Тақырып. Ақша қаражаттарының есебі және оның баламалары. Дәріс жоспары: Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері



бет3/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#96730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций по ФУ 1

2 тақырып. Ақшаның уақыттық құны.


Дәріс жоспары:
1. Ақшаның уақыттық құны. Каиталды бүгінгі және болашақтағы құны. Дисконттау и компаундирлеу. Қарпайым және күрделі қойылымдар.
2. Аннуитеттер. Бағалы қағаздар бойынша пайыздар мен дивидендтер.


1. Ақшаның уақыттық құны. Каиталды бүгінгі және болашақтағы құны. Дисконттау и компаундирлеу. Қарпайым және күрделі қойылымдар.
Өндіріс үрдісінің негізгі ерекшелігі өндіріске кеткен шығындармен сталыған өнімнің нәтижесінде табысты алу уықатты бір болмағаны. Табысты өндіруші жұмсалған шығындарынан біраз уақыттан кейің алады. Сондықтан корпорация ақша қаражатын авнстауға мәжбүр болады. Корпорацияның өз меншік қаражаты болғанымен, ол көп жағдайларында қаржы көмегін алуға барады. Керек қаражатың зайым түрінде белгілі бір пайыздық қойылымымен банкттен алады.
Кәсіпорын капиталдық салымдарды өндіріске ивестициялау мақсатында, зайым алуға тек қана банкке ғана емес, сонымен бірге акционерлік қоғамын ұйымдастырып капиталды тартудың басқа да түрлерін қолдана алады. Акционерлік қоғамының ұйымдастырушылары акцияларды тарату арқылы кәсіпорынға қосымша иеленушілерін тартады. Акционерлік қоғамын құры тәртібі және оның қызметін атқару “ҚР-да акционерлік қоғамдыры туралы” ҚРзаңымен қарастырылады.
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері:
- қарыз қағаздары (облигациялар);
- акциялар;
- болашақта жабдықтау туралы келісім шарттар (фьючерстер);
- болашақта жабдықтау туралы опциондар.
Келісім шартпен опциондардың бағалары тауар бағаларымен байланыс болғандықтан оларды туынды бағалы қағаздар деп атайды. Әрбір бағалы қағаз арнайы қаржылық операцияға куә болады. Операцияға қатысушылар оның нәтижесін, пайдалығын және тиімділігін аңық білулері қажет.
Келісімнің тиімділігін аңықтауға екі көрсеткіш қолданылады:
- қатысты өсім (қызығушылық - Rт)


Rт = (St – So)/ So,

(2.1)

мұндағы St – t уақытынан кейін қайтарылатын сома;
So – зайымның бастапқы сомасы.
- қатысты женілдік (дисконт – dt)


dt = (St – So)/ St.

(2.2)

Көбінде қызығушылықпен дисконтты пайызбен қолдайды.
Дисконт дегеніміз:
- вескельді есепке алу;
- есеп пайызы – вескельді есепке алу кезінде банктін алатын ақысы;
- биржалық және валюталық келісімдерде – таурдың, валютаның бағасынан женілдік;
- бағалы қағаздың номиналымен биржалық курсының айырмасы, ақырғысы төменболса.
Егер біз тұрақты ақша ағымымен жұмыс істесек, пайыздық қойылым (дисконт) ақшаның құның уақытта белгілеуге қолданылады. Пайыздық қойылым ақша ағымының құнын кез келген уақытқа түзетуге мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіншілікпен біз өте қиын сұрақтарға жауап бере аламыз, мысалы, болашақта 10 млн. тенге алы үшін бүгін бізге 5 млн. тенге жетеді ме? Бұл сұраққа жауп беру үшін біз ақша ағымын белгілі бір уақытқа түзетуіміз керек, сонда біз дұрыс жауап алаламыз. Құнды уақытқа байланысты анықтау ақша ағымын дисконттау деп атаймыз. 
Ақша мен уақыттын бір бірімен байланысы келесілерде:
- ақша пайда алу үшін жұмаслады;
- қаржа салымдары қосымша пайда әкелуі тиіс немесе үнемдеу болуы тиіс;
- қаржа салымдары инвесторға уақыт мерзімінін ұзақтылығында керекті пайда әкелсе, яғни оның көлемі күткен уақыттың орнын толтыруға жетсе, оларды тиімді деп атуға болады.
Ақшаның құның дисконттау инфляцияға байланысты емес. Басқа сөзбен айтсақ, инфляция нөлге тең болса да, ақшаның құны болашақты кірістін есебімен анықталады. Ақша ағымын банк саласында бағалау, яғни лардың құнының көлемін анықтау, қарапайым және күрделі пайыздарды есептеу теориясында негізделген.
Пайыздар – дегеніміз капиталды (ссуданы, мүлікті, ақшаны) қарызға бергеннен немесе қаржылық пен өндірістік түрінде инвестициялардан түсетін кіріс.
Қарапайым пайыздары – дегеніміз берілетін негізгі немесе бастапқы сомаға немесе қарызға алынған ақшаға төленетін (немесе алынатын) пайыз самасы. Қарапайым пайыздарының ақшалай берілгені үш ауыспалы функциясы болады: қарызға алынған (немесе берілген) бастапқы немесе негізгі сомасы; бір уақыт мерзіміне пайыздық қойылым; қарызға алынатын (немесе берілетін) уақыт мерзімінін саны.
Күрделі пайыздар – реинвестицияланған пайыздардан алынған пайыздар, яғни ссуда немесе қаржы салымынан алынған пайыздарға қайтадан пайыздар қосылады, нәтижесінде қосымша пайыздар негізгі сомаға және алынған пайыздарға төленеді.
Болашақ құны – бүгін болашаққа салынған ақшаның құны. 
Күрделі пайыздар процедурасын қолданып инвестицияның болашақтағы, бір неше жылдан кейінгі құнын анықтау үшін келесі формуласы қолданылады:


FV = PV (1+r)n

(2.3)

мұндағы FV- инвестицяның n жылдан кейінгі болашақ құны;
PV – кәзіргі уақытта салынатын сома;
r - ондық бөлшек түрінде пайыздық қойылым;
n – есептеу мерзімінде жылдардың саны ( пайыздарды есептеу жиелігі).
Кейде біз кері бағытта жылжуымыз мүмкін. Яғни, бізге n жалда r пайыздық қойылымда салымның болашақ құны белгілі, бірақ біз бастапқы инвестицияланған – келтірілген (ағымдағы, бүгінгі, дисконтталған) негізгі соманы білмейміз. Сондықтан, ағымдағы құн келесі формуламен есептеледі:


PV = FV/ (1+r)n

(2.4)

Мысалы. 12% қойылымымен үш жылдан кейін 30000 тенге алу үшін, бізге бүгін келесі соманы енгізуіміз керек:
PV = 30000/ (1+ 0,12)3 = 30000/1,404928 = 21353.
Болашақ құнды және ағымдағы құнды есептеу үшін коэффициенттер кестесін қолдануға болады.
Аннуитет (немесе қаржылық рента) – белгігі бір жылдардың ағымында бірдей интервалдар арасында бір бағыттағы төлемдердін ағымы. Аннуитеттін болашақ құның келесі формуламен есептеуге болады:


FVA = A [(1+r)n -1] /r

(2.5)

мұндағы r - ондық бөлшек түрінде пайыздық қойылым;
n – есептеу мерзімінде жылдардың саны ( пайыздарды есептеу жиелігі);
А – аннуитет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет