Тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтық тәрбие берудің мән-мағынасы



бет2/3
Дата25.01.2017
өлшемі0,55 Mb.
#7793
1   2   3

2.ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАҒЫ ӘДІСТЕР

2.1 Музыка сабағындағы шығармашылық қабілетті  дамытуда тәжірибелік жұмыстар

Мектепте қажетті білім алу, тәжірибе жинақтау, шығармашылық белсенділік пен қызығушылықты қалай ұйымдастыруға болады? Бұларсыз оқушылардың музыкалық шығарманы үйренуге, игеруге деген ынта-ықыласын ояту мүмкін емес. Бізге балалармен бірге жұмыс істеудің алуан түрлі тәжірибесі белгілі. Жалпы білім беретін орта мектептердегі тәсілдер ұлттық аудиториямен  жұмыс істегенде айтарлықтай нәтиже бере қоймады. Тәжірибе жұмысы үш бағытта жүргізілді. Олар: орындау, сүйемелдеу және шығарманың көркемдік келбетін анықтау. Бұл бағыттар негізінен бір-бірімен сабақтасып жатқандықтан, оларды жеке-жеке талдамас бұрын шығармалық тапсырма берілгенде оқушы белсенділігінің деңгейін байқататын сабақ үлгілеріне тоқталу қажет болады. Бастапқы жұмыс кезеңі. Балалар дыбыс бояуы, ауқымы (регистрі) жағынан әр түрлі аспаптарда «Елім-ай» әнінің шағын, зарлы да әсерлі, сонымен қатар, бейнелі әуенін орындайды. Әнді үйрену барысында өзге тәсілдер де қолдануға болады. Алғаш балалар бірте-бірте жоңғарлар, артынан қайта орнына түсетін «Елім-ай» әуенін толық айтуға дағдылылынады. Сол негізде шығарманың құрылымы орындаушылық еркешеліктері тұтас қамтылған соң, музыка аспабының сүйемелдеуімен  қайта айтылып, ептеп өңдеу, көркемдеу, құбылту тәсілдері қолданылды. Ән музыкалық аспапта ойналып, соңынан толығымен айтылып пысықталды. Осы жұмыс барысында оқушылар әуенді жатқа орындап, кейбіреуі мұғалімнің көмегімен С – moll әуезіндегі алғашқы ноталарды атап та берді.

Сөйтіп оқушылар тәжірибе барысында мына дағдыларды: а)  қарапайым музыкалық шығарма сипаттарын айқындауды; ә)  басқа баланың ән айтуын, аспапта орындауын тыңдауды; б)  тыңдағанын талқылап, одан қорытынды жасауды; в)   естіген әуенін аспапта қайталауға; г)   өздері талдаған әнді есіне сақтап, қайталауды меңгерді.

Музыка сабағында әр кез жаңа материалдар игеріліп, сабақ сайын берілген тапсырмалар күрделендіріліп отырылады.

Мысалы, сабақ барысында Тұрмағанбет Ізтілеуовтың термесінен мынадай жолдар оқылады:     Қабаға қарсы ұмтылма ер дегенге, Сартапқа тұқым шашпа жүр дегенге…

Балалар терме жолдарының мазмұндық сипатына қызыға ден қояды, жыр жолдары классикалық қара өлең құралымында сай келгендіктен балалар оған әуен шығаруға да талпынды. Осы ізбен балаларға өз бетінше терме үйрену тапсырылды. Ал келесі сабақта балалар шығармашылық белсенділігінің арта түскенін аңғардық. Орындалған әрбір термені балалар мұқият тыңдап, бағалап отырды. Мұның өзі  олардың талғамын, көркем туындыға сын көзбен қарау қабілетін өсіруге ықпал еткенін байқатады. Сабақ процесінде балаларды бірін-бірін тыңдауға, бір-бірінің пікірімен санасуға дағдыландыру ісі де жолға қойылып отырады. Оқушылардың бірі белгілі аймаққа тән терме үлгісін шабытпен шырқаса, екіншісі басқа аймақта жиі айтылатын термені шама-шарқынша орындап, ортаға салды, үшіншісі – музыкалық – эпикалық үрдістегі талдау орындаса, төртіншілері – аспаптық шығарма ойнаумен шектелді. Терме сөзін үйрену барысында қызықты педагогтық сәттерге кез болдық. Бір оқушы бұрын өзіне белгілі поэзиялық мәтінді дәстүрлі әуенге салып орындады. Әрине, оның әуені дегеннен әсем әрі шебер шықты дей алмаймыз. Кейде ол он бір буынды ұйқасқа жеті өлшемді ырғақты қосып отырғанын сезбей де қалады. Көп ұзамай балалар шығарманың поэзиялық және композициялық нысандарын ажырата білуді меңгере бастады. Кейде ойдан шығарған терме саздарына олар пікір айтып, талдау жасап отырды. Балаларды музыкалық аспапта орындалған әуенді сол қалпында қайталап шығуға үйрете жүріп олармен жұмыс істеудің түрлі әдістерін қарастыруымызға тура келді.

Мысалы: 1) Оқушы естіген музыкалық әуенін, оның ырғақ-сазын жеке дауыспен болмаса музыкалық аспаппен орындап шығуы керек.

2) Оқушыларға жеке дауыспен немесе музыкалық аспаппен сұрақ – жауаптық жүйеге құралған терме әуенін қайталап шығу ұсынылды. Алдымен ырғаққа салып мәнерлеп орындау тапсырылды. Кейін олар ырғақты музыкалық аспаптарында орындады. Барлығына берілген үй тапсырма – нақты ырғақтық жүйеге әуен жазу болды. Келесі сабақта оқушылар жазған әуендерін айтып, орындады. Бұл тәжірибелер оқушылар тарапынан асқан қызығушылық тудырды. Мұның өзі олардың ашылуына себеп болды. Кейде ауызша мәтін ырғағына да, күн ілгері берілген ырғаққа да көңіл аударылып, балалардың мәтінді өз еркінше ырғақтауға мүмкіндік берілді. Осындай тәсілмен оқушылар кезекті шумаққа әуен шығаратын болады. Оқушыларға әуен шығару тапсырмалары үнемі беріліп отырылды. Әрине, қиыншылықтар да туып отырды. Себебі оқушылар фортепьяно (болмаса баян аспабын) еркін қолдана алмайды. Олар өз қиялында туындаған әуенді ғана елестете алады.   Сезіну, қабылдау қасиетін дамыту – музыкалық шығармашылық қабілеттің ең қажетті буындарының бірі қарапайым музыкалық  сұрақ-жауап, әннің бір бөлігін қайталаудың өзі музыкалық сезімді тәрбиелеу болып табылады. Бала шығармашылығындағы ең қолайлы әдіс те осы музыкалық сезім нышанын тәрбиелеу болмақ. Музыка – тыңдау, көркем қабылдау, түйсіну процестерімен тығыз байланысты пән. Бұл реттен, ең алдымен, балалардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу мәселесін нысанаға аламыз.

Оқушыларды ән, терме айту ғана емес, аспаптық сүйемелдеу ісімен тығыз байланыста баулығанда ғана елеулі нәтижелерге қол жетпек.

Кез-келген оқу-тәрбие жұмысы сол мәдени – музыкалық мұрамызға негізделуі шарт.     Мектептегі музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп көркемдік аталуына, шынайы сезінуге, одан рухани ләззат алуға, өмір жолы ой толғауға ізгілікті мұрат-мақсаттарға жетелеп өнегелі істерге баулиды. Эстетикалық талғамын қанағаттандыра отырып, музыка жөнінде түсінігін кеңейтуде, ой-өрісін дамытуда, жоғары сапада болуы үшін құрылған музыка сабағының маңызы өте зор.  Сабақты ұйымдастыру формасы басқа сабақтар сияқты музыка сабағы да оқушылар  қабілеттеріне, икемділігіне, қызығушылығына қарай бөлінбейді бәрі бірдей тәлім алуы тиіс. Сабақтың ұзақтылығы, материалдарды түсіндіру, пысықтау, өткен сабақтардан алған білімін тексеру. Сабақта қолданылатын іс-әрекеттер формасының қабілеттеріне қарамастан сабақтың тұтас болуы белгілі. Бірінші сабақта қолданылатын іс-әрекеттер түрлері оның мақсатына, тақырыбына қарай анықталады. Негізгі әдістері: түсіндіру, ауызша баяндау, проблемалық жағдай туғызу. Музыка сабағының басқа сабақтан айырмашылығына, ерекшелігіне келсек негізгісі өнер сабағыны екендігі, музыканы оқыту барысында ақыл-ой мен эмоция, түсіну мен сезіну қатар жүзеге асырылады. Келесі ерекшелігі музыканы тыңдап, қабылдау барысында адамның психологиясына, физиологиялық процестеріне кемелді түрде әсер етеді. Музыка сабағы эмоция мен саналылықтың бірлігін қамтамасыз етіп сабақтың әрбір элементі оқушының белсенділігін, қызығушылығын арттыруы тиіс. Оқушыларды өмірден, музыкадан тіпті өтілген сабақтан көрген тәжірбиелерін тереңдете түсуі белсенділігін арттыру, жаңа ережелермен танысу, алған білімдерін бекіту.



Синтез және анализ – шығармалардың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білу, оны талдау. Мысалы «Қос алқа» мен «Қара жорға» ұқсастығы: күй, домбырада, оркестрде орындауға болады, билеуге болады. Айырмашылығы: екпіні, сипаты, ырғағы, құрылысы тағы басқа. Сондықтан сабақ өткізілместен бұрын алдын-ала мақсаты мен міндеті және оларды іске асырудың жолдары, мазмұны мен құрылысын, оқыту әдістері мен құралдарын тәрбиелік, білімділік мәнін дамытпалы мүмкіндіктерін анықтап алған жөн. Музыка сабағының кестесінде қай уақытта өтілетініне де назар аударған жөн. Музыка сабағы қандай пәндерден кейін қойылғанын да ескеру керек. Музыка сабағында күтпеген жағдайлар  болып тұрады. Электр тоғы жоқ, күйсандық ойнамайды, аспап істен шықты, музыка мұғалімінің тамағы ауырып қалды тағы сол сияқты. Осындай жағдайлардан жол тауып сабақты сәтті өткізіп шығу мұғалімнен ерекше дарындылықты, тапқырлықты қажет етеді.  

Сабақтың мақсаты мен міндетін ойлай отыра мазмұны мен құрылысын, құралын және әдісін табу сабақтың нәтижесіне жетудің жолы, қорытындысы. Сабақтың мазмұнында әр түрлі шығармалар бар. Олардың сипаты, көңілі болады. Біртұтастылығын табу сабақтың әр түрлі іс-әрекетінің бірізділігі, сабақтың эмоциялық суреті, бір шығармадан келесі шығармаға көшу сыныптың эмоицялық көңілін көтеру, балалардың ықыласын, көңілін табу мұғалімнің табысы.

Мысалы бірінші сыныпта балалар  «Апорт деген тәтті алма» әнін үйренсе «Күз ырғағы» атты әнді тыңдайды, күз әуенін тыңдап сурет салады.

Сабақты құру кезінде балалардың  физикалық, физиологиялық ой-өрісіне ықпалын тигізіп, әр сыныптың  ерекшелігін байқау, дер кезінде іс-әрекеттерді ауыстыру, ол балалардың ықыласын, назарын, құштарлығын төмендетпейді. Сондықтан мұғалім иілмей жағдайға байланысты өз жұмысына шығармашылықпен қарап, әр сабақты қайталайтын болады. Музыка сабағы өнердің бір саласы болғандықтан мұғалім білімді болып қана қоймай сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге  асырады және де оқу пәні ретінде оқушының пейіл, сезіммен эстетикалық идеал ретінде тәрбие құралы деп есептеуге болады.



Сондықтан музыка сабағы педагогикалық-психологиялық заңдылықтарға сүйене отырып жоспарланады, яғни оқушылардың жас ерекшеліктері, қабылдау мүмкіндіктері, ой-санасы, қиялы тағы басқа.

Мектептегі музыка сабағының негізгі мақсаттары: оқушылардың музыка мәдениеттілігін тәрбиелейді. Ол деген эстетикалық сезімін қалыптастыру, әрі қарай дамыту музыкалық ой-өрісін кеңейту, талғамын тәрбиелеу, композитордың шығармашылығымен, өмірінен мағлұмат алу. Шығармалардың сипатын, образын ашуда, қолданылған мәнерлігін анықтап, шығармаға қандай көрік беріп тұрғанын қарастырады, музыкаға деген қызығушылығын, эмоциялық көзқарасын қалыптастырады, әр шығарманың мәнерлік құралдарын ажырата алатын болады. Сурет салу, музыка туралы өз ой-пікірін айта білетінін жеткізу, халық музыкасын білу, тану, түсіну, музыка ән жанрларының түрлерін ажырата білуін тәрбиелеу. Сондықтан музыка сабағында оқушылар бәрі бірдей тәлім-тәрбие алады. Музыка сабағының айырмашылығы, ерекшелігі  оның өнер сабағы екендігін сезеді.

Ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген ата-баба күмбірлі күй, асыл ән арқылы бала бесігін тербетіп, ой-санасын парасаттылыққа тәрбиеледі.

Оқулық бағдарламада негізінен ойлы да сазды, философиялық айтар ойы бар халық әндеріне көңіл бөлінеді. Сұлу сазды, кең диапазонды халық әндерін нақышына келтіре орындау, оны үйрету алғашқыда оңайға соқпайды. Халық әндерінің қыр-сырын меңгере алмай үлкен вокалдық партияларды айту мүмкін емес. Нағыз әншінің шеберлігі халық әндерін айту арқылы қалыптасады десек артық кетпейміз.



Дауыс - адамға берілген табиғи құрал. Ән үйрету процесінде оқушыға қажырлық пен ұстамдылық, әнге деген сүйіспеншілік қажет. Оқушы алғаш ән айтқанда, фортепьяно үнін тыңдап түрлі дыбыстарды ажырата білуге үйренеді. Осы кезеңде әннің орындалуына байланысты дұрыс артикуляция, терең тыныс алу және дыбыс аппаратының күшеюіне көңіл бөлу қажет. Ән үйрену процесінде оқушының негізгі музыкалық қабілеттері: есту, ритм, эмоционалды көңіл-күйі дамиды. Ән-дыбыстандыру кезіндегі күрделі процесс. Оқушы репертуарына тек қана халық әндері емес, Қазақстан композиторларының кәсіби әндерінің бай туындыларын да енгізу қажет.

Е. Брусиловский, А. Жұбанов, Л. Хамиди, М. Төлебаев, Е. Рахмадиев сынды композиторлардың әндері, романстары оқушылардың сүйіп айтар туындыларына айналды. Ән үйрету кезеңі. Құнды идеялық және көркемдік жағынан тартымды шығармаларды (әндерді) таңдау мұғалімнің негізгі міндеті болуға тиіс. Репертуар таңдау үшін мұғалім оқушылардың орындау мүмкіншілігін, өсу деңгейін міндетті түрде ескеруі керек. Қандай бір қарапайым ән болса да, мұғалім оны үйретуге кіріспес бұрын алдын - ала әнді орындауға қойылатын барлық талаптарды белгілеп алуы тиіс: тыныс алу, динамикалық белгілері, музыкалық сөйлемдерге (фразаларға) бөлу, үйренуге қиын ырғақ өрнектері, интонациялық таза айтуға назар аударатын тактілер, күрделі сөздер, оны дұрыс және анық айту жолдары, т.б. Осындай жан - жақты талдау жүргізу мұғалімнің өз оқушыларына әнді үйрету барысында қандай әдіс - тәсілдер керек екендігін анықтауға көмектеседі. Оқушыларға әнді үйрету мына кезендерді қамтиды: кіріспе әңгіме, әнді орындап көрсету, тыңдаған әнді талдау (әңгіме), әнді үйрету, мәнерлеп орындауға дағдыландыру.Қысқаша ән үйрету барысындағы іс - әрекеттерге сипаттама. 1) Кіріспе әңгіме. Әнді үйретуден бұрын мұғалім шығарманың мазмұнымен сипаты туралы, авторлар туралы, т.б. кіріспе әңгіме өткізеді. Мақсаты - оқушылардың назарын ән үйретуге дайындау. Үйрету барысында ең бастысы музыкалық есту қабілетін дамытып, есту қабілетінің ықыласын тәрбиелеу. Композиторлар, әннің сөзін жазған ақындар, шығу тарихы, композитор өмірінен қызықты оқиғалар жайлы қысқа да нұсқа әңгімелер айтуға болады; 2) Әнді орындап көрсету. Әнді алғаш рет оқушыларға таныстыра білу өте маңызды. Мақсаты: үйренетін әнге балалардың қызығуы, ұнатуы, оны қабылдауы мен мәнерлеп, әдемі, жұмсақ, құлаққа жағымды орындап беру. 3) Көрсетілген әнге талдау - әңгіме. Мақсаты - әннің көркемдік образын белгілеу және орындауға құштарлығын көтеру. Әннің көркемдік құндылығын, мәнін, мазмұнын тереңірек жеткізу. Ән туралы талдауда сипатын, мазмұнын белгілеу, композитор қолданған мәнерлік құралдарын табу және орындау жолдарын белгілеп, музыкалық тілін түсіну. Қосымша көрнекілік құралдар қолдануға бейнелеу өнері, әдебиетіне, тарихқа байланыстыруға болады. 4) Әнді үйрету. Әнді үйрету сыныптағы балалардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау мүмкіндіктеріне байланысты жүргізіледі. Дегенмен де әнді үйретудің барлық жастағы балаларға ортақ жолдары бар. Көрнекілік пен техникалық принципі қолданылады. Сондықтан үйретудің жолдары: фразамен, жолмен үйретеді, сонан соң, толық шумағын айтқызады. Қайырмасы болса дәл солай баулынады. Ал, интонациялық жағынан қиын жерлеріне, ырғақтық, жылдам айтылатын сөздер (дикция) қиыншылығы кездесетін жерлермен мұғалім өте тыңғылықты жұмыс жүргізуді қажет етеді. Жоғары регистрдің дыбысына таза интонациялау үлкен білімділікті, дауысты үнемі шынықтыруды талап етеді.

Интонация жағынан қиын жүрістерді үйренуге негізгі әуенді жұлқыламай, ән құрылымының тазалығын сақтай отырып байланыстыра орындау абзал.

Ән – халық мұрасы. Халық әндері – сарқылмас қазына.

Ән деген -  ән салу, көңіл көтеру емес, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән – табиғат суреттемесі. Ән – халықтың көркем ой – санасы, көркем тарихы. Ән - өмір айнасы. Әншілік дағдыларының құралдары арқылы әннің мазмұны мен көңіл – күйін, көркем образы мен сипатын түсіне білу, сезіне және де мәнерлеп орындау шеберлігін арттыру қажет. Әнді жай ғана мәнерлеп орындау, оның музыкалық интонациясын, нәзік иірімдерін дәл сезініп, оны бар болмысымен жеткізе білуге баулу міндетіміз.  



2.2. Музыканы тыңдай, қабылдай білуге тәрбиелеу әдістері

Бүгінгі таңда музыка мамандарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі -  ата–бабаларымыздай музыканың құдіретін терең түсініп, оны өзінің рухани азығы етіп адам өмірін нұрландыруға ат салысатын музыкалық білімді азамат тәрбиелеу. Ал, оның түп –тамыры, негізі – музыканы қабылдай білуде жатыр, оны тәрбиелеу, тәрбиелеудің әдісінде. Бұл мұғалім мен оқушының арасындағы әртүрлі  әдіс арқылы іс-әрекеттің бірлігі, осы әрекетте негізгі жүктеу – арқау мұғалімдікі. Баланы музыка тыңдауға тыңдай отырып, оны саналы түрде қабылдауға баулу, музыкалық тәрбие беру тұрғысындағы күрделі міндеттердің бірі. Музыканы қабылдау музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі. Кез-келген түрі деген ол музыка таңдау, хормен ән айту, музыкалық білімдерін арттыру, нота сауаты, ырғықтық – музыкалық қимылдар, балалар, шулы – соқпалы аспаптарда ойнау, музыка сабағында  балалардың шығармашылығы т.б. Музыканы қабылдау – ол жалпы білім – беретін, мектепте балаларға музыкалық тәрбие берудің негізі. Музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу, оның заңдылықтары музыка пәні мұғалімінің басты назарында болуы тиіс. Музыканы қабылдау – барынша күрделі процесс. Оған арқау – шындықтың көркемдік бейнесін, сәулесін сезіне, ести және толғана білу. Музыка тұтас күйінде, өзінің мәнерлік құралдары арқылы әсер етеді.



Бұл деген – ладогармониялық қалып, бояу, қарқын, динамика, метроритм, күші, екпіні т.б. Олар шығарманың сипатын, көңіл-күйін жеткізеді. Шығарманың негізгі түйіні өмірдегі қбұлыстармен, адамның сезімдерімен байланысып, астасып жатады. Музыканы тыңдау процесіне балалардың жас ерекшеліктерін – ескере отырып, кеңірек тоқталамыз. 7-8 жастағы балалар әдетте музыканы таңдап отырған сияқты болып көрінеді. Негізінде олай емес, тәжірибе көрсеткендей, көлемі ұзағырақ болса да тез екпінде орындалатын көңілді, динамикалық белгілерге бай шығармаларды балалар шаршамай тыңдайды да, қысқа да болса бір сарынды орындалатын шығармалардан жалығып кетеді. Сондықтан, мұғалім тыңдау үшін репертуар таңдауда өте мұқият болғаны жөн. Бірінші кезеңде балаларды орындалып жатқан музыканы бастан-аяқ тыңдауға және естуге үйрету негізі міндеттердің бірі болып саналады. Музыканы тыңдауда мынадай төрт кезеңге бөлуге болады: 1) Кіріспе әңгіме; 2) Шығарманы тыңдау; 3) Шығарма туралы әңгіме – талдау; 4) Қайталап тыңдау (бекіту). Бірақ төрт кезеңге тек шартты түрде ғана емес, әр сабақ барысында сол сабақтың тақырыбына, мазмұнына қарай музыка тыңдауды осы көрсетілген төрт кезеңнің әрқайсысынан бастауы мүмкін. Қалай болғанда да мұғалім музыка тыңдауда балаларды алдын-ала ұйымдастыра білуі тиіс. Мысалы: сұрақтар қою, бағыттама беру, қандай іс-әрекеттер, неге көңіл аудару керек, т.с.с. Тыңдар алдында белгілі композитордың өмірі, шығармашылығы, шығарманың шығу тарихы, орындаушылар туралы, өмірде кездесетін бейнелеу, суреттеу сәттер жайлы айтуына болады. Сонда ғана тыңдалатын шығарманың мазмұны, құндылығы, композитордың стилі ашылады, есте сақтап сезінетін болады. Музыканы тыңдап, қабылдай білуінің жемісті болуына сол тыңдалатын шығарманың орындалу сапасы өте әсер етеді (мәнін жеткізе алмаса, жазылғаны сапасыз болса, әңгіме нашар болса, сөйтіп, музыкалық тәрбие беру жұмысындағы үлкен саланың бір - музыканы тыңдау өз деңгейіне көтере алмайды). Музыка тыңдағанда мұғалімнің жүріс-тұрысы  , өзін ұстауы өте үлкен роль атқарады. Ал, өзі орындаса, нотасыз орындаса - оның тәрбиелік мәні бар, оқушылар алдында үлкен абыройға ие болып, сыйластыққа бөлінеді. Күйтабақ, аудиотаспа, бейнетаспада тыңдау үшін , алдын-ала тыңдап, дыбыс күшін, сапасын тексеріп – балалармен бірге «тыңдаушы» болады. Шығарманың сипатына орай - түрлі ырғақтық қимылдар жасатуға, аспапта қосылып орындауға, оның негізгі әуенін үйренуге болады. Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында ғана емес, сабақтың барлық кезеңінде де жүзеге асырылады. Мысалы, ән үйрену үшін алдымен тыңдау керек, сонан соң орындау барысында интонация тазалығына, мәнерлігіне назар аудару керек. Соқпалы аспаптармен ырғақ өрнегін орындағанда, әуенін, би қимылдарын жасағанда, қалай өзгеретінін байқап, сол көңіл – күйді жеткізе білсе – осының бәрі қабылдау кезеніне жатады.

1) Кіріспе әңгіме. Бастауыш сыныпта кіріспе әңгіме өте қысқа, ең маңыздысы, баланың сезімталдығына, күйзелісіне бағытталсын. Балаларды музыка қабылдауға қызығушылығын арттырып, алдын-ала ұйымдастыра білуін талап етеді. Бұл деген композитор, ақын туралы қысқаша мағлұмат беру, шығарманың аты, кім орындайды (қандай аспап, дауыс т.с.с.), шығарманың шығу тархы, оқиға т.б. Тыңдар алдында қойылатын сұрақтарға назар аудару (Жауапты шығарманы тыңдағансын жауап береді).

2. Шығарманы тыңдау (қабылдау).

Кіріспе әңгіме арқылы музыкалық шығарманы қабылдауға балалардың қызығушылығын арттыру үшін сол тыңдалатын шығарманың орындалу сапасы өте әсер етеді. Орындалатын шығарманың мәнін мұғалім балаларға жеткізе алмаса, мұғалімнің шығарма туралы айтқан әңгімесі оның мазмұнына ашық болса, бала ол шығарманы қабылдайды. Сөйтіп, музыкалық тәрбие беру жұмысындағы үлкен саласының бірі - музыка тыңдау, өз деңгейіне көтеріле алмайды.

Оның себебі әртүрлі: а) музыкалық шығарманы орындауға мұғалім дайын емес; ә) күйтабақ, күйтаспада жазылған шығарма сапасыз болады; б) балалардың ықыласы кіріспе әңгімені қабылдады, ал тыңдауға (қабылдауға) шамасы жетпеді; в) тыңдалатын шығарма өтілетін тақырыпқа сай келмесе, көрнекілік құралдармен жабдықталса (суреттер, табиғаттың көрінісі, композитордың портреті, арнайы кабинет емес т.б.) Сондықтан,  мұғалім өз шамасына қарай шағын шығарманы өзі орындап берсе, не музыканы жақсы меңгеретін оқушыларды орындауға дайындаса, не жақсы сапалы жазылған күйтабақ, күйтаспа арқылы тыңдатса дұрыс нәтеже берері сөзсіз. Музыканы тыңдап отырған кезде сөйлеуге, мұғалімге сұрақ беруге болмайды. Еркін отырып, қозғалмай, байсалды тыңдауына жағдай жасауына тәрбиелеп, түсінуі қажет. Әуел бастан оқушыларды музыканы тыңдай, қабылдай білуге дағдыландырса, тәрбиелесе, музыка орындалып жатқан кезде сыныпта тыныштықты сақтай білсе - адам толғанады, сезімталдығы қалыптасады да тыңдаушылық мәдиниеті өз деңгейіне көтеріледі де музыкаға деген сүйіспеншілігі мен құрметтілігі қалыптасады.

3) Тыңдалған шығармаға  талдау жасау (әңгіме құрастыру). Балалардың музыкалық сөздік қоры шамалы болғандықтан, әңгіме ұзаққа созылмасын, көп сөзді болмасын. Сондықтан, бастауыш сынып оқушыларына мұғалім жауап бере алатындай жеңіл сұрақ қою керек, балаларды қорытындылау, салыстыру тапсырмаларын орындауға көмектесу керек. Әңгіме еркі, қызықты, жанды өту керек. Бала дұрыс жауап бере алмаса жазалауға болмайды, қайта тыңдалған шығарма туралы біртұтас пікір, оның авторы, аты туралы, оның сипаты мен мәнерлік құралдары туралы әңгіме туғызу қажет. Мектеп дайындығына музыкалық талдау ерекше: ол, қарапайым талдау, талдау-әңгіме, көркем –педагогикалық талдау.

Көркем –педагогикалық талдау арқылы оқушыны музыкаға деген қызығушылық, әуестену, ұнату жүйелілік пен бірізділік арқылы асырылады да музыканың негізгі заңдылықтарына сүйеніп –түсінеді. Талдау жай ғана емес, балардың елестеуін оятып, музыкалық-есту елестеуін, өзіндік ассоциациясының дұрыстығын қалыптастырады. Сондықтан, қоғам өміріне байланысты, жеке адам тұлғасына байланысты композитор, дәуір, тарих, оқиға т.б.  хабарламалар талдау кезінде анықтау ролін атқарады. Талдау кезінде мұғалімнің бейнелік, айқын, мәнерлік сөзі үлкен роль атқарады.



4) Қайта тыңдау (бекіту).

Қабылданған музыкалық шығарма қайта тыңдауды қабыл етеді. Неге? Қабылдау процесі бірнеше  сабақта жалғасады, тіпті тоқсанда, жылдарда болсын. Ол деген, сабақтың тақырыбына байланысты, балалардың есту қабілетіне байланысты, музыкалық ой-сезімінің дамуына байланысты. Музыкалық шығарманың жаңа бейнесінің қыры, шығарманың мазмұнын, сипатын терең түсіну үшін, жеке жаңа элементтерін табу, т.б. балаларға шығарма түсінікті, жақындығы, қалауы өте айқын. Қайталағанда музыкалық шығарманың  үзіндісі, тақырыбы, бөлімі, тіпті толық тыңдалуы мүмкін. Ол сабақтың тақырыбына байланысты.

Мысалы: Батыс өңіріндегі әншілік пен күйшілік дәстүрінің туын тіккен киелі мекенінде дүниеге келген Ғарифолла Құрманғалиевтің өмірбаянына тоқталу. Ғарифолла «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Біржан-Сара» сынды көптеген операларда 20-дан астам операларда ойнайды.

Қорытынды айтар болсақ, музыканы қабылдау – баланың рухани өмірі мен адамгершілік кемелі қалыптасады. Сондықтан, ұсынылатын бағдарламалар тоқталсақ, оқушыларды қызықтыру керек, сабақтың тақырыбына сай болып жатқан іс-әрекеттерге эмоциялық қарым-қатынасты дамыту, музыканың жайын, сұлулығын түсініп, музыкалық өмірмен байланысты екенін түсініп, қабылдау сезімталдығын қалыптастырып, музыкаға берген құштарлықты, ынталықты дамытудың қажеттілігі. Музыканы қабылдағанда – сапалы түрде, образдардың сипатын түсіну, идеялық негізін ұғуға үйрету. Тақырыпқа байланысты музыканы қабылдаудағы мақсаты, әдіс-тәсілдері т.б. шаралар, нұсқаулар келтіреміз:



1-сынып. Музыкалық шығармаларды тыңдағанда оның түрлерін анықтау:

Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні», халық әні «Бесік жыры», халық күйі «Нар идірген», «Тепең көк», «Ақсақ құлан» - күй-аңыз, әңгіме, елестету т.б.

Дархан даланың үні-сыбызғы, табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз, саздан туған сазсырнай, аңыздан жаралған аспап-жетіген.

Ұрып ойнайтын аспаптар: тұяқ, мүйіз, дабыл. Оркестр т.с.



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет