Тақырып: «Жеткіншек жаста мазасызданудың нормада және ауытқуда көрініс беруі»


Педагог - психологтың жеткіншектердің мазасыздануын алдын-алу жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделі



бет14/26
Дата19.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#129497
түріРеферат
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
Соңғысы Абылай 07.05.2020
ИНТЕР2, 6 класс тжб сараптама[1]
1.3. Педагог - психологтың жеткіншектердің мазасыздануын алдын-алу жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделі
Эмоционалды мазасызданудың түзету жұмыстары тұлғалық бұзылулардың әр түріне (тұтығу, психикалық дамудың кешеуілдеуі және т. б.) сәйкес кешенді түрде және өзгеше сипатта жүргізілуі тиіс.

Кешенді түзету жұмыстары келесідей бағыттардан тұрады:



  1. Медициналық реабилитация (оңалту).

  2. Әлеуметтік-педагогикалық реабилитация – ол әлеуметтік маңыздылықты қайта құру мен мектеп жағдайларына бейімділікті жақсартуды қарастырады.

  3. Психологиялық реабилитация – тұлғаның девиациясының белгілерін жою.

Медициналық қызметкерлердің, мектептегі мұғалімдер, психологтар т.б. бірігіп атқарған жұмыстары жеткіншектер мазасыздануының төмендеуіне жол ашса, күнделікті өмір шарттарына жеткіншектің бейімделуіне жағдай жасайды (әлеуметтік бейімділік), демек, тұлға дамуына жағымды жағдайлар жасайды [8].

Бұл бағыттарды қысқаша сипаттайық:

Медициналық түзету жұмыстары (коррекция) – бұл өзге реабилитациялық іс-шараларға негіз болатын іргелі жұмыс. Дәрігер психологиялық және әлеуметтік реабилитацияның ұйымдастырушысы, басқарушысы, қадағалаушысы болып табылады. Мазасыздану түрлі ауру-сырқаулардың құрамдас бөлігі болуы мүкін, сондықтан тек ауруды ғана емес, сонымен қатар ол аурумен қатар жүретін бұзылыстарды емдеу керек. Психофармокологиялық құралдар, емдік дене жаттығулары, физиотерапия, әуенді жаттығулар, еңбек терапиясынан басқа психотерапияның түрлі әдістері қолданылады, олар қиындықтарды біртіндеп жоюға түрткі болады.

Педагогикалық түзету жұмыстары – мектепте оқыту барысында жүзеге асырылады. Әлеуметтік реабилитацияның қажетті элементтерінің бірі болып жеткіншектердің күнделікті бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсету табылады. Бұл олардың эмоционалды тонусының жоғарылауына, еріктік қасиеттерді тәрбиелеуге, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, психиканың жалпы қалыпты қызмет етуіне жол ашады.

Психологиялық түзету жұмыстары – қабылданған талаптар жүйесінде «тиімді модельге» сәйкес келмейтін психикалық дамудың ерекшеліктеріне түзету енгізу әрекеттері. Бұған емдеу әдісі ретінде психотерапияны, алдын алу әдісі ретінде психокоррекцияны жатқызуға болады.

Психологиялық әсер етудің ерекше формасы ретінде психологиялық түзету жұмыстары теоретикалық түрде психологияның іргелі ережелеріне негізделеді, олардың негізгілері келесідей:



  1. В.И.Мясищевтің теоретикалық концепциясында жасалынған ереже, ол ереже бойынша жеке тұлға маңызды қатынастар жүйесінің жемісі болып табылады, сондықтан тиімді психотерапия және психокоррекция жұмыстары түзету үрдісіне жеткіншектің өзі мен оның отбасын қатыстырмай мүмкін болмайды.

  2. А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясының ережесі, ол ереже бойынша даму үрдісіне оң әсер ету – дамудың басты әрекеттеріне басшылық ету, ал бұл жағдайда балаларды тәрбиелеу жұмыстарына және баланың басты іс-әрекеттеріне әсер ету.

  3. Д.Б.Эльконин жасап шығарған ереже, ол ереже бойынша ойын әрекетінің түзетушілік мүмкіншілігі адам әлеуметтік-ұйымдастырылған ойындық жаттығулар үрдісінде қатынасатын жаңа әлеуметтік қатынастар тәжірибесінде.

  4. С.Л.Рубинштейннің адамдар арасындағы психологиялық қатынастардың түрлері туралы тұлғаның теоретикалық концепциясының ережесі.

Психологиялық алдын-алу жұмыстарының әдістері сан түрлі. Оларды негізгі бағыттардың ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде топтастыруға болады, олардың ішінде:

  1. Мінез-құлықтық бағыт

  2. Іс-әрекеттік бағыт

  3. Когнетивті бағыт

  4. Психоаналитикалық бағыт

  5. Экзистенциалды-гуманистік бағыт

  6. Гештальт-терапия

  7. Психодрама

  8. Денеге бағытталған терапия

  9. Психосинтез.

10)Трансперсоналды бағыт.

Балалардың жүйке-психикалық аумағын емдеу үшін ата-аналарды, балалар мекемелерінің медико-педагогикалық персоналын, халақтың кең бұқарасын невротикалық күйлердің алдын алу және болған жағдайда оларды емдеу жұмыстарымен таныстыру қажет.

Демек, балалар мен жеткіншектер психотерапиясының міндеті тек ауру симптомдарын жоюмен шектелмейді, сонымен қатар, қайта бейімделу мен қайта әлеуметтендіруге жағдайлар жасау.

Түзету әдістерінен басқа психогигиена мен психопрофилактика әдістері де бар.

Психогигиена – адамның жүйке психикалық саулығын сақтау мен нығайту, психикалық аурулардың алдын алу туралы ғылым.

Психопрофилактика – психикалық аурулардың алдын алуға бағытталған түрлі іс-шаралардың күрделі жүйесінен тұратын жалпы профилактиканың бір бөлімі. Психогигиена мен психопрофилактика бір-бірімен тығыз байланысты, оларды тек шартты түрде ажыратуға болады.

Профилактиканы алғашқы, екінші және үшінші профилактика деп ажыратады. А.П.Слободянник өзінің «Психотерапия» кітабында біріншіге мыналарды жатқызады:


  • Провизорлы (қоршаған ортаның, әлеуметтік жағдайлардың, отбасының, еңбек үрдістерінің сауығуы).

  • Генетикалық (генетикалық кеңестер).

  • Эмбриологиялық (әйелдерді емдеу, жүктілік пен отбасы гигиенасы т.б.).

  • Постнатальді (дамудағы ахауларды табу) [10].

Екінші профилактиканың мақсаты бастылып келе жатқан психикалық ауруды тоқтату болып табылады. Оған жататындар:

  1. Ерте диагностикалау;

  2. Сауыққанға дейін емдеу;

  3. Ұзақ мерзімді қолдап тұрушы ем.

Үшінші профилактикаға созылмалы аурулардың алдын алуға арналған іс-шаралар жатады. Осы мақсатта келесілер қолданылады:

  • Дәрілік терапия;

  • Аурудың болмысы мен қоршаған ортасын сауықтыру;

  • Тұлғааралық қатынастарды қадағалау;

  • Ауруларды жұмыспен қамту.

Жалпы алғанда, түзету мен алдын алу жұмыстарының міндеті жоғары тәуекелдік топтарға қатысты жүзеге асырылатын қайта құруларға, тәуекелдің психологиялық факторлары болып табылатын жағымсыз психологиялық жаңаруларды қайта өзгертуге, баланың өзгелермен гармониялы қатынастарын қайта қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырылған психологиялық әсер ету шараларын жүзеге асыру болып табылады.

Педагог - психологтың жеткіншектердің мазасыздануын алдын-алу жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделі


Мақсаты: жеткіншектердің мазасыздануының алдын-алу жұмысын жақсарту

(2-сурет көрсетілген)


Мақсатты компонент

Теориялық -әдістемелік компонент

Бағалау-нәтижелік компонент


Критерийлер: мотивациялық, белсенді, рефлексивті

Көрсеткіштер: ерте диагностикалау, коммуникативтілік, өзіндік бағалау деңгейін жоғарылату, сенімділік, дәрілік терапия;







Теориялық негіздері: Мектепішілік мазасыздану тесті (Филлипс бойынша); «Басса-Дарки»әдістемесі; Д.И.Фельдштейн теориясы; А.М.Прихожанның эмоционалдық тұжырымдамасы.




Әдістер: сауалнама, тест, әңгімелесу, жаттығулар, сұрақ-жауап, ойындар

Принциптері: субъективтілік, даралау, бірізділік, жүйелілік


Мазмұны: жеткіншектердің мазасыздануының алдын-алу жұмыстары бойынша педагогикалық-психологиялық қызметті ұйымдастыру


Қызмет түрлері:

оқу, ойын,тәрбие, қарым-қатынас, байланыс








Құралдар: психологиялық ертегілер, ойын формалары: психологиялық тренингтік әдістер: өзін - өзі бақылау және өздерінің мазасыздануына талдау



Нәтижесі: жеткіншектердің мазасыздануының алдын-алу жұмыстарын арттыру.

2-сурет. Педагог - психологтың жеткіншектердің мазасыздануын алдын-алу жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет