Тақырыбы:№1 МӨЖ. «Мектепті функционалдық басқару шарттары. Білім беру жүйесін басқару» Орындаған: Кеңесбай А


Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары



бет3/6
Дата13.02.2023
өлшемі262 Kb.
#168569
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мөж 2 Кеңесбай A білім беруді басқару
00011428-43e012cf, Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК, БИОЛОГИЯ 9 сынып 1 токсан, СӨЖ 1, педагогика Ақбота Кеңесбай семинар, stud.kz 10823
3. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару əрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:

  • мектеп түрі мен мақсаты;

  • ақпараттық жабдықталуы( оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері , ата-аналар тапсырыстары);

  • мамандар, материалдық-техникалық, психологиялық жағдайлар (анықталған қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін);

  • оқу жоспарының мектептік баламасы;

  • оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дəрісбаян-тəжірибелік, мектептің əрқилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды-ағымдық жəне т.б.);

  • оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тəртібі (бес-алты күндік, апта, түске дейінгі не күннің екінші жартысында);

  • мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар, материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-əдістемелік, əлеуметтік-психологиялық).

Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан- ондағы жүйе бірліктерінің əрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған мақсаттардың дəл мезетінде орындалып баруына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске асырылуы, өз кезегінде көптеген , əрқилы əдістер мен формаларды ойластыруды керек етеді.
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар – педагогикалық ұжым жəне оның басшыларының қызметтік іс-əрекеттері (В.А.Сластенин). Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей- мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей- мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; əлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, əкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей- оқу барысында жəне оқудан тыс білім-тəрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.
Төртінші деңгей- сыныптық жəне жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект-субъектті» сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста оқушы өзара ықпал нысаны болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші – субъект ролін де атқарады.
Сатысына қарай əрбір басқару субъекті бір уақытта жоғары деңгейлі басқарудың объекті – нысаны болып есептеледі. Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі:
біріншісі- жалпы мектептік жəне сынып ұжымы;
екіншісі- оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары (бригадалары) жəне т.б. Педагогикалық жəне оқушылар ұжымдарының өзара бірлестік іс-əрекеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен жалпы білім беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп барады.
Басқару іс-əрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:

  • мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр кезеңінің соңғы нəтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау);

  • жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақ пен əр жылға жоспар түзу);

  • ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру жəне бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру);

  • реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру);

  • ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау);

  • қадағалау (талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру);

  • педагогикалық талдау (оқу процесін, тəрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тəрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер жəне талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру).

Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұнын екі жікке келтіруге болады:
1) ұйымдастыру- бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс-əрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау жəне т.б.)
2) басқарушылар іс-əрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-əрекеттердің технологиялық негізін қалау).
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:

  • педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру);

  • əкімшілік – ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.);

  • психологиялық – педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);

  • қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);

  • қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау).

Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс болуы міндетті.
Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік –психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп Жарғысына ендіріледі. Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай – педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі.
Директор жəне басқа да басшылардың оқу-тəрбие процесін нақты басқару қызметтері белгілі принциптерге негізделіп орындалады. Ол принциптер төмендегідей:

  • педагогикалық жүйелер басқарымын демократияластыру жəне гуманизациялау. Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының өзіндік іс-əрекеттері мен ынтасының дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу жəне басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты қажет етеді;

  • орталықты басқару мен өзіндік басқарымдарды оңтайлы үйлестіру. Мұндай басқару үйлесімдері əкімшілік жəне қоғамдық органдар басшыларының іс-əрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау жəне қабылдауды, кəсіби деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, əрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді;

  • жеке басқару жəне ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті ұстанудағы мақсат- біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм мен əміршілдікке жол бермеу. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген ұжым мүшелерінің əрбірінің жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды. Ал жеке басқару тəртіп жəне жөн-жосақ қамтамасыз етіп, педагогикалық процесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды.

  • педагогикалық жүйелерді басқарудағы шынайылық жəне ақпарат молдығы.

Басқару ақпараттарын əрқилы белгілеріне қарай жіктеуге болады:

  • уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық;

  • басқару қызметі бойынша- талдауға орай, бағалық, құрастырушылық, ұйымдастыруға байланысты;

  • келіп түсу көздері бойынша- мектепішілік, ведомстволық, қарым-қатынастағы мекемелерден;

  • мақсаты бойынша - өкімдік, ұсыныс, нұсқау-таныстыру жəне т.б.

  • өкілеттіктер беру принципі.

Басқару жауапкершілігінің келесідей түрлері қалыптасқан:

  • жалпы – қызметке орай жағдайларды жасау;

  • белгілі қызметтік – нақты іс-əрекеттерге байланысты шарттарды түзу.

Өкілеттік тапсырыстар лауазым иесінің атына емес, лауазымның өзіне байланысты беріледі( мысалы, мектеп директоры С.Қасымовқа емес, мектеп директорына (С.Қасымов) тапсырылсын).
Жеке адамдарға жүктелетін тапсырмалар – күнделікті шаруашылық; кешенді істерге дайындық;

  • арнайы орындалатын іс-əрекеттер;

  • жекеленген мəселелер.

Жекелеп берілмейтін міндеттер

  • басшы қызметі: мақсаттар тағайындау;

  • мектеп стратегиясына орай шешім қабылдау;

  • нəтижеге бақылау салу;

  • қызметкерлерге басшылық, оларды еңбекке ынталандыру;

  • аса маңызды міндеттер;

  • тəуекелдікті талап ететін жоғары дəрежелі тапсырыстар;

  • тосын, қалыптан тыс істер;

  • түсіндіріп, қайта тексеріп жатуға мерзімі тығыз қауырт жұмыстар;

  • жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.

Білім сапасы – қоғамда білім үдерісінің жағдайын жəне нəтижелілігін, оның қоғам қажеттіліктері мен үміттеріне (тұлғаның азаматтық, тұрмыстық жəне кəсіби сапаларын) сəйкес келуін анықтайтын əлеуметтік санат [117]. П. И. Третьяков жəне Т. И. Шамова, білім сапасының бар анықтамаларына талдау жүргізіп, зерттеушілер білім сапасының түсінігін баян етуде келесі бағдарлаумен байланысты əртүрлі уəждеу бағыттарын ұстанған деген қорытындыға келді:
– тұлға мен қоғамның қажеттіліктеріне;
– қасиеттер мен нəтижелердің жиынтығына;
– мақсаттар мен қорытындыларға;
– білім беру мекемесінің бекітілген жəне болжанатын қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетіне.
Сапаның қоғамдағы рөлін, сапаны басқару мен бағалауға деген заманауи көзқарастарды зерттеу осы түсініктің мазмұны мен құрылымын толық елестетуге мүмкіндік береді (1-сурет қараңыз). Осы ұғым білім сапасы жəне білімдер (немесе жоғары мектепке қатысты - маманды дайындау сапасы) сапасы түсініктері мүлдем ұқсас еместігін көрсетеді.







1 сурет Білім сапасы жəне білім беру қажеттіліктері


Білім сапасы – білім беру қызметтерін ұсыну мен тұтынудың бүкіл үдерісін қамтитын көпаспектлі термин, ал білім сапасы/маманды дайындау сапасы осы үдерістің соңғы, қорытынды құрауышына қатысты болады (2-кестені қараңыз).
Қазіргі таңда білімнің жоғары сапасы сапаның жаңа философиясына сəйкес мынаны көздейді:
– білім беру бағдарламалардың мазмұны тапсырыс берушілердің талаптарына жəне білім беру стандарттарына сəйкес келуі (мемлекет, бизнес, тұлға);
– мүдделі жақтардың (білім алушылардың, жұмыс берушілердің жəне басқалардың) білім беру қызметтерінің сапасымен жоғары қанағаттануы;
– білім беру мекемесінің оқытушылары мен қызметкерлерінің өз жұмысымен қанағаттануы;
– қоғамға оң ықпал ету, жалпы мəдениетін жəне оның мүшелерінің біліктілігін арттыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет