Тақырыбы: Спорт – денсаулық кепілі. Мақсаты: Білімділік



Дата04.06.2023
өлшемі19,2 Kb.
#178200
Байланысты:
Спорт - денсаулық кепілі тақырбында ашық тәрбие сағаты
назым презентация асел апай сабагы (копия), Nazym srsp2

Тақырыбы: Спорт – денсаулық кепілі.
Мақсаты:
Білімділік: Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстану туралы білімдерін арттыру. Денсаулық өмірдің тірегі екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Тәрбиеленушілердің салауатты өмір сүруге зиянды заттардан аулақ болуға үйрету. Тәрбиеленушілердің ойлау, есте сақтау, танымдылық қасиеттерін, болашаққа деген көзқарастарын дамыту.
Тәрбиелік: Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, күн тәртібін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етуге тәрбие бере отырып, «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға тәрбиелеу.
Түзетушілік: Дыбыстарды дұрыс және оның анық айтылуын, сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалау.


Көрнекілігі: Суреттер, слайд.


Меңгерілетін сөздер: Спорт, денсаулық, шынығу, зиян, асық, көкпар, оқтау тартыс,шымыр, салауатты өмір салты.


Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.


Тәрбие сағатының барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.


Тәрбиеші:

  • Балалар, тәрбие сағатының тақырыбын бәріміз бірге оқимыз.



Оқушылар:

  • «Спорт – денсаулық кепілі».



Тәрбиеші:

  • Балалар, біз күнделікті таңертеңгілік ұйқыдан тұрған соң не жасаймыз?



Оқушылар:

  • Ертеңгілік жаттығу.

  • Таңертеңгілік жаттығу, спортпен шұғылдану, денемізді шынықтыру.



Тәрбиеші:

  • Денсаулығымыз мықты болуы адамның өзіне байланысты.

  • Адам денсаулығына жақын достары не деп ойлайсыңдар?



Оқушылар:
Тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.


Тәрбиеші:

  • Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды сайыс түрінде өткіземіз.



І-топ: «Денсаулық» тобы.
Ұраны: «Денсаулық – зор байлық».


ІІ-топ: «Шымыр» тобы.
Ұраны: «Шынықсаң – шымыр боласың».


Сайыс жоспары:

  1. «Кім тапқыр?» (сұрақ-жауап)

  2. «Білгенге маржан, білмегенге арзан» (мақал-мәтелдер)

  3. Ойын (іс-қимылмен ойын түрлерін көрсету)

  4. «Суреттер сөйлейді» (суретпен жұмыс)

  5. Көрініс (тақырыпқа сай)



Тәрбиеші:

  • Сайысымызды бастаймыз.



1-кезең: «Кім тапқыр?» (сұрақ-жауап)

  • Берілген сұрақтарға дұрыс, әрі жылдам жауап беріңдер.




  1. Спорт дегеніміз не?

  2. Спортпен неге шұғылданады?

  3. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

  4. Ұлттық ойындарды ата.

  5. Күн тәртібі дегенді қалай түсінесіңдер?

  6. Зиянды әрекеттер.

  7. Зиянды тағамдар.

  8. Қандай спорт түрлерін білесіңдер?

  9. Қазақстан Республикасының Туын көтерген спортшыларды ата.



2-кезең: «Білгенге маржан, білмегенге арзан» ойыны.

  • Тақырыпқа байланысты берілген мақал-мәтелдер арасынан тақырыпқа сайын табу.



3-кезең: Ойын (іс-қимылмен ойын түрлерін көрсету)

  • 1-ші топ спорттық ойындарды іс-қимылмен көрсетеді. Қарсылас топ ойынның атын табу керек.



4-кезең: «Суреттер сөйлейді» (суретпен жұмыс)
(Балалар берілген суреттер бойынша жұмыс жасайды.)


5-кезең: Көрініс (тақырыпқа сай)


Ән: «Спорт».


Қорытынды:
Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар, балалар!

  • Егер деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрі денсаулық үшін істелетін жұмыстар екен.

  • Таза ауады демалу, спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану – барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтылғандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз қажет.




  • Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Марапаттау кезеңі.



  • Қонақтармен қоштасамыз.

  • Сау болыңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет