Тақырыбы: «Сарқылмайтын жылылық, ұстаз аты ұлылық». Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі17,09 Kb.
#88914
Байланысты:
8 март


Тақырыбы: «Сарқылмайтын жылылық, ұстаз аты - ұлылық».
Мақсаты: Жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген ұстаздарға құрмет көрсету, еңбектерін елеп – ескеру, мадақтау. Қазіргі қоғамдағы ұстаздардың рөлін айқындай түсу бағытында мектеп оқушыларына рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру.
1 – жүргізуші: Армысыздар, мектебімнің асылдары,
Жайнаған көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары!
2 – жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, арулар!
Өздеріңізге арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Музыкалық номер:
1 – жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, арулар! Өздеріңізге арналған мереке күннің көктемнің алғашқы шуақты күндерімен дөп келуі қандай тамаша!
2 – жүргізуші: Арулар мерекесі кезінде табиғат жадырап, күн күліп, дархан даламыздың барлық өңірі жылылыққа бөленеді! Осындай мерекелі күнде жылы лебіздер айтқанға не жетсін!Ұстаздар қауымын, аяулы аруларымызды, мектеп – ұжымын бүгінгі мерекемен құттықтау үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Омаров Қайрат Уәшұлына беріледі.
Музыкалық номер:
1 – жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күні сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ қиған қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай.
Он бес пен он сегізде жасыменен.
2 – жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Майысып бұратылып, майда басып.
Жаныңа наз қылықпен келгенімен
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен.
Құлпырады мектебімнің арулары,
Өткендей сұлулықтың елегінен.
Музыкалық номер:
1 – жүргізуші: Арулар – асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасығандар,
Құшақ боп ашылғандар!
Арулар – асыл жандар!
2 - жүргізуші: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді!» Құрметті арулар, асыл жандар! Өздеріңізге арнап жыр жазбаған ақын,
ән арнамаған сазгер бар ма?
1 – жүргізуші: Қылқалам шеберлері нәзік жандардың хас сұлулығын шығармашылығына арқау етіп, бүкіл әлемге сұлулықты паш етеді.
2 – жүргізуші: Қазақ қыздарының ежелден жер қорғап, билік тізгінін ұстағаны белгілі. Осы қасиет әлі де жалғасын табуда. Әрі отбасында бала өсіріп, әрі мемлекеттік істерге араласып жүрген ұстаздық етуден жалықпай еңбек етіп жүрген арулар қандай құрметке болса да лайық!
1 - жүргізуші: Япырай! Неткен көктем! Көктем! Көктем!
Дүние – ау, сен осындай көкпеңбек пе ең?
Мәңгі бақи түлеген қаз – қалпында,
Табиғат керемет ең неткен, неткен!
2 – жүргізуші: Иә, осындай тамаша уақытта, жер – ана бусанып, бір тіршілікке жан біткен мезгілде біздің ұстаздарымыз, табиғатпен бірге жасарып кеткендей!
1 – жүргізуші: Сіздерге әрқашан, әр күні, әр сағатта жақсы лебіздерімізді білдіреміз. Сіздерге арқа сүйеміз, еркелейміз. Сіздер тұрғанда біз әрқашан бала болып қала береміз!
Музыкалық номер:
2 – жүргізуші: Құрметті ару жандар, аяулы ұстаздар!
Сіздер бір отбасының емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын адамзат баласының рухы, жігерісіздер!
1 – жүргізуші: Отанымыздың игілігі жолында аянбай тер төгіп, елдің саяси, әлеуметтік, рухани өмірінде табысты еңбек етіп жүрсіздер.
2 – жүргізуші: Құрметті арулар! Осымен өздеріңізге арналған салтанатты жиын да аяқталуға жақындады. Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке - бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық тілейміз!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет