Тақырыбы: Сабақта жаңа технология элементтерін


« Әдебиеттік оқу» пәнінен оқыту технологиясы



бет7/17
Дата13.02.2017
өлшемі6,46 Mb.
#9047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
« Әдебиеттік оқу» пәнінен оқыту технологиясы

Пәнді оқыту барысында топтық, ұжымдық жеке жұмыс түрлерін ұйымдастырамын, шығармашылық жұмыс (өлең құрастыру, эсса жазу, мәтін бойынша сурет салу, кейіпкерге мінездеме беру, хабарлама дайындау, қосымша деректер жинақтау) жүргіземін. Оқыту барысында мәтіннің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық бағыттарына ерекше көңіл бөлемін, көркем сөздер арқылы оқушының тілін дамыту, сөздік қорларын байытуға назар аударамын. Оқыту технологияларын таңдау оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруына игі ықпал ететіндей мақсатта орындалады. Оқытудың әдістемелік ұстанымдары жеке тұлғаның дербес дамуына жағдай туғызуға, берілген тапсырмаларды орындауда оңтайлы шешім қабылдауға дағдыландыруға бағыт беремін. Оқушының негізгі құзыреттілігін қалыптастыруды көздейтін технологияларды қолдануда ұтымды тәсілдерді пайдаланудың орнын, тиімділігін ажырата білу қажет. Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін технологияларды (жобалау, зерттеушілік т.б.) игеруге, енгізуге жағдай туғызамын . Жаңа технологияларды зерделей отырып, таңдалған әдіс-тәсілдер жиыны мұғалім мен оқушы арасындағы түсіністік қатынасқа негізделеді. Технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушыны дербес, топтық, ұжымдық жұмыс сияқты түрлі формада ұйымдастырылған тәсілдерге төселдіре отырып, өз бетімен ізденуіне бағыт-бағдар беремін. Әдебиеттік оқу сабағында баланың ой – өрісін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне – өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Мақсаты: Балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру. Жеке тұлғаның өсуі дегеніміз кісілік қасиетін шығармашылық қасиетін, дүниетанымен кеңейту.

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту ой өрісін, тіл байлығын дамыту, есте сақтау. Өз беттерінше жұмыс істеуге еркін сөйлеуге өз ойларын ел алдында аша білуге, ізденімпаздықпен, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Оқушының рухани күш – қуаты мен ерік – жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті- жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.

Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтың педагогы Я. А. Коменский: « Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын танымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.

Жеке тұлғаға тән қасиеті- ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана- сезім өлшемімін қарап бағалауға бейім тұруы сондықтан өмірді танып білу- миллондаған жеке тұлғалардың сезім түсінігінен тұрады.

Шығармашылық – бұл оқушылардың өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін оқушы дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

«Тұлғаның қалыптасуы» ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өзінің тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым – қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген және құндылық атаулына тұрақты таңдай алатын деген сияқты дамудың шартты түрде жетістіктерге енеді


  1. Балалардың өзіндік ойлау ерекшіліктері басым, түрлі болжамдар жасауға қабілетті, қиялы ұшқыр, өзін тануға құштар.

  2. Шығармашылықпен айналасуға ұмтылып тұрады, шығармашылық күшін сынауға тырысады.

  3. Шығаршылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әректтерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласы сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.Философияда «қабілеттерді»тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс – әрекеттері қалыптасқан.



Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әректтер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым суретпен, мәтінмен, сызбамен, диаграммамен жұмыс істеу жұмыстарын ұйымдастырамын








Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс – тәсілдерді өз сабағымда қолданамын:



  1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

  2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

  3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

  4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

  5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге

қарап жұмбақ құрастыру.

  1. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

  2. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. ( тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

  3. Өлең, мақалдар құрастыру.

  4. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

  5. Кейіпкерге мінездеме беру.

  6. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу, мүсіндеу.

  7. Рөльге бөліп оқыту.

  8. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

  9. Диалог – ертегі.

  10. Образға кіру.

Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземін. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейін. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырып салма ақын, диалог ертегі, жұмбақ – мақалдар құрастыру.



1 тапсырма «Образға кіру»

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен – Гүлмін.

( Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарға әңгіме жаздырамын. 1 оқушының әңгімесі: Мен – Гүлмін.

Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен ешкімге жамандық істемеймін.



Осы арқылы оқушылардың ой – өрістерін кеңейтіп, тілдерін дамытамын.



2 тапсырма «Талдау және қиялдау»

Бастауыш сынып оқушыларының ой – санасын, қабілетін,



Шығармашылық дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. 3 сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ – жауап алынды.

  • Әңгіме кім жайында ? (қайырымды, мейірімді бала жайында)

  • Екі бала жайында не айтасыңдар?

Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.


Жантас

Мейірімсіз, қатыгез, жаман,

Әдепсіз, ешкімді аямайды,

Балапанды азаптады.



Қожа

Қайырымды, мейірімді, қамқорлы,

Жақсы, әдепті, жаны ашитын
Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?

Торғай

аянышты әлсіреген жарақаттанған жалынышты Осыны оқи отыра қандай көңіл – күйді бастан кешірдіңдер ? ( Жантасқа ызаландық, ренжідік т. б)

- Балапанды аядық, көмектескіміз келді

- Қожаның ісіне қуандық.

- Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді ?

- Кездескенде не деп айтар едіңдер?

- Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?

- Осы бойынша қандай мақал – мәтелдер айтар едіңдер ?

- Қандай сурет салар едіңдер?

- Қалай мүсіндер едіңдер?

Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.
Қорытынды: өзімнің тәжірибемді қорыта келгенде мынадай түйін:


  1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.

  2. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс – әрекетке қабілеті артты.

  3. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына көмегі тиері сөзсіз.

Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдалнып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

Баяндама

Тақырыбы: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту .

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.

Оқушылардың белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.

Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мен ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағыттаймын. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызамын. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырамын. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек. Баланың қиялын дамытып, ойын жетілдіру. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарама-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мен сабақтарда әдіс –тәсілдердіпайдалана отырып., балалардың ұсыныс пікірлерінеркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздерінедеген сенімінтуғызамын. Әдіс-тәсілмен өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дағдысын, оларды сөйлесуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отырамын. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып танылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын.

Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.

Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оған байланысты «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбын алдыма келелі мәселе етіп таңдап алдым. Бұл мәселені алудағы мақсатым – оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасын қалыптасуына жол ашу шығармашылығын дамыту. Оқушының шығармашылығына бағыт- бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі – деп атап көрсете келіп, мұғалім баланы ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін туғызады.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Оқушылардың шығармашылық, ісмерлік дағдыларын қалыптастыру жолдарын қарастыруда осы үрдістің психологиялық тетіктерімен педагогикалық әдістері жан-жақты талданып, зерделеу мәселесін шешу ілігі туындайды. Шығармашылық ұғымына берілген анықтамалар оған өз қатарындағы адамдардан балалардан жоғары ақыл-ой қызметімен ерекшеленетін адам қасиетін жатқызады.

Шығармашылық тапсырманы шешімін жобалау арқылы ойлау амалдарын ұйымдастыру оны тиімді шешудің бір жолы. Оқушылардың шығармашылық ісмерліктерін дамыту олардың сын пікірін қалыптастырумен тығыз байланысты. Білім беру мектептен басталады. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, Олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу материалы терең ұғына білуге баулу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана оқушының шығармашылық қабілеті дами түседі.



Қорыта айтқанда оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой - өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

Сыныптан тыс жұмыстар





Каталог: D6E63DE89EED6D0E


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет