Тақырыбы: Тұлғааралық қарым – қатынас Жоспар



бет2/7
Дата03.06.2022
өлшемі71 Kb.
#145803
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-3719
PVVXWKZMAIVP11042023122203
Рөлдік қарым – қатынас - белгілі әлеуметтік ролдерді орындаушылардың психологиялық контакттары, мысалы, оқушы – оқытушы, әке – бала, сатушы – алушы, көрші – көрші, дәрігер – ауру, бастық – бағынушы.
Осы қарым – қатынастың барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерекшелідктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері қарым – қатынас нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен қарым – қатынас жасағанда адами қоғамдық ережелерлі, нұсқаларды, білім мен іс – әрекет тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңірген. Қарым - қатынастың нәтижесінде ададм жеке тұлға болып қалыптасады.
Қарым – қатынастың қызметтері (функциялары):

  1. Байланыстыру, прагматикалық қызмет.

  2. Қалыптастыру, дамыту қызметі

  3. растау қызметі

  4. тұлғааралық эмоцияның қатынастарды ұйымдадстыру мен іріктеу қызметі

  5. тұлғаішіндік қызмет

Сонымен, біз қарым – қатынастың түрлерін, қызметтерін қарастырдық. Қарым – қатынас психологиясында көбірек зерттелетін дәстүрлі мәселе – тұлғааралық қарым – қатынас.
2. Тұлғааралық қарым – қатынастың түрлері.
Мақсатына қарай қарым – қатынас психологиясы тұлғааралық қарым – қатынастың үш түрін ажыратады: императив (бұйрық), манипуляция (айпа), диалог (қосүн, қос сөз).
Императивтік немесе әміршіл қарым – қатынас - өз қарым – қатынасының серігінің тәртібі мен іс - әрекетіне бақылау жасау мақсаттарындағы әсер етудің авторитарлық, директивтік формасы. Қарым - қатынас партнері тек әсер ету нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерды бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай айзын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдар ретінде бұйрық, талап, әмір, тиымсалу, нұсқау пайдаланылады.
Манипуляция , алдап – арбау қарым – қатынасы - бұл қарым – қатынас партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс – әрекет. Өз мақсатына жету үшін манипулятор қарым – қатыналс партнерін нысанат ретінде қарастырады.
Императив пен манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни, қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Ал ерекшелігі: манипуляцияның стильде шынайы, мақсат жарияланбайды, жасырылады.
Алдап – арбау қарым – қатынаслының қоғамдағы ресми дорны – бизнес, сауда – саттық, іскерлік насихат, оқыту болып табылады. Бұл түрден қарым – қатынастың демеу берушісі, жаршысы Дейл Карнеги. Ал манипуляцияға қарсы шыққан ғалым Э. Шорстон «Анти – Карнеги» кітабын шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет