Тақырып: Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Науқастың жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылу жағдайында баға беру


Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау



бет6/18
Дата11.05.2022
өлшемі244,58 Kb.
#142794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Лекциялық материал-2
СОЖ №15 2
Кәржілік артериясынан тамыр соғуды аныктау


Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.
Қорсеткіштері: науқастың жағдайын бақылау.
Тамыр соғуын анықтайтын жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.
Тамыр соғу қасиеттері : ырғақ, жиілігі, толу, кернеулік, көлемі.
Әзірле: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа манипуляция түралы түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.

  2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.

  3. Қолыңызды антисептикпен тазартыңыз.



  1. Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.

  2. Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.

  3. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егерде тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

  4. Тамыр соғу ырғагың анықтаңыз.

  5. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.

  6. Тамыр соғу толуын бағалаңыз.

  7. Тамыр соғу кернеулікті анықтаңыз.

  8. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық эдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жазыңыз.

  9. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.

  10. Қолынызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту:



  • қалыпты тамыр соғу ырғағын екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, тамыр соғу ырғағын толқының арасындағы аралық бойынша аңықтайды. Егерде күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ырғағты. Тамыр соғу ырғағы бұзылғанда, тамыр соғу толқынында алмасу тамыр соғуы ырғағы дурыс емесе байқалады;

  • тамыр соғу жиілігін аңықтау (егерде тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішіндегі тамыр соғу толқынының (соққынын) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уақытын қадағалап байқайды:

қалыптағы тамыр соғу 1 минутта – 60-80 соққы
тамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса – жиі – тахикардия
тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса – жәй – брадикардия

  • артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша тамыр соғу толысуын бағалаңыз, ол жүректің систолдық көлемімен байланысты. Тамыр соғу – толық, бос, жіп тәрізді болады;

  • тамыр соғудың кернеуліғің анықтау. Кәржілік артериясын кәржілік сүйегіне қысу қажеттілігі. Тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін және тамыр соғудың кернеулігін бағалайды.

тамыр соғу –орта кернеулі
тамыр соғуы күшті (қатты)
тамыр соғуы әлсіз (жұмсақ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет