Тақырыбы: технологиялық машиналарды жөндеу


Сорапты-компрессорлы жабдықты жөндеу. Поршенді компрессорларды жөндеу



бет40/41
Дата06.09.2023
өлшемі121,81 Kb.
#180375
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Жөндеу технологиясы

Сорапты-компрессорлы жабдықты жөндеу. Поршенді компрессорларды жөндеу
«Поршенді компрессорлардың жауапты бөлшектері жұмыс істеу процесінде айналу немесе салыстырмалы ілгерлі қозғалыс жасайды, сондықтан да олар интенсивті тозуға ұшырайды. Тозуға ұшыраған негізгі бөлшектер қатарына жататындар: иінді білік; іргелі подшипниктер; шатун; крейпкоф; шток; поршень; цилиндр; клапандар.
Қызмет ету мерзімі бойынша компрессор бөлшектерін келесі үш топқа бөлуге болады:
1) Жылдам тозатын – поршендік сақина, салниктік тығын, клапандық пластиналар мен серіппелер;
2) Орташа қызмет ету мерзімі бар — іргелі подшипник (вкладышы) сынасы мен шатундар; шатун мен крейцкопф саусақшасы;
3)Ұзақ қызмет ету мерзіміндегі — иінді білік, шатун, крейцкоф, цилиндрлер мен поршендер.
Поршенді компрессордың бөлшектері мен түйіндеріне тән тозу түрлері:
1. Иінді білік-біліктің негізгі және иінді нобайының өлшемі мен пішінінің өзгеруі, мойынның жактауалауға ауысар жеріндегі жарғыншақтар, және де иілулер;
2. Іргелі подшипниктер-баббитті кұймалардың тозуы, сыналардың майысқақталуы;
3. Шатун-майысу, сыналардың тозуы, шатундық болттардың созылуы;
4. Крейцкоф-бағыттауыш пен саусақшаның тозуы;
5. Шток - салник арқылы өтер орнындағы тозулар, иілулер. бұранданың қиылуы;
6. Поршень-поршенді сақина орналастыруға арналған саңылаулардың тозуы, сақинаның тозуы:
7. Цилиндр-цилиндр пішінінің өзгеруі (овалдылык, конустылық, бөшкетәрізділік );
8. Клапандар-серіппепің және клапанның жұмысшы беті мен егарының тозуы.
Жөндеуге дайындау процесі электртізбегінен ажырату, өнімнен босатып алу, тазалау, үрлеу, жөндеу үшін құрал мен аспаптар таңдап қабылдаудан тұрады.
Бөлшектеу кезінде келесі кезектілікті ұстайды:
-сырткы құбырларды, вентильдерді, приборлық шитті, май сүзгісін, су құбырын ажырату және бөлшектеу;
-цилиндр қақпағын, айдау клапанын және клапандық тоспаны бөлшектеу;
-компрессордың бүйірлік қақпақтарын ашу және иінді біліктің бөліп алуға қолайлы жағдайын орната отырып сору клапаннын бөлшектеу;
-шатундық подшппникті және шатун мен маховикті қоса поршенді бөлшектеу;
Цилиндрлік диаметрін өлшеуді массаның көмегімен биіктігі бойынша
3 - 5 қимада және білік өсі бойынша кривошипті механизмнің қозғалу жазықтығында екі жағдайда жүргізіледі.
Поршеннің жағдайын тексеру жасау жұмыстық жанасулардағы саңылаулықты тексерумен жүреді. Цилиндр мен поршен арасындағы радиустық саңылаулық поршен диаметрінің 1/1000-1/600 аралығында жатуы тиіс. 
Поршенді сақинаны ақаулыққа тексеру поршендегі артық пен сақина арасындағы саңылаулықты өлшеу болып табылады, және де бұл саңылаулық шамасы 0,05 – 0,08 мм құрауы тиіс. Сонымен қатар 0,4 – 0,5 мм аралығында жатуға тиісті радиусты саңылаулық бақылау қарастырады. Саңылаулық қуыс құлақ көмегімен өлшенеді.
Әсіресе, иінді білік пен іргелік подшипниктер мұқият ақаулыққа тексеру жүргізеді.
Иінді білік жағдайын тексеру біліктің іргелік подшипникпен қосылған жеріндегі, шатундық нобайының шатунмен байланысу жеріндегі саңылаулықты және же мойындардың алшақтауы бойынша білік өсінің жағдайын тексеруден басталады.
Білік мойнын пішінінің ауытқу жәрежесін тексеру индикатор бар микрометрлік скобаның көмегімен жүзеге асырылады. ( микрометрдің өлшеу бірлігі 0,01 мм )
Өлшеу үш қимада жүреді, мұның біреуі мойынның ортасында, ал қалған екеуі галтеде 5 – 10 мм қашықтықта жатады. Әрбір белдеуде өлшеу екі жазықтықта жүреді – тік және горизонталь. Егерде білік мойынның ауытқуы мұмкін шектен асып кетсе, мойынды ажарлайды. Ажарлаудан кейінгі білік мойынның диаметрінің мүмкін кішіреюі диаметрінің бастапқы шамасының
3 % аспауы тиіс. Мойынның елеулі тозуы барысында қосымша бөлшек орнатуға рұқсат етіледі – қаптама ( өзара және білік мойынмен пісіру арқылы қосылысатын екі жарты бөліктен тұратын ).
Иінді біліктің мойыны мен галтелдегі анықталған сызаттар мен жоншақтар орындар ажарлаумен немесе кейін ажарлап отырып жонады. Жөнделінген білік мойнының диаметрінің ауытқу шамасы шектен аспауы тиіс.
Білік мойнының артықша диамтерін қалпына келтіруді балқыма қабат төсеудің көмегімен жүреді. Жарғыншақтар пісіріп бітеумен, ал иілуді механикалық термиялық және термомеханикалық тәсілдермен қалыпқа келтіреді.
Іргелік подшипникті ақаулыққа тексеру келесі операцияларды қарастырады: иінді біліктің мойнының алшақтауын екі жағдайда тексеру; тік клмпрессорлар үшін жоғарғы сынадағы саңылаулықты және горизонталды компрессор үшін бүйірлік сыналарды тексеру; подшипниктің баббиттік құймасының жағдайын тексеру; сындар жатысуын тексеру. Бүйірлік саңылаулықтар қуыс құл қорғасын сымының жаншылу шамасын тексереді.
Сырғанау подшипнигінің тозуының негізгі түрі бұл, фрикцияға қарсы құйманың өлшемі мен пішінінің өзгеруі. Жөндеудің негізгі әдісі ( подшипниктердің екі жартысы арасындағы төсемнің қалыңдығын өзгерту жолымен саңылаулықты реттеу мүмкіндігін болмаған жағдайда ), бұл антифрикциялық қоспаны қайта құйып, сонан соң қашау, шаберлеу және білік мойны бойынша өңдеп келтіру.
Шатун жарғынгшақ пен деформацияның болмауына тексереді. Жарғыншақтарды, алдын қарастырылған жарықтық тәсілмен анықтайды. Жарғыншақ анықталған жағдайда шатунды ауыстырған жөн. Шатун стерженінің майысуын суық күйде түзетумен жояды. Кривошипті және крейскопты шатун бүршігінің саңылауларының өсінің параллельдігін арнайы аправкаларды қолданумен тексереді. Парол болмауы бұралғандығын білдіреді. Бүршігі бұралған шатунды ауыстырады.
Шатун бүршігінің сыналары, елеулі қажалған кезде ауыстырылады. Кривошипті бүршіктің алмалы болып келеді, және де сынаның елеусіз қажалуы төсемнің қалыңдығын азайтумен компенсациялауға болады. Сынаның елеулі қашалуы кезінде ауыстырылады. Мұндай талап шатунның крейцкофтық бүршігіне де қойылады.
Крейцкоф құрыштың қаңқадан, шойындық баббитті құймасы бар башмактардан, шатунды бекітуге арналған саусақшадан, штокты бекітуге арналған гайка мен муфтадан тұрады. Крейцкофты тексеру барысында тіректік беттердің тығыз жатысуы мен шаршау жарғыншақтарының болмауына үлкен көңіл бөлінеді. Қауіпті қималар жарықтық немесе ультрадыбысты ақау көшіру әдісімен тексеріледі.
Поршенді тексеру барысында алып жүруші беттердің жағдайын, оршықтарының желіну шамасын, поршендік сақиналардың үшін оршықтың тозу дәрежесін, поршендік сақиналардың тозу жәрежесі мен күйін тексереді.
Поршен, мүмкін шамадан асатын сынақтар, жарғыншақтар болған жағдайда және тозғанда, сондай-ақ поршендік сақиналарға арналған оршықтар желінгенде ауыстырылады.
Поршендік сақиналарды, жұмысшы беттерінің күйінің тексеруге басты көңіл бөлінеді, және де сақинаның тозу шамасы мен бүйірлік саңылаулықтар анықталады.
Штокты тексеру барысында бұранданың жағдайын, штоктың деформациялануының болмауын тексереді.
Шток, сальниктік тығынмен жанасар орындарында елеулі тозуға ұшырайды. Штоктың елеулі тозуы кезінде, оны балқыма қабат төсеумен немесе хромдаумен қалпына келтіруге болады. Бұл кезде қалпына келтірілген орын жону немесе ажарлау көмегімен өңделеді.
Цилиндрлер өзіндік техникалық күйі бойынша компрессор жұмысының көрсеткішіне елеулі әсер ететін бөлшектер қатарына жатады. Жұмыс істеу процесінде цилиндр диаметрі алғаш диаметрге қарағанда елеулі ұлғаяды және де дұрыс диаметриялық пішіні өзгереді. Цилиндрді ақаулық көшіру барысында оның бетінде сызаттар мен жарғыншақтардың және басқа да жарғыншақтардың болуын тексереді. Цилиндрдің тозу жәрежесін өлшеу үш қимада ( ортаңғы бөлігіндежәне перпендикулярмен артқы ұшынан 30 – 50 мм ара-қашықтықта ) және әрбір қима үшінішкі бетінде жарғыншағы бар цилиндрлер жарамсыз болып саналады, сондай-ақ өзіндік техникалық ресурсын атқарған және де үлкен диаметрге қашау мүмкін емес цилиндрлер ауыстырылады. Ал, басқа жағдайларда қалпына келтіру үшін жөнделген өлшемге өңдену әдісі қолданылады. Бұл кезде цилиндр үлкен диаметрге қашалады да, онда жөнделінген өлшемдегі поршень орнатылады.
Клапандардың тозуының негізгі түрлері, бұл егар саңылауында және табақшада шөгінділердің түзілуі, пластинаның, серіппесінің және пластинаның көтерілуінің шектегіштердің тозуы. Клапандар пластиналары жұмыстың пайдалану процесінде майысқақталады және де жарғыншақтардың қалыптасуы мүмкін. Пластиналар, клапандар көтерілуін шектегіштер және серіппелер көпшілік жағдайда жаңадан ауыстырады.
Пластинаның елеулі тозуы кезінде, оларды екі жақты ажарлау рұқсат етіледі. Беттердегі шөгінділер химиялық әдіспен тазартылады.
Станиналар мен қаңқалардың жөнделуі ондағы жарғыншақтарды пісіріп бітеумен және оның геометриялық жағдайын салыстырып дұрыстаумен (горизонталды және вертикалдағы) жүреді.
Компрессорды жөндеуден кейін жүргізіп, жаттықтыруды инструкцияға сай орындайды. Жүргізіп жаттықтыру барысында жарғыншақ температурасына цилиндрге және сальникке майлау майының берілуіне кривошипті-шатундық мезанизмдегі бөгде дыбыстардың болмауын және май тазартатын сүзгінің тазалығын бақылайды.
Қалыпты жұмыстың бұзылуы кезінде компрессорды жедел тоқтату қажет. Жүргізіп жаттықтырған соң, кривошипті-шатундық механизм бөлшектерінің жұмыстық үйренісу сапасын тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет