Тақырыбы: «Темекинин денсаулыкка зияны» Мақсаты



Дата10.02.2020
өлшемі57.6 Kb.
Тақырыбы: «Темекинин денсаулыкка зияны»
Мақсаты: Темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, темекі - у екенін айтып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.


Көрнекіліктері: Даналар сөзі, слайд, бейнекөрсетілім, суреттер
«Темекі бүкіл денеге залал әкеледі, ақыл - ойды бұзады, ұлттарды түгелдей надандыққа әкеледі»
О. Бальзак.
Күтілетін нәтиже:
- Темекінің тарихын, ағзаға зиянды әсерінің барын біледі
- Темекінің әсерінен туындайтын ауру түрлерін ажыратады
- Сын тұрғысынан ойлау дағдысы қалыптасады
- Салауатты өмір сүруге үйренеді.

Психологиялық дайындық


Көзімізді жұмамыз.
Еркін тыныс аламыз
Жақсы ойлар ойлаймыз.
Шаршағанды ұмытып,
Денемізді босаңсытамыз
Ал енді
Жап - жасыл,
Жұп - жұмсақ
Шөпте жатқандай сезінейік.
Күн нұрын бізге төгіп тұр…
Күн
Жып - жылы,
Самал леп,
Таза ауа.
Біз еркін тыныстадық
Ғажап қана ұйықтадық!
Оянатын сәт келді!
Көздерімізді ашамыз.
Қолымызды жоғары көтереміз,
Керілеміз! Күлеміз!

Темекінің адам ағзасына зияны туралы мәліметтер беру. Бейнекөрсетілім көрсету.

Оқушылар жемистер таңдау арқылы үш топқа бөлінеді:
1 топ –«Зерттеушілер» тобы
2 топ - «Суретшілер» тобы
3 топ - «Таланттылар» тобы.

Сен білесің бе?


• Әрбір темекі адам өмірін 8 минутқа қысқартады.
• Күніне 1 қорап темекі тартатын адамның 1 жылда өкпесіне 1 литр смола жиналады.
• Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3, 5 млн адам қайтыс болады.
• Шылым шегетіндер қысқа уақыт өмір сүреді, өз өмірін 6 жылға қысқартады.
• Темекі шегушілер инфаркт, рак, асқазан жарасы сияқты аурулардан 10 - 30 есе көп қайтыс болады.
• Балаларға темекінің қаупі, үлкендерге қарағанда 2 есе көп. Кейде балалар 2 - 3 тал темекіні қатар шеккеннен жүрегі тоқтап қалған оқиғалар болған.

Жасөспірімдер темекіні не себепті шегеді деп ойлайсыңдар? деген сұраққа оқушылар пікірін тыңдау.


Оқушылардың мүмкін жауаптары:
- Темекінің ағзаға қаншалықты зиян екенін білмеу, бұған жеңіл көзқараспен қарау
- Қасындағылар немесе өзінен үлкендер қысымшылық жасауы мүмкін
- Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп әуестенушіліктен болуы мүмкін
- Сәнқойлық, яғни қазіргі заманға сай өзін ересек сезіну
- Жарнамаларға қарап қызығушылығы артуы мүмкін
- Мидың жақсы жұмыс істеуі үшін немесе батылдық үшін деп теріс түсініктің қалыптасуы т. б.

3 топқа тапсырмалар беріледі.

«Зерттеушілер» тобы темекінің тарихы, зияны туралы ақпарат дайындайды. ( Оларға қосымша ресурстар беріледі).

«Суретшілер» тобы темекінің адам өміріне зияны туралы ес картасын құрады.

«Таланттылар» тобы темекинин зияны жане пайдасы туралы коринис корсетеди. Тапсырмаларды орындап болған соң, әрбір топ өз жұмыстарын қорғайды.

Көрініс «Темекі шегудің үш пайдасы»


Бала: Ата, мен темекі шегуді үйреніп жүрмін. Сіз қалай ойлайсыз, бұл пайдалы ма?
Атасы: Темекі шегу үш жағдайда ғана пайдалы.
Бала: Айтыңызшы, қай кезде пайдалы?
Атасы: Біріншіден, кім де кім темекі шексе, ол ешқашан қартаймайды.
Бала: Қалайша, неліктен, ата?
Атасы: Себебі ол қартаюға үлгірмейді. Ол тым ерте өмірден кетеді. Екіншіден, оның үйіне ешқашанда ұры түспейді.
Бала: Не себепті? Қалайша ұры түспейді?
Атасы: Себебі, кім де кім темекі шексе, түні бойы төсекте аударылып, төңкеріліп жатады да, қатты жөтелумен болады. Ұры үй иесінің жөтелін естісімен, үйді айналып кетіп қалады. Бірақ бұнымен әлі біткен жоқ, темекі шегетін адамды итте қаппайды.
Бала: Рас па?

«Қолшатыр» рефлексия

— Біз бүгін зиянды әдеттер туралы көптеген мәлімет алдық. «Зиянды әдеттерден қорғану үшін не істеуіміз керек?»

Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.

«Денің сау болсын десең…»

Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.



Қорытынды:

Болашақ еліміздің намысын қорғайтын жастарымызды осындай шылым шегу, арақ ішу, нашақорлық сияқты зиянды әдеттерден бойын аулақ салуы үшін қосымша мәліметтермен хабардар етіп, келешегімізді қолға алайық! «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, Үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні  сау ұрпақ, саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!



«Денсаулық – зор байлық» демекші денсаулығымыздың өзіміздің қолымызда екенін әрдайым есте сақтайық. Сен өз өміріңнің қандай болғанын қалар едің?

«Зерттеушілер»

«Суретшілер»

«Таланттылар»

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет