Тақырыбы: «Рәміздерім – мақтанышым» Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі16,7 Kb.
#83511
Байланысты:
Рәміздерім-Мақтанышым


Тақырыбы: «Рәміздерім – мақтанышым»
Мақсаты: Балаларды Қазақстан Республикасының мемелекеттік рәміздерімен, олардың авторларымен таныстыру. Ұлттық рәміздеріміздің әрбіріне қысқаша шолу.
Көрнекіліктер: фотосуреттер, интерактивті тақта, Ту, Елтаңба, Әнұран, слайд.
Барысы: Әнұран орындалады
жүргізуші: Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөздерімен бастауды жөн көрдік: «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жақын бейнесі. Мемелекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр», - деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын.
жүргізуші: Негізін қалаған жас мемлекеттердің қай қайсыныңда болмасын алғашқы жасайтын маңызды рәсми қадамдарының бірі – гимн, елдің туы және елтаңбасын ойлап алуы. Өйткені бұл нышандар саяси тәуелсіздік пен егемендіктің бірегей белгілері болып саналады. Мемлекеттік нышандар бір елдің салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін білдіретін белгі.
жүргізуші:
-Балалар, елбасымыз кім? Н.Ә.Назарбаев.
-Енді мемлекеттік рәміздерді атап беріңіздерші?
-Ту, Елтаңба, Әнұран.
-Дұрыс
Енді мемлекеттік рәміздерімізді орыс және ағылшын тілдерінде айтып көрейік.
Біздің елбасымыз – our president is N.Nazarbayev, наш президент – Нурсултан Назарбаев.
Мемлекеттік Әнұран – National anthem, гимн.
Елтаңба – State’s emblem, Герб.
Еліміздің туы – Flag of country, флаг.

жүргізуші: Елтаңбада нелер бейнеленгеніне назар аударайық. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Елтаңбаның негізіне шаңырақ алынған. Шаңырақ отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму белгісі, болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы "Қазақстан" деген жазу республиканың атын көрсетеді.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Әнұранды түргеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
жүргізуші: Балалар көңілімізді бір сергітіп алайық. Бәріміз орнымыздан тұрамыз.
Сергіту сәті: Арам зам-зам
жүргізуші: Рәміздерім – елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Рәміздерім - Әнұран, Ту, Елтаңба.
Рәміздерді жатқа білген - жөн кісі,
Оқушыларымыздың өлең-шумақтарына кезек берейік:
Гауһар:
Елтаңбасы елімнің
Неткен айбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!
Ақмерей:
Бейнелеп сан ғасырды,
Елтаңбасы елімнің.
Таратады хас үлгі,
Киесіндей елімнің.
Хасан:
Среди всех народов,
Среди разных стран.
Люблю больше всех я
Родной Казахстан
Инаят:
Казахстан любимый мой,
Буду я всегда с тобой!
Здесь и мама и друзья,
Это Родина моя!
Муслим:
My flag is blue
My flag is bright
I like it very much
Ислам:
The yellow sun
The blue-blue sky
And the eagle is flying high
Нұрасыл:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы
Назерке:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
жүргізуші: Жарайсыңдар Балалар!
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.
-деп 1 сынып оқушысы ... Ибраһимді «...» атты мәнерлеп оқуымен сахнаға шақырамыз.
жүргізуші: Керемет! Өнерің өрге жүзсің Ибраһим!
Мемлекетіміздің Туының авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Егер де Туға тұтас зер салсақ, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзіне әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі, оның астында қияға қаққан қыран – тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
Балалар алдымыздағы 3 мемлекеттің Қазақстан, Ресей, АҚШ туларының қайсысы түссе соны бояп шығамыз.
жүргізуші: - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
Ендігі кезекті әнге берейік. Хор: Атамекен
жүргізуші: Тәрбие сағатымызды аяқтамас бұрын өтілген сабағымыздағы сандар туралы әнімізді айтайық.
1- is for fun
2- is for you
3- is for me
4- is for more
5- is for smile
Қазақстан: Туымен – Тұғырлы
Елтаңбасымен – Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!
Осымен 1 сыныптың дайындаған «Рәміздерім – мақтанышым» атты тәрбие сағатын жабық деп жариялаймыз!!!
Көңіл бөліп, алтын уақыттарыңызды қиып келгендеріңізге Рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет