Тақырыбы: Сыныптағы барлық оқушылар үшін оқу үдерісін қалай жақсартуға болады? Жалпы мақсаты



Дата13.08.2017
өлшемі80,89 Kb.
#23303

Солтүстік Қазақстан облысы,

Уәлиханов ауданы,

Бидайық орта мектебінің

қазақ тілі пәні мұғалімі

Маликова Айнұр Кеңесбайқызының

коучинг-сессия жоспары.

Тақырыбы: Сыныптағы барлық оқушылар үшін оқу үдерісін қалай жақсартуға болады?

Жалпы мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби дамуына, әдістемелік біліктілігін жоғарлату үшін өзімнің теориялық және практикалық тәжірибеммен бөлісу.Бағдарламаның идеясын насихаттау.

Күтілетін нәтиже:Өз сыныптарында оқу мен оқытуды жетілдіреді,оқушылардың дамуы мен қалыптасуына жағдай жасау үшін кәсіби құзыреттіліктерін арттыру қажеттілігін түсінеді.

Негізгі идеясы:Сыныптағы оқушылардың оқуын жақсарту үшін мұғалімдер нені оқыту керек және қалай оқыту керектігі туралы мәлімет бере отырып, бүгінгі қоғамға қажет жаңа мұғалім моделін түсіндіру.

Дерек көздері:Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (екінші басылым)



Коучинг кезеңдері

Коуч пен мұғалімдердің әрекеті

Қолданылатын әдіс- тәсілдер мен жұмыс түрі

Күтілетін нәтижесі

Психологиялық ахуал туғызу

Мақсаты: мұғалімдердің көңіл-күйін көтеру, оқу белсендігін арттыру,жұмыс жылдамдығын жақсарту.



Қазақтар-қол алысады

Италияда –құшақтасады

Бразилияда-бір-бірінің иығын қағады

Зимбабада-арқасымен

Македонияда-шынтақпен

Никарагуада –иықпен

Австралияда-шапалақ,секіру,бөксемен.


«Амандасу» рәсімі

Мұғалімдердің көңіл-күйі жақсарады, қызығушылығы туады,жұмыс істеу қабілеттері көтеріледі.

Ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты:


Уақытты үнемдеп,жоспарлаған жұмыстарды сәтті өткізу үшін мұғалімдерді топтастыру.

Қазақтың дәстүрі бойынша қонақтардан тәтті кәмпиттерден дәм татуын өтінемін.

Үлестірілген кәмпиттер бойынша үш жұмыс тобын құрамын: «Астана», «Каракум», «Достық».




«Шашу» дәстүрі

Мұғалімдер аудиториясынан үш жұмыс тобын ұйымдастырылады.

Ой шақыру бөлімі

Слайд-презентация





-Құрметті ұстаздар! Бүгінгі коучинг-сессиямның тақырыбы: Сыныптағы барлық оқушылар үшін оқу үдерісін қалай жақсартуға болады? Коучинг барысында осы сауалға жауап іздейтін боламыз. Ең алдымен, оқу мен оқыту ережесін анықтап алайық.

I топ Оқу дегеніміз не?

II топ Оқыту дегеніміз не?

III топ Суретті интепретациялайды.



Топтық жұмысы

Постер салу, сыни ойлау



Әр топ баяндамашысы топ жұмысын қорғайды. Нәтижесінде мұғалімдер оқу мен оқыту мақсатын ажыратады, сыни ойлауына мүмкіндік алады.

Топтар жұмысын

қорытындылау



Әр топтың тиімді тұстарын айтып, «Метасана» ұғымына терең тоқталамын.Ғалымдардың пікірінше, метатанудың маңызды аспектісі « өз бетінше жұмыс істеу мен даму ниеті» деп есептейді.

«Көбелек сабағы»

Кембридж бағдарламасы бойынша терең теориялық білім алады. Ұсынылған әңгімеден бүгінгі таңда қалай оқыту керектігін ұғады.

Негізгі бөлім

Сабақ үзіндісі бойынша жұмыс

Мақсаты: берілген үзінді бойынша оқуда кездесетін кедергілерді анықтау


Сыныптағы балалардың оқу мен оқыту үдерісін түсіндіру үшін мұғалімдер назарына өзімнің сабақ үзіндісін ұсынамын.

I мұғалімдер тобы-сабақ үзіндісін талдайды

II оқу ісі меңгерушілері тобы- пән мұғаліміне ұсыныс айту

III Кембридж бағдарламасын меңгерген ұстаздар- когнетивті, аффективті, әлеуметтік психология туралы мәлімет бере отырып, сабақтан дәлелдеме келтіруді тапсырамын.



Тиімді тұсы мен сәтсіз тұстарын көру,

теория мен практиканы сәйкестендіру, сабақ талдау критерийлері



Сабақ талдау барысында тек әдіс-тәсілдер ғана емес, оқушылардың психологиялық жағдайы, сыртқы-ішкі уәжі, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты көруге үйренеді.

2 топ жұмысының қорытындысын шығару

Когнетивті психология- адам санасында болып жатқан үдеріс (қабылдау, есте сақтау, зияткерлік)

Аффективті психология- түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және сезім мәні зор екені туралы фактор.( ішкі сезім)

Әлеуметтік психология- жеке адамның дамуына қоғамның қосатын үлесі маңызды, өзара қарым-қатынас, іс-әрекет.

Ұлы Абайдың «Үш-ақ нәрсе адам бойындағы қасиеті: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» нақыл сөзімен қорытындылаймын.



Түсіндіру әдісі

« Жаңғақ» тәсілі



Инклюзивті оқыту туралы дерек алады.

Әр бала бойында ойлау мен сезіну қабілеті бар, әр оқушы қайталанбайтын тұлға: өз ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен қажеттілігі бар. Мұны көру, білу, тану ұстаздардың міндеті екенін қабылдайды.



ЦПМ бағдарламасын терең түсіндіру үшін біліктілік арттыру курсын өткен ұстаздардан үш топ құрамын.

Мақсаты: сыныптағы оқушыларды оқыту процесіне араластыру үшін ерекшеліктерін тану керектігін түсіндіру



I «Бас» тобы- Э.Гарднер ұсынған зияткерлік қабілеттерін слайдта берілген суретпен сәйкестендіреді

II «Қол» тобы- Выготский енгізген ЖАДА көрсетілген сурет бойынша әңгіме құру

III «Жүрек» тобы- майшамға арналған эссе жазуды тапсырамын.

Әр топ жұмысының уақытын қадағалаймын.

Эссе жазу үшін алдына майшам,Бетховеннің музыксын қосамын.

8 зияткерлік қабілеттерге сәйкес суреттер ұсынамын.



Жеке тұлғаға бағытталған және топтық жұмысы.

«3 минуттық эссе»

жазу, болжау стратегиясы, теория мен практиканы сәйкестендіру.


Дарынды мен талантты оқушылармен жұмыс істеу, үлгерімі төмен оқушылар үшін топтық жұмыс маңыздылығы, К.Роджерстің «Мен» тұжырымдамасын құратын 2 компонентті таниды, білім беру барысында тиімді қолдануға үйренеді.

3 топ жұмысының қорытындысын шығару


ЖАДА-әлеуметтік теориядағы маңызды ұғым. Өз бетінше игере алмағанды біреудің көмегімен үйренуге болатын білімдер мен дағдыларды қамтиды.Топ ішінде қарым-қатынас нәтижесінде ойлау, сөйлеу дағдылары дамиды.

Зият- Барлық мұғалімдер білім беру барысында жоғары жетістіктерге жету үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Күрделі қабілеттердің иелері кез келген салада өз қабілеттерін көрсетуге бейім болады.

«Мен» тұжырымдамасында тиімділік, құндылық компоненттері нақты рөлде қабілеті мен құзырлығын анықтайды.


Түсіндіру әдісі

«Екі жұлдыз,бір пікір»,



Әр топ жұмыс істеу барысында ойлау, сезу, әрекет ету арқылы теориялық ережені бойынан өткізгенін түсінеді.

Рефлексия бөлімі

Тақырыптың қорытындысын шығару

Мақсаты:

Тақырыпты қаншылықты меңгергенін бақылау, біліктілік деңгейін бағалау.



Коучинг басында қойылған сауалға ораламын да, әр топқа 2 ұсыныс беруді сұраймын.Сонымен, барлық оқушылардың оқу үдерісін қалай жақсартуға болады екен?

Коучинг барысында айтылған теорияны есепке ала отырып өз ойларын ортаға салады.



Топтық жұмыс

Оқушыларға сапалы білім бере отырып, өзіндік дамуына, бірін-бірі оқытуға, білімін бекітуге уақыт беріп,бойындағы қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру мұғалімнің басты мақсаты екенін мойындайды.

Рефлексия

Мұғалімдер алдына қойылған бос банкені толтыру үшін берілген заттарды қай ретімен салу керектігін сұраймын.

Ірі тас- адам өмірінің ең маңыздысы: отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы;

Ұсақ тас- жеке басының арманы орындалуы;

Құм- бізді бақытты ететін қуанышты сәттердің молшылығы;



Су- ұзақ ғұмыр тілегі.

«Толық банке» әдісі

Тілекті қабылдайды.Коучинг бойынша өз пікірлерімен бөліседі.

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет