жаттықтыру, денені машықтандыру мағынасында түсіндіру орын алуда. 
Ежелгі үнді философиясы үшін адамның «өз басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көре білудің зор маңызы болды. Сондай-ақ адамды рухани жағынан жетілдіру мәселесін барлық философиялық пайымдаудың өзегі етіп қою арқылы ертедегі үнді философиясы адам танымға және бай тұрмысқа талпынуымен қатар, терең рухани өмірге, рухани дүниеге де талпынуы тиіс деген талап қойды. 
Ежелгі үнді философиясына тән екінші бір ерекшелік – онда салт-сана (дәстүрлік) мәдинеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдинет ұстаздың бет-бейнесін (көзқарасын ғана емес) толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-әрекетіне, сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап етеді. 

2.2.Үнді философиясы


Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы- Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.
Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна - тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар - ой еңбегімен, кшатрийлер - әскери істермен, вайшьялар - жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар - қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік - варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.
Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі - жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды.
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:
1) ғылыми оймен байланысының аздығы;
2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
3) діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.
Ежелгі Үнді философиясының бастауы — біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл атқарды.
«Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді.
Ведалар 4 бөліктен түрады:
1) Самхиттер — құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;
2) Брахмандар — діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр.
3) Араньяктар — «Орман кітаптары» — қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі «іс-әрекет жолынан» «білім жолына», тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.
4) Уланишадалар — философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта («Ведалардың соңы») деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дөуірімізге дейінгі VІІ-VІ ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХП ғасырларға дейін жалғасты. Упанишадалар — ұстаздың шәкіртпен диалог-әңгімесі, оның тақырыбы — болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.
Махабхарата көне Үндінің философиялық ескерткіштерінің бірі бо-лыптабылады.

Көне Үнді философиясының негізгі мектептері


Жайнизм — көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы — біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды.
Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса — тірі мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя — ұрлық жасамау; сатья — шыншылдық; апариграха — үйірсектікке (М.Әуезов өзінің «Будда» еңбегінде осы ұғымды «жабыспау» деп аударған) тиым салу. Махавира бүл тиымдарға бесіншісін — брахмачарья — некеден бас тартуды қосты. Жайн монахтары ұстанулары тиіс осы тиым салулар екі мың жарым жыл бойы қатаң сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс.
Зат, жайндардың түсінігінде, ұсақ және бөлінбейтін бөліктер — атом-дардан тұратын, бірігетін және ыдырайтын, сезілетін, формасы бар, бел-сенді, әр түрлі қасиеттерге ие, қозғалыста болып отыратын субстанция. Оның алты күйі бар:
стхула-стхула — «өте дөрекі», яғни қатты заттар.
стхула — «дөрекі», мысалы, сұйықтар;
стхула — сукшма — «дөрекі-нәзік», мысалы, көлеңкелер және айнадағы бейнелер;
сукшма-стхупа — «нәзік-дөрекі», көзге көрінбейтін газдар, иістер;
сукшма — «нәзік», ешқандай сезім мүшелері қабылдамайтын карма, энергия; сукшма-сукшма — атом секілді «өте нәзік» зат.
Уақытты субстанция деп тек қана дигамбаралар мойындайды, ол бар-лық субстанциялардың барлық көріністерінің әлемдік кеңістікте пайда бо-луының, өмір сүруінің және жойылуының негізі ретінде қарастырылады.
Адам және оның өмірі мәселесін шешуде жайнизм «өмір дегеніміз -азап» ұғымын ұстанады. Азап — карма заңының нәтижесі. Карма заңының мәні мынада: жеке өмір ағынын құрайтын элементтерге бұрынғы элементтер мен адамгершілік сипаты бар істер әсер етеді, адамның жақсы немесе жаман қылығы бүкіл ағында ерте ме, кеш пе, бір салдар туғызады. Жайнизм бұл заңды жеңуге болатынына сенімді, оны жеңетін джина (жын). Өткен өмірдегі жаман істерді адам үш нәрсені орындау -дұрыс сенім, дұрыс таным және дұрыс мінез-құлық арқылы жеңе алады, бірақ адам азаптан толық құтылу үшін жан денеден тәуелсіз, жоғары тұруы керек. Дене құрсауынан шыға алмаған жан құмарлыққа, нәпсіге икем келеді де, бейнет шегеді, тері арқылы жанның ішіне лас заттар ағыны өтіп, адам моральдық азғындауға ұшырайды.
Буддизм — көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінін: негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы — біздің дәуірімізге дей: 560-480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетг өмір сүрген Сидхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбін Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр). Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыс-тарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті.
Азапты өмірден құтылудың екі жолы бар: сыртқы дүниені озгерту ар-кылы адамдардың бәріне ортақ утопия құру және өзіндік «Менді» өзгер-
өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын «ішкі утопияны» құру- Будда екінші, экзистенциалдық жолды тандап, тақуалық өмір кешуге. адамзаттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйінен кетіп, Урувилланың маңындағы Бодхи ағашының астындағы оңаша жерге орналасқан Сидхартха ханзада жеті күннен соң қасіретті өмірден тазару жолдарын тауып, нұрланады. Азап шегу мен қасіретке толы өмірден құтылудың жолын ол төрт ақиқат арқылы белгілейді:
1) өмір — тынымсыз күрес, азап, бейнет;
2) азап, бейнет нәпсіден, құмарлық-құштарлықтан туады;
3) азаптың себебі бар. Оны танып-білуге болады;
4) азап пен бейнеттен құтылу жолы сегіз қағидадан тұрады. Буддизм өмірге құмарлықты жеңу оңай емес деп түсіндіреді. Ол үшін
дұрыс жол тандап алу қажет, ал оған дұрыс көре білу, дұрыс ой, дұрыс сөз, дұрыс іс-әрекет, дұрыс өмір салты, дұрыс куш-жігер, дұрыс назар, дұрыс көңіл бөлу секілді адамгершілік принциптерден тұратын сегіздік жол кіреді. Осы қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру арқылы нирванага, тыныштыққа жетуге болады.
Үнді философиясының басқа бағыттары сияқты буддизм де өлі материяның, органикалық дүниенің және жанды дүние элементтерінің ара-сында себептілік бар екендігін мойындайды және соңғы себептілікті ерекше бөліп көрсетеді (карма теориясы). Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы деп есептемегенімен. адамдарды карманың бар екендігін ұмытпауға шақырады, сол арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік ластану ағынның барлық элементтерін кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте жойып, мүлдем тазару жолымен нирванаға жетуге болады. Нирвана — адамдардың көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқа бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру. бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.
Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп ойлап, пайымдауға негізделген медитация — йога деп көрсетеді. Тұлға элементтер мен сана ағынынан тұрады, ал элементтердің арасында адамның өз ойларын бір нүктеге жинақтау қабілеті — йога аса құнды. Буддизм бұл қабілет әр адамның бойында бар, мәселе оны дамыта білуде деп есептеиді, яғни, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Осы факторды ерекше атап көрсету керек, себебі буддизм адамның жетілуі оның өз қолында, адам бейнет-қасіреттен өз күшшен, сыртқы күштердің, қоғамның әсерінсіз, өзіндік моральдық және интеллектуальдік жетілудің негізінде құтылуға қабілетті деп пайымдайды.
Иога — әдетте бұл ұғым индивидтің өзін-өзі физикалық жағынан жет-ілдіруінің техникасы ретінде түсініледі. Шындығында, йога — терең мәнді философиялық ұғым.
2.3. Қытай философиясы
Қытай философиясы өз дамуында негізгі үш кезеңнен өтті:
1) б.д.д. VII ғ. - б.д. III ғ. Ежелгі ұлттық философиялық мектептердің
пайдa болуы мен қалыптасуы.
2) б.д. III-XIX ғ.ғ. - Қытайға үндіден буддизмнің енуі (б.д. III ғ.) және
оның ұлттық философиялық мектептерге ықпалы.
3) б.д. XX ғ. Қазіргі кезең - қытай қоғамының тұйықтығының жойылып,
қытай философиясының европалық және әлемдік философия жетістіктерімен баюы.
Қытай философиясындағы өзекті ұғымдар
Ежелгі Қытай философиялық дәстүрі бойынша адам 3 түрлі космостық
энергияның жиынтығы болып табылады:
1) цзин;
2) ци;
3) Шэнь.
Цзин - тіршіліктің, жаратылыстың туылу, пайда болу қуаты. Бұл
психофизиологиялық қуат екі түрге жіктеледі:
1) «Алдыңғы Аспан ұрығы» - адамға туа берілетін гендік программа,
денелік - тәндік ерекшеліктер;
2) «Кейінгі Аспан ұрығы» - адамның өмір бойғы әрекеттерінің сипаты.
Сонымен қатар цзин сексуалды энергияны да білдіреді.
Ци - (цзин-туу энергиясымен салыстырғанда) дүние тіршіліктің құрылыс
материялы қызметін атқаратын материалдық - рухани энергия.
Ци энергиясы былай жіктеледі:
1) Заттық ци арқасында заттар мен тірі организмдер
материалды формаға ие болады.
2) рухани ци - адам және тірі тіршіліктің жаны.
Рухани ци-адам өмірінің негізі. Тәні-жаны сау, табысты, жолы болғыш
адамның циі - «таза», «сәулелі». Әлсіз, ауру, жолы сәтсіз адамның циі «ауыр»,«лас», «күңгірт».
Табысқа, тәндік және рухани саулыққа, бақытқа жету үшін адам өз
бойын барлық артық, ауыр, лас энергиядан тазартуы қажет.
Шэнь - адам тұлғасының негізін құрайтын және (ци сияқты емес)
өлімнен соң жойылмайтын адам бойындағы сарқылмас рухани энергия.
Мұндай 3 түрлі космостық энергиядан өзге қытай философиясы 2 түрлі
сексуалды энергияны бөледі.
ян - ерлік бастама, сексуалды энергия;
инь - әйелдік бастама, сексуалды энергия.
Бүкіл тіршілік екі қарама - қарсылықтан құралады: тірі табиғатта
адамдар, жануарлар ер-әйелге бөлінсе, өлі табиғатта да ерлік бастама ян (күн,аспан, құрғақтың, салмақсыздық-жеңілдік) және инь (Ай, Жер, тегістік, ылғал)бар.Қытайлық дүниетаным бойынша тірі және өлі табиғат, бүкіл дүние тіршілігі негізінде Тай-цзи-ян мен иньнің бірін-бірі өзара толықтыруы,
алмастыруы, бірлігімен күресі жатыр.
Даосизм
Даосизм дүние құрылысы мен тіршілігінің негіздерін және адам,
табиғат, космостың байланыс жүйелерін түсіндіруге тырысатын қытайдағы ең ежелгі философиялық ілім.
Негізін қалаушысы - б.д.д. VI ғ. соңы мен V ғ. басында өмір сүрген
Лао Цзы («Қарт ұстаз»).
Сонымен даосизм философиясы адам мен табиғат арасындағы
қатынасты үйлестіруге бағытталды. Адамның мақсаты - Даоны (жолды) білу
және іске асыру. «Даоны» - Жолды іске асыру мына ережелер арқылы өмір
сүруді талап етеді.
1) Қарапайым өмір сүру.
2) Жанды, рухты қанағаттандыру.
Осы ережелердің негізінде өмір сүрген адам табиғатпен және басқа
адамдармен үйлесімділікте болады, оның іс-қимылдары жемісті нәтиже
береді.
Дао жолынан таймау - бұл табиғилыққа қарсы шықпай өмір-өзен
ағымымен жүзу. Даоны дәл қолдану - «табиғи күйге сәйкес әрекет жасау»
дегенді білдіреді.
Дао болмыс та емес, бейболмыс та емес. Ол - алғашқы себеп. Бұл
мағынада даоны үнді философиясындағы шуньята (бос кеңістік) ұғымымен
теңестіруге болады. Дао - әмбебап, ол кез келген нәрсеге, құбылысқа ене
алады және мәңгі тозбайды.
«Дао-Дэ-Цзиндегі» Дао және Дэ туралы ілімі. Дао әлем қозғалатын Ұлы
Жол немесе дүниенің пайда болуын, дамуы және жойылуын реттейтін Ғарыш Заңы болуымен қатар, Дао-субстанция, яғни осы заңның негізі, көрінісі, әрі сақтаушысы. Осыдан келіп Дао - бүкіл тіршілік, мән атаулының
субстанцияланған заңдылығы. Даоға игі күш-Дэ (ізгілік) тән.
Метафизика тұрғысынан алғанда, дао- бұл барлық нақтылықтың қайнар
көзі, сондай-ақ барлық құбылыстың барар соңғы мақсаты. Оған тиянақты
субстанционалдық негіз тән емес, ол тек тіршіліктің тууы мен өшуін
қамтамасыз етеді.Даостықтардың пікірінше бейболмыс - алғашқы, оны атауы жоқ дао деуге болады. Егер оған атау берілетін болса, ол болмысқа айналады.Бейболмыс болмысты тудырады. Болмыс - атауы бар нәрсенің
субстанционалдық түп негізі бей болмыс болғандықтан олар тұрақсызданып,жойылып бейболмысқа айналып кетеді. Осы қайта оралу ғана - тұрақтылық,ал өзгенің бәрі өзгермейді. Трактатта былай делінген: «Дао жалғызды жаратады, жалғыз екеуді жаратады, ал екеу үшеуді жаратады, үшеуден бәрі тарайды. Бар тіршілік өз бойында инь және янды ұстайды, цимен толықтырылады және гармонияны түзеді». Үшеу деп аспан мен жер,гармонияның Ұлы заңы айтылып тұр. Ци ұғымы әлемнің қозғаушы күші деп қарастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет