Тақырып. Демодуляция және декодтау. Сұрақтар: Цифрлық тарату жүйелерінде қандай дабылдар қолданылады?



бет5/5
Дата30.03.2023
өлшемі120,19 Kb.
#173327
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 тапсырма

Талшықты оптикалық арналар.
Шыны талшықты жоба жасаушыға коаксальді кәбільге қарағанда бірнеше есе үлкен байланыс жүйесінің жиіліктік жолағын көрсетеді. Өткен онжылдық бойы генератор және детекторлық сигнал үшін сигнал мен жоғары берікті оптикалық құрылғы жөнделінді. Осы техникалық жетістіктер ішкі байланыс жүйесінде, сол сияқты трансатлантикалық және дүниежүзілік байланыс жүйесінің осындай арналардың тез түсінуіне мүмкіндік берді. Жиіліктік жолақтың үлкен кеңдігін алғанда талшықты оптикалық арнаға алынатын, телефондық компанияларда электробайланыстың кең диапазонын абоненттеріне ұсынысы, сөз, деректерді, факсимильді және бейнесигналдарды қоса алғанда мүмкін болды.
Жіберу құрылғысы немесе модулятор талшықты оптикалық байланыс жүйесінде – жарық көзі, жарық шығарушы диод немесе лазер. Ақпарат интенсивті жарық көзінің өзгерісімен деректі сигналына ауысуымен жіберіледі. Жарық талшық арқылы жарықтық толқын сияқты өтіп, ол периодты сигналдың өшуін орнына келтіру үшін жіберіліс бағытымен көбейеді (цифрлық жіберіліс кезінде ол детектрленеді және ретрансляция арқылы қалпына келеді).
Фотодиод шығысында жарық қуатын пропорциялық өзгертіп, электрлік сигнал шығысы болып келетін фотодиодпен жарық интенсивтігі детектрленеді. Талшықты-оптикалық арнада шуыл көздері – фотодиод пен электрлік күшейткіштер.
Телефондық желі үшін жүзжылдық ішінде талшықты оптикалық арналар барлық арналарды ауыстырады делінеді.
Сымсыз (радио) арналар.
Сымсыз байланыс жүйелерінде (радиобайланыс) электромагниттік энергия жіберіліс ортаға жарықтандыру орнын атқаратын антенна арқылы жіберіледі. Антеннаның физикалық өлшемі және құрылымы, ең алдымен, жұмыс жиілігіне байланысты. Электромагнитті энергияның жоғары сәулесін алу үшін, антенна өлшемі 1/10 толқын ұзындығынан үлкен болуы керек. Осыдан, радиостанция жіберілісі АМ мен берілетін, fc = 1 МГц деп есептесек, λ = с/fс. = 300 м толқын ұзындығы үшін кем дегенде диаметрі 30м болатын антеннаны қажет етеді. 2.2 суретінде радиобайланыс үшін әртүрлі жиілік диапазондары көрсетілген. Электромагниттік толқындардың атмосферада және бос кеңістікте таралуын үш түрге бөлуге болады, беттік толқынның таралуы, кеңістік толқынмен таралуы, тура толқынмен таралуы. Төмен жиіліктегі және дыбыстық диапазонда, толқын ұзындығы 10 км ден артық болғанда, жер және ионосфера электромагниттік толқын таралу үшін волновод құрайды. Осы жиіліктік диапазонда байланыс сигналдары бүкіл жер шарымен таралады деуге болады. Сондықтан осы жиілік диапазондары, ең алдымен, бүкіл дүние жүзінде кемелердің жағамен навигациялық байланысында қолданылады.
Осы диапазонда қол жеткілікті жиілік каналдарының жолағының кеңдігі аз (негізінен 1...10 % орталық жиілік), сондықтан, осы арнамен жіберілетін ақпарат төмен салыстырмалы жылдамдыққа ие және ол негізінен цифрлық жіберіліске тән емес.
Доминирленген шуыл түрі осындай жиілікте жер шары айналасында күннің күркіреуімен байланысты пайда болады, әсіресе тропиктік аймақтарда. Осындай жиіліктік диапазондарда стансалар санының көптігінен интерференция пайда болады.
Жерлік толқынның таралуы сигналдың орташа жиіліктік жолақта таралуы (0,3...3 МГц) болып келеді. Осы жиілік диапазоны АМнан радиохабарлауда және теңіздік радиохабарлауда қолданылады. АМ радиохабарлауында және жерлік толқын таралуында байланыс қашықтығы, күшті радиостансалар қолданса да, 150 км шектелген. Электрлік қабылдағыштың атмосфералық шуы, өндірісті шу және жылулық шу орташа диапазондағы жиілікте жіберілетін сигналдың бұзылуның негізгі себебі.
Кеңістіктік толқын таралуында кездесетін жағдай ионосфералық таралу. Ол шағылысқа келеді (толқынның өзгеруі немесе рефракциясы) жіберілетін сигналдың ионосферадан, зарядталған бөлшектердің бірнеше қабатынан тұратын, жер бетінен 50…400 км биіктікте. Күндізгі уақытта атмосфераның төменгі қабатының күнмен қызуы 120 км жер бетінен биіктегі қабаттың пайда болуына әсерің тигізеді. Осы төменгі қабаттар, әсіресе D-қабаты, 2 МГц-тен жиіліктері төмен толқындарды жұтып, осылайша, АМ радиохабарлауындағы радиожіберілістегі ионосфералық толқынды шектейді. Күшті радиохабарлағыш АМ сигналдар ионосфералық қабаттармен шағылысып (жер бетінен 140 тан 400 км-ге дейінгі биіктікте) жер бетіне шағылуы арқылы үлкен қашықтыққа таралады.

4 сурет - Сымсыз байланыс арнасына арналған жиіліктік диапазон

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет