Тақырыбы: Платонизм,неоплатонизм және аристотелизм концепциялары



бет2/2
Дата27.03.2024
өлшемі151,71 Kb.
#200314
1   2
Байланысты:
Қарақат сөж

III. Қорытынды
Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың аяғы - І мыңжылдықтың басынан бізге ежелгі үнді діни әдебиеті –Веда ескерткіштері жеткен. Шамамен б.з. дейінгі 800 жылы пайда болған упанишадтар индоарийцтердің діни түсініктерінің дамуында келесі қадам болып табылады. Эпикалық әдебиеттің негізгі ескерткіштері “Махабхарата” мен “Рамаяна” болды, олар б.з. бірінші ғасырларында санскритте жазылған, бірақ олар б.з. дейінгі IV ғасырда пайда болған. 
Үндістанның ежелгі тарихының көптеген құпиясы ашылмаған. Алайда б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта шыққан ескі әдебиет көздерінде құл иелену қатынастарының дамуы туралы айтылады. Үндістанның б.з. дейінгі VI ғасырдағы қоғамдық-мемлекеттік құрылысын бейнелейтін «Ману заңдарында» қоғамдық еңбек бөлінісі, билеу мен бағынышты болу қатынастары жазылған. 
Әлеуметтік шығу тегімен және сипатымен ескерілген ежелгі үнді қоғамын қатты дифференциация тұйық қоғамдық топтарды қалыптастырумен аяқталды: сословиелер бойынша – варналар (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер, шудралар), кәсіптік қызметі бойынша – касталар (олар 3,5 мың). Брахмандар атақты абыздар руының өкілдері болды, олар құдайлармен байланыс жасап, мемлекетті басқарды. Кшатрийлер деп әскери ақсүйектердің өкілдерін атаған. Қос варна қоғамның пұрсатты тобын құрады. Еңбекші халық вайшьилер мен шудралар варнасына кірді. Вайшьилер шаруашылық қызметпен шұғылданды: егіншілікпен, қолөнермен, саудамен. Шудралардың үлесі – басқа касталардың мүшелеріне қалтықсыз қызмет ету. Олар құқықсыз болды және жеке меншігі болған жоқ. 
Дін қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін пайдаланылды. Құдайлар иерархиясы қаланды. Олардың ішінде жоғарғылары – Брахма (Ғаламды жасаушы), Вишну (оны сақтаушы), Шива (оны бұзушы). 
Б.з. дейінгі VI ғ. дамыған құл иеленуші қоғамның идеологиясы буддизм болады. Оның негізін қалаушы – Будда б.з. дейінгі 563 ж. туды. Ол Шакья-Муни патша руынан шыққан ханзада болды, оның шын аты – Сиддхартха Гаутама. Гаутама өз ілімінің мәнін төрт игілікті шындықта айтқан. 1. Өмір мәні қайғы-қасірет көру. 2. Қайғы-қасірет көру себебі, көзі - өмір сүруді көксеу: ләззат алуды, билік жүргізуді көксеу, тілек тілеу, құштарлық. 3. Қайғы-қасіреттен құтылу үшін тілек пен құштарлықты түп тамырымен жұлып алып, одан құтылу керек. 4. Ол үшін алдымен көзін ашатын, одан соң нирванаға әкелетін сегіз сатыдан тұратын өзін-өзі қайта құру жолы бар.

Қолданылған әдебиеттер


1. Абишев Қ. Философия. Алматы, 1999 ж
2. Алтай Ж және т.б. Философия тарихы. Алматы, 1998 ж.
3. Бейсенов Қ. Философия тарихы. Алматы, 1992ж.
4. ҒабитовТ.Х. Философия. Алматы, 2002ж
5. Фың Юлән. Философия. 1997ж. .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет