Тақырыбы: Шағын комплексті мектептерде таиғаттану материалдарын оқыту ерекшеліктері Дәрістің мақсаты



бет1/2
Дата18.12.2021
өлшемі17,01 Kb.
#102861
  1   2
Байланысты:
28.12.2020ж жаратылыстану НО-18-1
Қазақ тілі сабағында қолданылатын диктант түрлері, Қазақ тілі сабағында қолданылатын диктант түрлері

Тақырыбы: Шағын комплексті мектептерде таиғаттану материалдарын оқыту ерекшеліктері

Дәрістің мақсаты: Шағын комплексті мектептерде таиғаттану материалдарын оқыту ерекшеліктерімен таныстыру

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

1.Шағын комплексті мектептерде табиғаттану материалдарын оқыту ерекшеліктері

2.Шағын комплексті мектептерде табиғаттану материалдарын оқытуды ұйымдастыру және әдістемелік ерекшелігі

3.Г.Гольпериннің дифференциялап оқыту идеясын шағын комплексті мектептерде қолдану

4.Шағын комплектілі мектептерде қолданылатын көрнекілік түрлері

1.Жалпыға бірдей міндет орта білім беру жүйесіне көшу ісін жүзеге асыруда бүкіл арнаулы білім беретін мектептің оқу сапасын одан әрі жақсарту, оқушының сауатын арттыру мақсаты мен мұғалімнің қауымына оқыту барысында ізденушілікті күшейту міндеті жүктеледі.

Қазақстанда 1970-84 жылы оқу жылы арасында шағын комплектілі бастауыш мектептер сан жағынан біршама дамыған кезі еді. Республикада бүкіл бастауыш мектеп саны 1705 болса соның 1198-і шағын комплектілі болды. Мұның себебі, республикада мал шаруашылығының басым орын алуына байланысты болатын. Мұндай мектептер әсіресе мал шаруашылығы өркендеген облыстарда кең етек алды. Мысалы, Ақтөбе облысында-120, Қостанай облысында-153, Павлодар облысында-86 шағынн комплектілі бастауыш мектеп жұмыс істеді. Ал қазіргі таңда шағын комплектілі мектептер саны азайып кетті. Дегенмен, Қазақстанның жағдайында шағын комплектілі мектептер мүлде жойылып кетуге тиіс емес. Бұл жағдай шағын комплектілі мектеп проблемасын жеке қарастыруды қажет етеді. Көптеген облыстарды шағын комплектілі мектептерді біршама азайту мәселесі де үкімет тарапынан қолға алынды. Дегенмен осы кезенде респуьликадағы бүкіл бастауыш мектептің 70% осы типтегі мектеп болып қала берді. Республикадағы аз комплектілі мектептің даму тарихы ғалым- педагог Г.М. Храбченковтың еңбегінде толық сипатталды. Осы мектептің оқу, тәрбие жұмысына байланысты республикада жүргізілген ізденістер мен зерттеулер нәтижесінде Ы. Алтынсариннің атағы ғылыми зерттеу институтының «Бастауыш сынып методикасы» бөлімі бойынша бірінші еңбегі жарияланды. Осы проблеманы зерттеуге арналған тақырыптың жетекшісі ретінде біз бүкіл мәселелердің басы қасында болдық.

Көптеген облыстарды шағын комплектілі мектептерді баршама азайту мәселесі де үкімет тарапынан қоға алынды.Дегенмен осы кезеңде республикадағы бүкіл бастауыш мектептің 70% осы типтегі мектеп болып қала берді.Республикадағы аз комплектілі мектептің даму тарихы ғалым-педагог Г.М. Храбченковтың еңбегінде толық сипатталды.Осы мектептің оқу,тэрбие жүмысына байланысты республикада жүргізілген ізденістер мен зерттеулер нэтижесінде Ы.Алтынсаринның атағы ғылыми зерттеу институтының «Бастауыш сынып методикасы»бөлімі бойынша бірінші еңбегі жарияланды.

2. Шағын комплексті мектептерде табиғаттану материалдарын оқытуды ұйымдастыру және әдістемелік ерекшелігі төңірегінде мәселелер төменгідей:

3 немесе 2сыныптарды бірінші орында қатар оқытқанда ( көбінесе 3 сынып қатар оқиды) мүғалім әр сыныптағы оқушылардың білімін анықтауға, жаңа материалдарды түсіндіруге, олардың сабақ барысындағы оқу әрекетін қадағалауға небәрі 15-20мин қана уақыт бөле алады.

1. Бір сабақ үстінде мүғалім әртүрлі жастағы,соған сәйкес ой-өрісі,білім дәрежесі,өмір тәжірибесі әртүрлі деңгейдегі оқушылармен жұмыс жүргізеді.

2. Шағын комплектілі мектептер көбінесе орта мектептен қашық орналасқан (жақын орналасса, сол механикалық құрамына енер еді) Мүғалімнің басқа ұсыныстар сабақтарға қатысып,пікір алысу,тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндігі де аз болады.

3. Тірек мектептің аталмыш байланысы олардың оқу-тәрбие жүмысына жете басшылық ету, әдістемелік көмек көрсету деңгейі төмен. Олар мұғалімнің мүмкіндігі бірінші сыныпқа қатар бөлінетін, сабақ оқушылардың өздігінен атқаратын жұмысына негізін алатын ұғымды өздігінен іздену нәтижесінде меңгеруі басым болады.

4. Бастауыш сынып оқушыларының зейін тұрақсыздығын ескеру қажет. Жас баланың, яғни, бастауыш сынып оқушыларының ырықсыз еркі өте басым болатына белгілі. Әсіресе бір сынып оқушылары дауыстап оқыған кезде келесі сынып оқушыларының көңілі соған ауып, өз жұмысын орындамай қалуы ықтимал. Сондықтан да оқушыларды нәтижелі іске жұмылдыру жалпы олардың өздігінен орындауын жұмылдырудың мазмұнын мұқият қарастырып,өзгертіп отыруды талап етеді.

5. Оқушының өздік жұмысын нәтижелі ұйымдастыру үшін түрлі көрнекі құралдарды таратып берілетін карточкалар мен дидактикалық материалдардың саны әр балаға жететіндей болуы қажет.

6. Негізгі қиындықтың бірі техникалық құралдарды пайдалану кезінде туады.Сондықтанда мазмұны жағынан барлық ортақ техникалық құралдар ғана болуы қажет. Сабақ барысында пайдаланады да,ал басқа сабақтардан тыс әр сыныпқа жеке қолданылады.

Шағын қомплектілі мектептерде оқушынық білімін жүйелі түрде тексеру, олардың алған білімді ойда сақтау қабілетін анықтау басты міндеттің бірі.

Оқушының білімін тексеру бірінші жолдан жүзеге асады. Әрбір сабақ сайын бұрын оқып өткен материалды қайталап, оны жаңа тақырыппен байланыстыру.

Сыныптан тыс уақытта түрлі техникалық құралдарды пайдалану арқылы оқушының бұрын алған ұғымдарын қорыту, әрбір жарты жылдан кейін арнаулы жазба бақылау жұмысын жүргізу. Практикалық тапсырмаларды орындап жазба жауап не карточка түрлерімен жұмыс жасау және т.б араластырып келуі мүмкін. Осындай жүргізген жұмыстар нәтижесінде шағын комплектілі мектептегі оқыту мәселесіне байланыты мына төмендегідей тұжырымдама жасалды.

- шағын комплектілі мектептер жағдайында табиғаттану пәнін оқыту арқылы оқушының дүниетанымын кеңейтіп ұғымдар беріледі.

- табиғаттану пәнін оқыту арқылы оқушылардың табиғатты оқып үйренуін шектемей адам еңбегі, оның жыл мезгіліне қарай өзгеруіне және табиғат өзінің шаруашылық түріне әсері тура да өзінің күнделікті бақылауын оқулықтағы мәтін мазмүнына байланысты отырып, білім алды.

-бастауыш сынып оқушыларына өздігінен атқаратын жұмыс нәтижесінде берілетін үғым олардың білімінің тиянақты болуына және оқушыларды дамыта оқытуға негіз салды.

-өздігінен атқаратын жұмыстың түрі мен мазмұны мұғалімнің қолдану әдісіне байланысты өзгеріп отырады.Соның нәтижесінде оқушының білімі ғана алып қана қоймай, оқуға ынтасын арттырып, іскерлігін шыңдай түсті. Оқушылар алған білімін іс жүзінде әр топтарда тапсырман орындау кезінде қолдануға төселеді.

3. П.А. Гольпериннің дифференциялап оқыту идеясын осы шағын комплектілі мекте жағдайында кеңінен қолдануымыз өте тиімді нәтиже берді. Ол үшін қатар оқылатын сыныптардың сабақтарын жұптауға үлкен жауапкершілікпен қарап, оларда бір пәнділікті жүзеге асыру тиімді деп таптық. Біріншіден, бастауыш сынып оқушыларында ырықсыз зейін басым болғандықтан, олардың басқа сыныптағы оқу әрекеттеріне елендеуі заңды құбылыс. Осы жағдайда тақырып мазмұнының ұқсастығы олардың білімдеріне де, дамуына да зиянын тигізбейді деп есептеледі. Екіншіден, мұғалімнің сабақ барысындағы уақытын тиімді бөлуге бір пәндік оқу кестесінің тиімді болатыны байқалды. Осының нәтижесінде оқушыларды дифференциялап оқытуға үлкен мүмкіндік туды. Әр сыныптағы оқушылардың оқу деңгейлеріне қарай шағын топтар құрылып, олардың білім дәрежесі мен дағдыларына орай өздігінен орындайтын тапсырмалар беріледі. Мұндай жағдайда жақсы оқитын оқушылар мұғалімнің алғашқы берген нұсқауынан кейін жұмысты өздігінен орындайды.

4. Көрнекілік түрлері: бейнелі көрнекіліктер (түрлі суреттер, картиналар, сызбалар), табиғи көрнектерер (өсімдік, пайдалы қазбалар және бунақ денелер жиынтығы, жануарлар тұлыбы), техникалық көрнекіліктер (диафильм, диапозитив, оқу киносы жөне т.б.) сабақта да, сабақтан тыс жұмыстар барысыңда да қолданылды.

Практикалық әдістер сұлбаңы, географиялық картаны оқу, шартты белгілерді қолданып, жердің сұлбасын сызу жұмыстары орыңдалды. Мектел үлескісіндегі жұмыс түрлері, ауылды жерлердегі мал шаруашылығына көмек, түрлі тәжірибелер, жергілікгі жердегі судың температурасын өлшеу, топырақ қабаттарын өлшеу және т:б. жаттығулар арқылыда практикалық әдіс жүзеге асты. Жергілікгі жердің табиғатын (жыл мезгіддеріне байланысты ауа райын, өсімдік, жануарлар тіршілігін), су қоймаларының жай-күйін, ауыл шаруашылығының жыл мезііліне байланысты өзгерісін, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің халықтың тұрмысына тигізетін әсерін бақылау және т.б. арқылы бақылау әдістері жүйелі ұйымдастырыдды.

Табиғаттануды оқыту әдістерін мұндай топтастырудың шағын комплектілі мектеп жағдайында керектігі бірнеше себептен туды. Біріншіден, тақырыптың мазмұнына байла-нысты оқытудың тиімді әдісін іріктеу. Екіншіден, әдістердің сабақ барысында және үй тапсырмасын орындауда сәйкес келетіндерін пайдалану, Бірақ оқыту әдісінің қайсысы болса да таза калпында басқа әдіске араласпай қолданылмайтыны белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет