Тақырыбы: «Шаштараз» Өткізген: Омарова Г. Х. Тақырыбы: рөлдік ойын: «Шаштараз» Мақсаты



Дата08.06.2023
өлшемі37,5 Kb.
#178461
Байланысты:
шаштараз
43150e4e-dc46-11e5-bf37-f6d299da70eeҚазақ журналистикасының тарихы тест (1), 43150e4e-dc46-11e5-bf37-f6d299da70eeҚазақ журналистикасының тарихы тест (1), 43150e4e-dc46-11e5-bf37-f6d299da70eeҚазақ журналистикасының тарихы тест (1), 7 сынып, 1614507013277

Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ

Тақырыбы: «Шаштараз»

Өткізген: Омарова Г.Х.



Тақырыбы: рөлдік ойын: « Шаштараз»
Мақсаты: Балаларды желелі ойындардың жаңа түрлерімен
таныстырып, ойнатып және өзіндік ойын барысында өз
қатарластарының ойымен келісулеріне,ойын кезінде бір рөлден
екінші рөлге ауыса білуді жетілдіру. Ойын арқылы балаларға
қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып диалогтік тілді
дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу,
қызығушылықтарын арттыру.
Ойын барысы: Жылулық щеңбері:
Мынау менің жүрегім
Барлығы осыдан басталған
Мынау менің басым
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Барлық істі тындырған
Бәріміз тату болайық,
«Сәлеметсіздер ме!»
Амандасып алайық
Жұлдыздай жарқырайық
Бүгінгі күнді бастайық


Алдын-ала жұмыс: Балалармен «Шаштараз» ойынын өткізбес бұрын алдын-ала жұмыс жүргізілді. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
(Шаштараз жұмыс үстінде)
Тәрбиеші: Балалар, сіздер осы шаштаразға барып көрдіңіздер ме? Қалай ойлайсыздар, шаштаразға қандай заттар қажет? Мен сіздерге жұмбақ жасырайын, сіздер шешуін айтасыздар.
Жұмбақтар шешу:
Қос таяқ,бастары дөңгелек
Тұтасты кеседі бөлек бөлек (Қайшы)
Қайшыны кез келген жерге қоюға болмайды, қайшымен ойнауға, ауызға салуға болмайды. Қайшымен жұмыс істеген кезде мұқият болып, көзден алысырақ ұстау қажет.

Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,


Басыңмен ісі бар
Бұл не? (Тарақ)
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне
Бұл не? (Айна)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,шаштаразға қажетті заттар осылар екен. Осы адамдар шаштаразға не үшін барады?
Балалар: Шаш қию үшін, шаштарын сәндеу үшін.
Тәрбиеші: Иә, дұрыс айтасыздар.
Тәрбиеші: Сонымен балалар біз бүгін шаштараз апайдың жұмысымен таныстық. Әркез шаштараздан шыққан кезде, бірден өңіңіздің кіргенін байқайсыз. Шаш өсіп кетсе түр келбетіміз жаман болып кетеді. Қыздар шаштарын өріп, ұлдар қырықтырып жүру керек.
Тәрбиеші: Балалар бір – біріне шаш үлгісін жасады. «Шаштараз» ойыны балаларға өте ұнады, балалардың көңіл-күйлері көтерілді.
Балалар, бүгін біз сіздермен маман иелері жайлы көп біліп, олардың немен айналысатындары жайлы білдік. Мен осы іс әрекетімізді мына өлең шумағымен аяқтағым келеді:
Бүгін сәби боласың
Ертең өсіп толасың
Жігіт болып өскенде
Сен де маман боласың.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет