Тақырыбы: «Табиғатты аялайық!»



бет14/30
Дата20.12.2021
өлшемі57,64 Kb.
#104236
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
00079117-93d70a61 (1)
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, 16-osh bzhb debiet 8-syn, 0004c188-adfe861e, Саясаттану, Тест, ҚМЖ 5 сынып
IV слайд 
Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз? 
3-оқушы: Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы). Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын. 
Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа, 
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа . 
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ , 
Бөленіп күннің нұрлы шуағына. 
Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. 
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар) 


V слайд 
Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар? 
4-оқушы. Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. 
Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен. 
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген. 
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. 
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. 
• Қарға қарқылдаса -қар жауады. 
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді. 
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды. 
Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді. 
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды. 
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз. 
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет