Тақырыбы: «Табиғатты аялайық!»



бет5/30
Дата20.12.2021
өлшемі57,64 Kb.
#104236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
00079117-93d70a61 (1)
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, 16-osh bzhb debiet 8-syn, 0004c188-adfe861e, Саясаттану, Тест, ҚМЖ 5 сынып
IV слайд 
Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз? 
Азамат: Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы). Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын. 
Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа . 
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ
Бөленіп күннің нұрлы шуағына. 
Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. 
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет