Тақырып 1: Балалар тағамында қолданылатын өсімдік тектес шикізаттар


Балаларға арналған көкөніс және көкөніс-ет консервісі



бет2/8
Дата25.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#105134
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-5
Мурат Файзулла ВТиПО 13 СРО 1-2 недель, Құлыбек Дария 2-007 тфп, Құлыбек Дария 2-007 тфп, Құлыбек Дария 2-007 тфп, 6-дәріс
Балаларға арналған көкөніс және көкөніс-ет консервісі

Бұл консервілерге қосылған көкөністер мен ет арнаулы машинкадан өткізіліп, ұсақтап ткралғандықтан, олар жеңіл қорытылады. Мұндай консервілерді 6-7 айдан бастап беруге болады. Балалар консервісіне көкөністер мен еттен басқа сары май, сүт, қант, тұз, бидай ұнын қосуға болады. Консервінің құрамы мен оларды пайдалану тәртібі банкалардың сыртындағы этикеткасында көрсетіледі.



Жеміс-жидек консервілері. Компоттарды жаңа жиналған жеміс-жидектерден дайындайды. Ол үшін бүлінген жерлерін кесіп тастап тазалап жуып, одан кейін әйнек немесе қаңылтыр банкаларға салады, сосын үстіне сироп құяды да аузын жауып стерилдейді. Консервіленген компоттың хош иісі мен дәмі, жемістері мен жидектері жақсы сақталады. Банкадағы компот салмағының 55—60%-і жеміс-жидек, қалғаны сироп. Сондай-ақ компотта 20—25%-ке дейін қант пен органикалық қышқыл және минералдық заттар, сонымен бірге витаминдер болады

Ет консервісі ірі қараның, қойдың, құстың етінен, сол сияқты ішек қарын, өкпебауырдан және колбаса, сосискадан жасалады. Ет консервілеріне жарма, көкөніс өнімдерін және макарон қосуға болады. Ірі қара мен қой етінен жасалып, тұздалған консервілерді суықтай және ыстық күйінде жеуге болады. Сонымен бірге оны сұйық тағамға (кеспеге, щи мен борщқа) қосады. Ол бағалы белокқа бай (14,5—18,5 %) және оның жұғымдылығы жоғары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет