Тақырыбы:Қатысымдық дағдылар; тілдік норма, этика, коммуникативті норма Орындаған



бет3/6
Дата31.03.2022
өлшемі360,59 Kb.
#137400
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тілдік норма
227035, ЖОЛДА ЖҮРУ, 6 - сабақ, деңгейлік тапсырмалар, Our House, сор-соч-4-класс

Сонымен, сөз мәдениеті алдымен әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгеру, сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да кедір-бұдырсыз болып, жатық шығып жатады. Тіл амалдарын дұрыс қолданып, әдеби тіл нормасын сақтап, одан жөнсіз ауытқымауды сөз жатықтығы деп түсінуге болады. Тіл амал-тәсілдерін дұрыс жұмсауға, сөз жатықтығына ғана қанағат етіп қою жеткіліксіз. Сөйлеушінің сөзі әдеби тілдің нормасына сай, дұрыс жұмсалуы және «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей», ой мен сөзімді дәл жеткізе алатындай әсерлі болуы да қажет. Тілде толып жатқан амал-тәсілдер бар. Солардың ішінен қарым-катынас жасаудың мақсатына сай келетін аса қажеттісін талғай білу арқылы ой мен сөзімді дәлме-дәл жеткізе білу шеберлігі – сөз мәдениетінің биік шыңы. Мұндай шеберлік ең алдымен тіл амалдарын әдеби тіл нормасына сай, дұрыс қолданудан, сөз жатықтығынан басталады. Ондай қасиетке ие болғанда ғана барып сөйлеуші, жазушы сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз дәлдігі, сөз әсерлілігі тәрізді т. б. сапалармен тыңдаушысын я оқушысын баурап алып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет