Тақырып: Балалардағы ауа-тамшылы жұғатын инфекциялар


Қызылшаның жасырын кезеңі



бет2/5
Дата26.10.2022
өлшемі13,93 Mb.
#155092
1   2   3   4   5
Байланысты:
6 сабак Султан Р

Қызылшаның жасырын кезеңі 9-11 күнге созылады. Ауру циклді түрде дамиды. Бастапқы кезеңі дене қызуының 38-39°С дейін көтерілуімен, шаршағыштықпен, тәбетінің нашарлауымен сипатталады. Катаральды көріністер қалыптасады. Құрғақ жөтел басталады, конъюнктивит, склерит, жарықтан қорқу, блефароспазм пайда болады. Ұсақ қызыл дақты қызылша энантемалары (Филатов-Коплик-Бельский дақтары) пайда болады, ол жиі жұмсақ және қатты таңдайдың шырышты қабықтарына жайыла бастайды. Оның сыртқы түрі ұнтақ жармасына немесе кебекке ұқсайды. Экзантеманың пайда болуымен олар жойылады.
Бастапқы кезеңнің аяғында (3-4-ші күні) дене қызуы төмендеп, содан кейін қызылша бөртпесінің пайда болуымен, қызба қайтадан аса жоғары деңгейге дейін көтеріледі. Бөртпе кезеңі дақты-папулезді бөртпенің пайда болуынан басталады. Қызылша экзантемалары бөртпенің сатылы шығумен сипатталады: 1-ші күні бөртпе элементтері бет және мойында пайда болады; 2-ші күні — кеудеде, қолдарда, жамбаста, 3-ші күні бөртпе аяқ пен табандарды қамтиды, ал бетте ол ағара бастайды. Бөртпе бет және мойында, кеуденің жоғарғы тұстарында жиі орналасады. Элементердің диаметрі –10 мм. 3-4 күннен кейін бөртпе ағарып, олардың орнында пигментация қалады. Одан әрі кебек тәрізді қабыршақтану байқалады (бетте, кеудеде).
.
Диагностикасы
  • шағымдар мен анамнез
  • қызудың 38-39 0 С-қа дейін көтерілуі;
  • бастың ауыруы;
  • әлсіздік, енжарлық, дімкәстік;
  • мұрынның бітелуі, түшкіру, сірнелі (сероздық) мұрын сөлінің мол бөлінуі;
  • тыныс алу жолдарындағы жыбырлау сезімі;
  • дауыстың қарлығуы;
  • қатты (дөрекі) жөтел;
  • көзден жас ағу, жарықтан қорқуы;
  • теріге бөртпелердің шығуы.

ЖҚА:
  • талаурау кезеңінде - лейкопения, нейтропения;
  • бөртпелер кезеңінде - лейкопения, эозинопения, тромбоцитопения;
  • бактериялық асқынулар дамыған жағдайда - лейкоцитоз, нейтрофилез, лимфоцитопения.

  • ЖНА
  • протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия.

Қызылша емі.
Этиотропты емі жетілмеген. Клиникалық белгілері білінгенде қызылшаға қарсы иммуноглобулин ешқандай әсер бермейді. Науқас үйде емделуі тиіс. Ал ауруханаға асқынған жағдайда және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жатқызылады. Қызба кезеңінде төсектік режим ұсынылады. Төсекті көзге күн түспейтіндей қою керек. Науқасқа көп мөлшерде сұйықтық беріледі, жеміс шырындары, витаминдер. Көзге 20% сульфацил-натрий ерітіндісі, күніне 3-4 рет пайдаланылады.
Антибиотиктер тек қана аурудың бактериальды асқынулары дамығанда тағайындау керек: ампициллин, цефалоспориндер, макролидтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет