Тақырып: Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының ықпалы Жоспар



бет1/2
Дата21.04.2022
өлшемі0,5 Mb.
#140257
  1   2
Байланысты:
Та ырып Еуразия картасыны згеруіне Шы ысхан жоры тарыны ы п
Электромаг индук, oxford-practice-grammar-basic-tests-key

Тақырып: Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының ықпалы
Жоспар:
1.Моңғол мемлекетінің құрылыуы
2.Шыңғыс ханның жаулау жорықтарының басталуы.
3.Моңғол империясы
4.Алтын Орда

ХІІ ғасырдың соңы мен ХІІІ ғасырдың басында моңғолдар Байкал мен Амурдан басталып, шығысында – Ертістің басы мен батысында – Енесейге дейінгі, оңтүстігі- Ұлы Қытай қорғанынан, солтүстігі Оңтүстік Сібір шегарасына дейін созылған ұлан-байтақ жерді иеленді. Одақтас ірі тайпалары татарлар, тайжұттар, керейіттер, наймандар мен меркіттер болды.


ХІІІ ғасырдың басында моңғолдар белсенді жорықтар жасап, көршілес көшпелі тайпалардың басын біріктіріп, оларды оларды өздеріне бағындырды. 1206 жылы шақырылған құрлытайда моңғолдар талантты қолбасшы Темучинді бірауыздан ұлы хан сайлап, оған Шыңғыс хан (Көк тәңір) деген атақ берді. Бұл біртұтас Моңғол империясының алғашқы іргетасының қалануы болды. «Моңғол» атауымен біртіндеп Моңғол державасын құрған барлық тайпалар атала бастады.
Басқару, негізінен, ондық жүйе арқылы жүреді. Халқы он мыңдық түменге бөлінді, олардың әрқайсысы мыңдықтан, жүздіктен, ондықтан құралып, әрқайсысын арнайы тағайындалған жетекшілер басқарды. Өз ортасын тастап, өзге мыңдық, жүздік немесе ондыққа ауысуға тыйым салынды, тәртіп бұзғандар өлім жазасына кесті. Әскер де дәл осылай жасақталды. Ұлан-ғайыр далалық аймақ тайпалардан арнайы тағайындалған өкілдері бар басқарушылар арқылы басқарылды, ал барлық шексіз билік тек Ұлы ханға тиесілі болды.
Шыңғыс хан тұрмыс-салт ережелері мен моңғолдар өмірін қамтыған «Ұлы Жасақ» арнайы заңдар жинағын шығарды. 1220 жылы Орхон өзеннің жоғарғы ағысында жаңа мемлекеттің астанасы – Қарақорымның іргесі қаланды.
Моңғол мемлекеті құрылғаннан бастап әскери сипатта болды. Хандар моңғолдардың жауынгерлік шеберліктерін жетілдіріп, олардың ат үстінде ұзақ жол жүруі мен жорыққа шыдамдылығы қатаң бақыланып отырды.
Шыңғыс хан бүкіл әлемді жаулап алуды мақсат етті. Оның жаулаушылық жорығының мақсаты дүниені жеке-дара билеу мен жайылымдар мен байлықты иелену болды. Алғашында Шыңғысхан әскерінің саны 95 000 мың адамды құрады. Ал өзінің жеке күзеті 10 000 адам болды. Біртіндеп жаулап алған тайпалардан адам, алып жауынгерлер қатарын үздіксіз толықтырып отырды.
1211 жылы Шыңғыс хан әскері Қытайдың солтүстігіндегі Цизинь империясына басып кіреді. Ат үстіндегі ұрыс тәсілдерін жетік меңгерген моңғолдар қытайларды тас-талқанын шығарып жеңеді. Олардың негізгі қарулары сынақтан өткен садақ болатын. Жасынан аңға шығып, ұрысқа қатысқан моңғолдар садақ атудың нағыз шеберлері еді. Ат үстінде садақ нағыз тиімді қару болды. Атты әскердің соғыс әдістерін орындау қолбасшының қолындағы байраққа байланысты жүргізілді. Қолбасшы байрақ арқылы жауынгерлерге қажетті белгі беріп отырды. Күн өткен сайын қатарлары көбейіп, қаһарлы күшке айналған моңғол әскерлеріне тең келер ешкім болмады.
1215 жылы Цзинь империясы толық тізе бүкті, алайда қарсылық бірнеше жылға жалғасты. Моңғолдар қытайлардың жаңа әскери қарулары- тас атқыш және от атқыш жарақтарын, жылжымалы мұнаралар мен қозғалтқыш арбаларын пйдалануды тез меңгеріп алды. Қолбасшы өзінің жауынгерлерінің қатарына қытайдың әскери мамандарын да көптеп қосты.
Әскери қуаты артқан Шыңғыс хан батыста тіршілік кешіп жатқан көшпелі халықтарды да бағындырды. Бұдан кейін Хорезмшахты жаулап алып, өзінің құдіретті билігін Орталық Азия мен Парсыға дейін тартты. Басып алушылар тарапынан қарақшылық ұлғайып, аман қалған халықтарға сауыр салықтар салды.Сонымен қоса жеңілген халықтар арасынан моңғолдардың жаңа жорықтары үшін жауынгерлер көптеп алынды.
Моңғолдар (1219-1221) үш жылдың ішінде Орталық Азияны басып алды. 1221-1222 жылдары моңғолдар Солтүстік Иран арқылы Әзірбайжанды, одан Солтүстік Кавказды жаулап алды. Олардың алдында дала көшпелілер мен Оңтүстік Русь даласының тұрғындары да тізе бүкті.
1223 жылы моңғол әскерлерінің үлкен бір бөлігі Кавказ арқылы өтіп, қыпшақ даласынан келіп шығады. Қыпшақ ханы орыс князінен көмек сұрайды. Князьдер кеңеске жиналады. Кеңеске жиналған орыс князьдері мен бірқатар билеушілері көмек беруді қолдайды.
1223 жылы мамыр айының соңында Жайықтың сағасында, Азов теңізіне құятын шағын ғана Қалқа өзенінің жағасында қанды шайқас болып, моңғолдар қарсыластарын қырып салады.
Қалқада жеңіске жеткен моңғолдар бұдан кейін Қырымға бет алады, ондағы Чернигов князьдігін басып алып, бірнеше қалалары мен елді мекендерін талқандайды. Алайда олар орыс жеріне тередеп енбей Моңғолияға қайта оралады.
Моңғол империясы аса ауқымды, кең-байтақ жерді алып жатқан ғаламат үлкен мемлекет болды. Империяның дәуірлеп тұрған құдіретті кезінде халқының саны 110 мли адамға дейін жетті.
Империя төрт бөліктен (ұлыстан) құралды. 1227 жылы Шыңғысқан дүниеден өтер алдында өз иелігін өзінің төрт ұлына бөліп беріп кетті. Моңғол мен Қытайды билейтін Ұлы хан мәртебесін (Моңғол империясының жоғарғы билеушісі)Үгедей иеленді. Шағатайдың басқаруына Әмударияның шығысындағы ортаазиялық өлкелер берілді. Ал Орталық Азияның батыс бөлігі, Парсы мен Солтүстік Үндістан Төленің билігіне өтті. Бұл бөлініске дейін үлкен ұлы Жошы қайтыс болғандықтан оның ұлы Батуға (Батый) Ертістен Орал тауларына дейінгі аралықты қамтыған Батыс Сібір, солтүстіктен Каспий мен Арал теңізіне дейінгі, оңтүстік Орал таулары аумақтары берілді.
Моңғолдар қытай мен парсылардың тәжірибелерін пайдаланды. Ұлы хан Мөңкенің бұйрығы бойынша жаулап алынған барлық елдерде халық санағы жүргізілді. Арнайы шенуніктік лауазымды қызметі енгізілді. Олар жиналатын салыққа жауапты болып, сот ісін жүргізіп, өздеріне тиісті аймақтардың тәртібіне жауап берді. Русьте оларды басқақтар деп атады. Моңғол империясының халқы түрлі дінді ұстанды, ондаған тілде сөйледі және олар түрлі мәдениет иелері еді. Осылай алуан түрлі халықтың басын қосып, оларды бір мемлекетке ұстап тұру өте күрделі болды. Бұл үшін басқарудың жетілген жүйесін енгізу қажет еді.
Көпұлтты империяның пайда болуы түрліпайда болуы түрлі тілдерді меңгеруді, аудармашылар даярлауды, сөздіктер мен анықтамалықтар шығаруды талап етті. Тұрақты түрдегі пошта қызметін жүргізуге үлкен маңыз берілді. Оған аттар пайдаланылды. Пошта бекетінің қызмет билеушілердің шабармандарымен қоса, көпестер де пайдаланды.
1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Монғол әскерлерін Шыңғысханның мұрагер немересі, Жошының екінші ұлы Бату басқаратын болды. Бату әскері 1236 жылы Камадағы бұлғарларды, мордваларды талқандап, 1237 ж. орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде монғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүрді.
1239 жылдың басында монғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып, монғолдар Перяславль қаласын, онан кейін Чернигов қаласын алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Бату Киевті талқандады, олар Польша, Венгрия, Чехияны және басқа да елдерді басып алды.
Батудың екпінді жорығы барысында монғолдар кен байтақ жерге ие болды. Оның шегі батыста - Днестрге, шығыста - Ертіске, Солтүстікте - Батыс Сібір ойпатына, Оңтүстікте - Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату иеліктерінің құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік Хорезм мен Сырдарияның төменгі жағындағы жерлер енді. Оңтүстік орыс княздіктері де Батуға тәуелді болды. Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деп аталды. (Карта қою керек) Астанасы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, Кейін Сарай Беркеге көшірілді. Алғашында Алтын Орда деген ұғым болмаған. Бұл атау орыс деректерінде тек XVI ғасырдың аяғында пайда болған. Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шежіресінде бұл туралы аңыз бар. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған монғолдар аз болған жоқ. Олар кейін жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.
Алтын Орда өзін билеген хандары – Бату -1243-1255 жж, Берке -1257-1266 жж., Мөңке-Темір -1266-1280 жж., Төле Мөңке- 1280-1287 жж., Төле-Бұқа -1287-1291 жж., Тоқа-Темір -1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 жылы Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады.
Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. 1312ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп жариялады. Алтын Орданың гүлденген мезгілі осы Өзбек хан (1312-1342жж.) мен оның баласы Жәнібек ханның (1342-1357жж.) билік еткен тұстары болды. Өзбек хан қалаларда медресе салдырып, мұсылмен дінінің таралуына септігін тигізді.
Саяси өмірдің ерекше маңызды кезеңдерінде билеуші Шыңғысхан әулетінің өкілдері бастаған феодалдық алпауыт бектердің құрылтайы шақырылып тұрды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада-ұғландар, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы басқарды. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерге билеуші топтың өз адамдары – ұғландар, әмірлер, даруғабектер қойылды. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері – бақауыл, тұтқауыл, жасауыл, қази, муфти, диуан игітіршілері, тамғашы, тартынақшылар отырды. Қалалар мен бағынышты аймақтарды басқару үшін даруғашылар (даруғабектер), басқақтар тағайындалды. Олардың негізгі міндеті жергілікті халықты бұғауда ұстау, әскердің күшімен алым-салық жинау еді. Алтын-Орда халқының қоғамдық және мәдени даму дәрежесі әркелкі болды.
Монғолдар жаулап алған елдерін арнайы тағайындалған әкімдер-даруғашылар мен тамғашылар арқылы басқарды. Басқа елдердегі сияқты, монғолдар бұл жерлерде де басқарудың бұрынғы жүйесін өзгерткен жоқ. Жергілікті басқару қызмет орындарының көпшілігінде бұрынғыша жергілікті феодалдар болды, бірақ оларды монғол шенеуніктері қадағалап отырды.
Қазақстан жеріне монғолдар Шыңғысханның құқық нормаларын «Ясыларын» енгізді, онда феодал шонжарлардың артықшылықтары белгіленді. Ол бойынша жергілікті халық соғыс жорықтарына қатысу үшін әрбір он үйден (түтіннен) бір жауынгер беруге міндеттелді. Бүкіл халықтан хан әулетіне сыбаға тиіс деп есептелді және оларға ауыр алымдар мен міндеттемелер түсіп отырды. Көшпелі мал өсірушілер копчур деп аталатын салық төлеуге тиісті болды, оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды-әрбір он тугар егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж(жер салығы) алынды. Зерттеушілер жер-жерден жаппай алынған, монғолдар белгілеген салықтың кемінде 20 түрін атап көрсетеді.
Алтын Орда хандығы берік мемлекеттік бірлестік бола алған жоқ, оның әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әртүрлі, экономикалық негізі төмен болды. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі-сыртқы байланыстар шиеленісе түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен кейін, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасындағы хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алды. Бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін іштегі алауыздық жегідей жеді. Тек 1357 -1380 жылдар арасында Алтын Орда тағында 25 хан ауысты. Оған қоса Алтын Орда қарауындағы езілген бұқара халықтың азаттық күресі өрістеді. ХIV ғасырдың аяқ кезінде Мәуереннахр билеушісі Әмір Темірдің күшті шабуылдары да Алтын Орданы әлсіретпей қоймады. 1380 жылы Куликово даласында Мамай хан бастаған монғол әскерлерін талқандаған орыс княздары Алтын Ордадан тәуелсіздік алды. Алтын Орда тарихында «дүрбелең кезең» басталды. Осындай қат-қабат қайшылықтар мен тартыстар нәтижесінде әлсіреген Алтын Орда ХV ғасырдың ортасында ыдырап, бірнеше дербес мемлекеттерге бөлініп кетті. Алтын Орда Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары болып бөлініп кетеді. Хорезм Ақсақ Темір мемлекетінің құрамына кірді. Сөйтіп экзогенді (ішкі) және эндогенді (сыртқы) факторлар нәтижесінде Алтын Орда мемлекеті күйреді.
Монғол шапқыншылығы жергілікті халықтар мен елдердің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына орасан зор шығын әкелді. Елдің саяси және мәдени байланыстарын үзіп, шаруашылығын күйретті. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы отырықшы, қала мәдениеті мен егіншілігі гүлденген аудандары тапталды. Қалалар мен елді мекендер Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент сияқты ірі орталықтар қиратылып, Жетісу бойындағы қалалар құрып кетті.
Зерттеушілір монғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын екі жүз жылға кешеуілдетті деп есептейді.
Әрине, кез-келген сырттан таңылған әскери іс-қимыл басқыншылық (агрессивті) соғыс болып саналады. Оны еш сылтаумен ақтауға болмайды. Шыңғысханның батысқа жорықтары да ғылымда өзінің тиісті бағасын алған.
Солай бола тұра, тарихтан белгілі мына бір жағдайларды да естен шығармағанымыз жөн. Империялар тарихына шолу мынаны дәлелдеп отыр. Қарудың күшімен құрылған мемлекет жергілікті халықтың топтасуын жеделдетіп, оның өз тәуелсіздігі үшін толассыз күрес жүргізіп, міндетті түрде, ерте ме, кеш пе өз мемлекетін құруына алып келеді. Империя саясаты осыған итермелейді. Шыңғыс хан негізін қалап, ұрпақтары жүзеге асырған Монғол империясының (Алтын Орда) тағдыры да осылай аяқталды. Соның бір көрінісі Қазақстан аумағындағы XІΥ-XΥ ғғ. құрылған феодалдық мемлекеттер (Шыңғысхан ұрпақтарының құрған мемлекеттері), Қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының (қазақ хандары Шыңғыс-Жошы-Орда Ежен ұрпақтары) құрылуы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет